Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


-сурет. Мультиклеткалық даму бағдарлама-



Pdf көрінісі
бет47/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   330
1.34-сурет.
Мультиклеткалық даму бағдарлама-
сының генетикалық реттелуі. Реттегіш геннің рөлі 
есінек (Antirrhinum) өсімдігінің негізінде көрсетіл-
ген. Осы мысалда, реттегіш генді кодтайтын гендегі 
мутация гүлдің орнына жапырақты жас өркеннің 
дамуына әкеледі: реттегіш ген өзгергендіктен, сау 
өсімдік клеткалары өсімдіктің басқа мүшесіне сай 
қасиеттерге бейімделеді. Мутант өсімдік сол және қа-
лыпты өсімдік оң жақта көрсетілген (Enrico Coen мен 
Rosemary Carpenter сыпайлылығымен қолданды).


38
1-тарау. Клеткалар мен геномдар
Ашытқы минимальды модельді эукариот болып табылады
Эукариоттардың молекулалық және генетикалық күрделілігі қорқыныш сезімін ту-
дырады. Биологтар осы күрделілікті ашу үшін өздерінің шектелген мүмкіншіліктерін 
бірнеше таңдалған модельді организмдерге нысаналауы қажет. 
Мультиклеткалық дамудың мәселелерін ескермей отырып эукариоттық клетканың 
ішкі әрекетін талдау үшін бірклеткалы түрлерді таңдау жөн болып көрінеді. Мини-
мальды модельді эукариот ретінде сыра дайындау мен нан ашытуда кең қолданатын 
Saccharomyces cerevisiae ашытқысы (
1.36-сурет
) қолданылады. 
1.36-сурет. 
Saccharomyces cerevisiae
 ашытқысы. (A) Клеткалар кластерінің сканирлеуші электрондық 
микрографиясы. Осы түр бүршіктенетін ашытқы деп аталады; ол ұлғаятын және бастапқы клеткадан 
бөлінетін өскін немесе бүршік түзу арқылы көбейеді. Осы микрографияда бүршігі бар көптеген клетка-
ларды көруге болады. (Ә) Ашытқы клеткасының ядросын, митохондриясы мен жұқа клетка қабығын 
көрсететін көлденең кесіндісінің трансмиссиялық электрондық микрографиясы (A, Ira Herskowitz 
және Eric Schabatach рұқсатымен қолданылды).
S.cerevisiae саңырауқұлақтар патшалығының кіші бірклеткалы мүшесі болып табы-
лады. Ол сенімді және қарапайым қоректік ортада өседі. Басқа саңырауқұлақтар сияқты 
оның қатты клетка қабығы болады, ол, салыстырмалы түрде, аз қозғалады және оның 
митохондриялары болады. Қоректік заттар мол болған жағдайда ол бактерия сияқты тез 
көбейеді. Ол екі жолмен репродукцияланады: вегетативті (қарапайым бөліну) немесе 
жынысты – екі гаплоидты клетканың (геномның бір көшірмесі болады) құйылысуы 
нәтижесінде диплоидты (қосгеномды) клетка пайда болады. Кейін, диплоидты клетка 
мейозға (редуктивтік бөліну) ұшырайды да, гаплоидты екі клетка түзіледі (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет