50 1-тарау.Клеткалар мен геномдар
1.7 Бір ортақ ата-тектен дамығанын болжай отырып, бактериялар, архейлер мен эу-
кариоттар эволюциясын көрсететін тіршілік шежіресінің, теориялық тұрғыдан, қанша
бұтағы бола алады?
1.8 Жер бетіндегі барлық организмдерде рибосомалық РНҚ-ны кодтайтын гендер
консервативті болды, дегенмен, олар уақыт өткен сайын өте баяу дамыды. Рибосомалық
РНҚ гендері асқын немесе басым болып пайда болды ма?
1.9 Репликация, транскрипция мен трансляция сияқты ақпараттық процестерге
қатысатын гендер, метаболизмге қатысты гендерге қарағанда, түрлер арасында сирек
тасымалданады. Қазіргі таңда бір түр мен екінші түр арасындағы гендердің тасымалда-
нуы екі жаққа бірдей қарқында жүремейтіндігінің себептері белгісіз, бірақ бір болжау
бойынша, ол түрлердің екеуінің арасындағы процестердің күрделілігіне байланысты.
Ақпараттық процестерге әртүрлі гендер өнімдерінің кең ауқымды кешендері қатысады,
ал метаболизмдік реакциялар, әдетте, бір белоктан тұратын ферментпен катализденеді.
Ақпараттық немесе метаболизмдік процестердің күрделілігі неге геннің көлденең тасы-
малдануына әсер етуі тиіс?
1.10 Жануарлар клеткаларында өсімдіктерде кездесетін клетка қабығы мен хлоро-
пласттар болмайды. Саңырауқұлақ клеткалары екеуінің ортасында орналасқан; олар-
да клетка қабығы болады, ал хлоропласттары жоқ. Саңырауқұлақ клеткалары клетка
қабығын өндіру қабілетіне ие болған жануар клеткалары ма, әлде хлоропласттарын
жоғалтқан өсімдік клеткаларына жата ма? Осы сұрақ эволюциялық қарым-қатынасты
тек клетка қасиеттері мен морфологиясына сүйене отырып зерттеуге кіріскен жас зерт-
теушілерге қиын мәселе болды. Соңында осы сұрақ қалай шешілді деп ойлайсыз?
1.11 Өсімдік гемоглобинінің гені тұңғыш рет бұршақ тұқымдастарында анықталған
кезде, тек жануарларға тән геннің жануарлардан өсімдікке көлденең ген тасымалы көме-
гімен тасымалданғаны туралы болжау туды. Көптеген гемоглобин гендерінің тізбектері
анықталды және олардың филогенетикалық тармақталуы