Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет309/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

5.51-сурет
Rad52 белогы бөлігінің 
құрылымы. Осы құрылым 11 суббөліктер 
құрылады. Бір тізбекті ДНҚ белок бетінде 
орналасқан терең атызға енгізілді. Rad52 
тізбек алмасуын іске асыратын нуклео-
протеин жіпшесін түзетін Rad51 белогын 
бір тізбекті ДНҚ-ға тиейді. Осыған қоса, 
Rad52 қос тізбекті спиральді қалпына 
келтіру мен гомологты рекомбинацияны 
аяқтауға көмектеседі (M.R. Singleton et al., 
Proc. Natl Acad. Sci. USA 99:13492-13497, 
2002 көзінен National Academy of Sciences 
рұқсатымен қолданылды).


344 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
асырса да, эукариоттық клеткаларда көптеген көмекші белоктар, соның ішінде Rad52 
белогы гомологты рекомбинацияның белгілі бір реттілікпен, әрі нақты іске асырылуын 
қадағалайды (
5.51-сурет
). Көмекші белоктардың саны өте көп және олардың қалай 
әрекет ететіні әлі белгісіз болып отыр. Рекомбинанттық репарацияны іске асыратын 
белоктар клеткамен өте көп мөлшерде өндіріледі және ядрода инактивті күйінде шашы-
раңқы түрде орналасады. ДНҚ зақымы орын алған жағдайда олар тез арада зақымдану 
сайттарына жетеді, сонан кейін активациялану көмегімен «репарациялық зауыттарға» 
бірігеді (
5.52-сурет
). 
Гомологты рекомбинацияны іске асыратын және реттейтін компоненттердегі мута-
циялар ісіктің кейбір түрлеріне бейімділікті арттырады. Осылардың екеуі, Brca1 және 
Brca2 белоктары, тұңғыш болып анықталды, олардағы мутациялар сүт безі ісігін туды-
рады. Осы мутация- лар гомологты рекомбинацияның репарациялық эффективтілігін 
төмендететіндіктен, кейбір клеткалар жиынтығында ісік пайда болуы мүмкін. Brca1 
гені бұзылған ұштар процессингісінің ерте кезеңін реттейді. Сондықтан процессингтен 
дұрыс өтпеген ұштар гомологты рекомбинация көмегімен репарациялана алмайды. 
Ал Brca2 гені Rad51 белогымен байланысады да, оның ДНҚ тізбегіндегі полимериза- 
циялануын тежейді және қажеттілік пайда болмағанша оны инактивті күйде ұстайды. 
Қалыпты жағдайда Brca2 белогы Rad51 белогын зақымдану сайтына жеткізеді және 
біртізбекті ДНҚ-ға босатады.
Гомологты рекомбинация мейоз үшін өте маңызды
Біз гомологты рекомбинацияның нуклеотидтік тізбектері ұқсас болатын екі қостізбекті 
спираль арасында, ДНҚ тізбектерін алмастыру мақсатында, реакциялар түрлерінің – 
үзілген ұштар процессингі, тізбек алмасу, шектеулі ДНҚ синтезі мен лигирлеу – іске 
асырылатындығын көрдік. Оның ДНҚ-ны мұқиятты түрде репарациялаудағы рөлін 
талқылағаннан кейін біз оны әртүрлі хромосомалардың арасындағы материалдың ал-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет