Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет46/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   330
1.35-суретте
 
бірклеткалы эукариоттардың таңғажайып түрлілігі көрсетілген. Әсіресе протозойлар 
1.33-сурет.
 
Клетка 
түрлері 
мөлшері 
мен пішіні жағынан 
әртүрлі бола алады. 
Жануардың 
жүйке 
клеткасы қанның ақ 
клеткасының нейтро-
фил түрімен салысты-
рылған. Екеуі де мас-
штабпен көрсетілген.


ЭУКАРИОТТАРДАҒЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
37
анатомиясы күрделі келеді және 
оларда сенсорлық қылтан, фоторе-
цепторлар, толқынды тербелетін 
кірпік, аяқтәрізді өсінді, ауыз бөлік-
тері, улы жебе мен бұлшықет тәрізді 
жиырылғыш шоғырлар болады. 
Протозойлар бірклеткалы болға-
нымен, олар өзінің әрекеті жағынан 
мультиклеткалы организм сияқты 
шиеленіскен, көпжақты және күрделі 
бола алады (1.27-сурет, 
1.4-
және 
1.5- 
бейнефильм
).
Өзінің ата-тектері мен ДНҚ тіз-
бектері тұрғысынан бірклеткалы 
эукариоттар эукариоттардың, салыс- 
тырмалы түрде, өзінен кейін пайда 
болған көпклеткалы өсімдіктер, 
жануарлар мен саңырауқұлақтарға 
қарағанда алуан түрлі болып келеді 
(1.17-сурет). Прокариоттар микрос- 
копиялық өте майда организмдер 
болғандықтан, көп жағдайда адамдар 
оларға аса назар аудара бермеді. Тек 
қазіргі таңдағы геномдық талдау көмегімен біз олардың тіршілік шежіресіндегі орнын 
анықтауды бастадық және осы таңғажайып организмдерді зерттеу біздің эволюциялық 
өткен өміріміздің шымылдығын аша алады. 
1.35-сурет.
Протозоалардың түрлері: организмдердің алуантүрлі класының бірнеше өкілі. Сурет 
әртүрлі масштабта салынған, бірақ әр суреттегі масштаб сызығы 10 мкм-ді құрайды. (A), (Б) және (Д) 
организмдері инфузориялар; (Ә) Күнсүйгіш; (В) Амеба; (Г) Динофлагелят және (F) Эвглена (M.A. Sleigh, 
Biology of Protozoa. Cambridge, UK: Cambridge University Press, 1973 көзінен алынған).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет