344 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
асырса да, эукариоттық клеткаларда көптеген көмекші белоктар, соның ішінде Rad52
белогы гомологты рекомбинацияның белгілі бір реттілікпен, әрі нақты іске асырылуын
қадағалайды (
5.51-сурет
). Көмекші белоктардың саны өте көп және олардың қалай
әрекет ететіні әлі белгісіз болып отыр. Рекомбинанттық репарацияны іске асыратын
белоктар клеткамен өте көп мөлшерде өндіріледі және ядрода инактивті күйінде шашы-
раңқы түрде орналасады. ДНҚ зақымы орын алған жағдайда олар тез арада зақымдану
сайттарына жетеді, сонан кейін активациялану көмегімен «репарациялық зауыттарға»
бірігеді (
5.52-сурет
).
Гомологты рекомбинацияны іске асыратын және реттейтін компоненттердегі мута-
циялар ісіктің кейбір түрлеріне бейімділікті арттырады. Осылардың екеуі, Brca1 және
Brca2 белоктары, тұңғыш болып анықталды, олардағы мутациялар сүт безі ісігін туды-
рады. Осы мутация- лар гомологты рекомбинацияның репарациялық эффективтілігін
төмендететіндіктен, кейбір клеткалар жиынтығында ісік пайда болуы мүмкін. Brca1
гені бұзылған ұштар процессингісінің ерте кезеңін реттейді. Сондықтан процессингтен
дұрыс өтпеген ұштар гомологты рекомбинация көмегімен репарациялана алмайды.
Ал Brca2 гені Rad51 белогымен байланысады да, оның ДНҚ тізбегіндегі полимериза-
циялануын тежейді және қажеттілік пайда болмағанша оны инактивті күйде ұстайды.
Қалыпты жағдайда Brca2 белогы Rad51 белогын зақымдану сайтына жеткізеді және
біртізбекті ДНҚ-ға босатады.
Гомологты рекомбинация мейоз үшін өте маңызды
Біз гомологты рекомбинацияның нуклеотидтік тізбектері ұқсас болатын екі қостізбекті
спираль арасында, ДНҚ тізбектерін алмастыру мақсатында, реакциялар түрлерінің –
үзілген ұштар процессингі, тізбек алмасу, шектеулі ДНҚ синтезі мен лигирлеу – іске
асырылатындығын көрдік. Оның ДНҚ-ны мұқиятты түрде репарациялаудағы рөлін
талқылағаннан кейін біз оны әртүрлі хромосомалардың арасындағы материалдың ал-
Достарыңызбен бөлісу: