Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет307/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   330
5.49-сурет
RecA белогымен катализ-
денетін тізбек инвазиясы. Осы реак-
ция туралы біздің түсінігіміздің негізгі 
бөлігі RecA-ның бір және қос тізбекті 
ДНҚ мен байланысқан құрылымда-
рының рентген сәулелік диффракция 
көмегімен алынған нәтижелерінен 
алынды. Осы ДНҚ құрылымдары 
(RecA белогысыз көрсетілген) суреттің 
сол жағында көрсетілген. Жоғарыдан 
бастап, АТФ-пен байланысқан RecA бір 
тізбекті ДНҚ-мен ассоциацияланады 
да, оны элонгациялық күйде ұстайды. 
Осы күйде үш негізден құрылатын топ-
тар бір-бірінен ұзарған және бұралған 
қаңқамен бөлінеді. Келесі қадамда, 
бір тізбекті ДНҚ-мен байланысқан 
RecA ДНҚ дуплексімен байланысады 
және оны тұрақсыздандырады. Нәти-
жесінде RecA белогы бір тізбекке ДНҚ 
дуплексін 
комплиментарлылыққа 
тексеруге мүмкіншілік береді. Егер 
ұқсастық табылмаса, бір тізбекті ДНҚ-мен байланысқан RecA дуплекстен диссоциацияланады және 
ол жаңа ізденіске кіріседі. Ұзарған ұқсастық табылған жағдайда құрылым АТФ гидролизінің көмегімен 
ажырайды да, RecA диссоциацияланады және ДНҚ-да бір тізбек алмасуы орын алады. Осы реакция-
ның нәтижесінде гетеродуплекс түзіледі (PDB коды: 3CMX.)


342 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
«тізбектер биіне» оралады және үзілген тізбек гомологты тізбекпен бірігеді. Алдымен 
арнайы нуклеазалар үзілген тізбектің 3’-ұшындағы бірнеше нуклеотидтерін жояды да 
оның жабысқақ ұшын қалдырады. Келесі қадамда тізбектер алмасуы процесі жүреді. 
Үзілген тізбек гомологты тізбекте комплементарлы аудан іздейді. Негіздер жұбын құру 
орныққаннан кейін ДНҚ-полимераза ферменті үзілген тізбекті матрицалық тізбек не-
гізінде нуклеотидтермен толтырады. 
Тізбектердің алмасуы RecA/Rad51 белогымен іске асырылады
Гомологты рекомбинацияның барлық қадамдарынан тізбектер алмасуын елестету 
қиын. Үзілген тізбек ДНҚ дуплексін гомологияға қалай тез арада тексереді? Гомология 
анықталғанда алмасу орын ала ма? Матрицалық ДНҚ-ның тұрақтылығы қалай бұзыла-
ды?
Бұл сұрақтардың жауабы осы қадамды іске асыратын белоктың құрылымдық және 
биохимиялық зерттеулерінен алынды. E.coli-де RecA, ал барлық эукариоттық орга-
низмдерде Rad51 белоктары, тізбектер алмасуын іске асырады. Тізбектер алмасуын ка-
тализдеу үшін Rad51 белогы үзілген тізбекпен байланысады да, ДНҚ-белок филаментін 
түзеді. Нәтижесінде осы филамент құрамындағы ДНҚ 
қалыпсыз күйге ауысады: қатар орналасқан үш нукле-
отидтер ұсталады және көршілес триплеттер арасында 
ДНҚ қаңқасы тарқатылады (
5.49-сурет
). Қалыпсыз 
ДНҚ-белок филаменті ДНҚ дуплексімен байланысады 
да, оны тұрақсыздандырады және оның ажырауын қоз-
дырады. Осыдан кейін жұптасу процесі жүреді. Жұпта-
су триплеттер арқылы орын алады: триплет жұптасқан 
кезде көршілес триплет сыннан өтеді. Осы жолмен 
жұптаспайтын триплеттер тез арада тізбектердің дис-
социациясын тудырады. Осы жолмен тек ұзын негіздер 
жұптасуы (кем дегенде 15 нуклеотид) ғана үзілген тіз-
бекті тұрақтандырады және тізбек алмасуын тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет