Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет306/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   330
5.47-сурет
ДНҚ гибридизациясы. ДНҚ-ның қос спиральдары өздерінің ажыратылған тізбектерін қал-
пына қайта келтіре алады. Осы процесс екі комплементарлы ДНҚ тізбектерінің кездейсоқ соқтығы-
суына тәуелді болады. Осындай соқтығыстардың басым бөлігі продуктивті емес (сол жақ сурет), 
бірақ белгілі бір бөлігі қысқа қос тізбекті аудандардың қалыптасуына әкеледі (спиарль нуклеациясы). 
Шапшаң «жамау» нәтижесінде қос тізбекті спираль қалпына келеді. Осындай байқап-көру-мен-қате-
лер процесінің көмегімен ДНҚ тізбегі өзінің комплиментарлы жұбын миллиондаған сәйкес келмейтін 
тізбектер арасында табады. 


ГОМОЛОГТЫ РЕКОМБИНАЦИЯ
341
5.48-сурет. 
Қос тізбекті үзілістерді гомологты реком-
бинация көмегімен репарациялау механизмі. Қос 
тізбекті үзілістерді репарациялаудың осы механизмі 
ДНҚ репликацияланғаннан кейін еншілес молекулалар 
жақын орналасқан кезде тез арада іске асырылады. 
Негізінде, гомологты рекомбинацияны икемді реак-
циялар тізбегі ретінде қарастыруға болады. Мысалы, 
репарациялық “дақтың” ұзындығы 5’-процессингі мен 
жаңа ДНҚ синтезіне тәуелді болады (жасыл).
Гомологты рекомбинация ДНҚ-дағы қос 
тізбекті үзілістерді мінсіз түзете алады
Біз ұштардың гомологты емес жалғануының 
матрицасыз орын алуын және жалғану сайтта-
рында мутациялардың туындай алатындығын 
көрдік. Керісінше, гомологты рекомбинация 
қостізбекті үзілістерді нақты түрде түзете 
алады. Гомологты рекомбинация көмегімен 
ДНҚ-ны репарациялау үшін үзілген ДНҚ тіз-
бектері гомологты ДНҚ тізбектеріне жақын 
орналастырылуы тиіс. Осыған орай, гомо-
логты рекомбинация ДНҚ репликациясынан 
кейін орын алады. 
Гомологты рекомбинация көмегімен ДНҚ-
ны репарациялаудың қарапайым механизмі 
5.48-суретте
көрсетілген. Негізінде, үзілген 
ДНҚ дуплексі және матрицалық дуплекс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет