Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет68/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)


+
)
түрінде болады. Полярлы молекула су молекулаларымен қоршалған кезде протон 
2.3-сурет. 
Беттері комплементарлы болатын екі макромо-
лекулалардың коваленттік емес байланыстар көмегімен 
байланысуының сызбанұсқасы. Коваленттік емес химиялық 
байланыстар коваленттік байланыстарға қарағанда 20 есе 
әлсіздеу болады. Олар кездейсоқ түрде көп түзілген жағдайда 
ғана берік бола алады. Осы суретте тек электростатикалық 
тартылыстар көрсетілгенімен, екі молекула бірін-бірі ұстау 
үшін коваленттік емес байланыстардың төрт түрі де қатысады 
(
2.1-бейнефильм
).


КЛЕТКАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІ
57
қасындағы молекуланың жартылай теріс заряд-
талған оттегісімен тартылады. Протон өзінің 
алғашқы оттегісінен ажырап, басқа су молеку-
ласымен байланысады да, гидроксоний ионын 

3
О
+
) түзеді (
2.5А-сурет
). Суда қарама-қарсы 
реакциялар үздіксіз жүріп отырады және протон-
дар судағы молекулалар арасында секіріп жүреді.
Суда еріген кезде протондарды босататын 
және Н
3
О
+
түзетін қосылыстар қышқылдар 
деп аталады. Н
3
О
+
иондары көп болған сайын 
сұйықтың қышқылдығы артады. Таза суда Н
3
О
+
ионы 10
-7
М концентрациясында болады (
2.5 
Ә-сурет
). Н
3
О
+
концентрациясы, әдетте, Н
+
кон-
центрациясы ретінде көрсетіледі және рН шка-
ласымен белгіленеді. Таза судың рН көрсеткіші 
7,0 және ол бейтарап болады, қышқылдық ортаның көрсеткіші рН<7.0, ал негіздік орта-
ның көрсеткіші pH>7 болады. Қышқылдар өзінің протондарын беру қабілетіне байла-
нысты күшті және әлсіз болып бөлінеді. Тұз қышқылы сияқты күшті қышқылдар өзінің 
протондарын тез жоғалтады. Сірке қышқылы әлсіз қышқыл, себебі ол өз протондарын 
беріктеу ұстайды. Клетка үшін маңызды қышқылдар – карбоксильді тобы (СООН) бар 
молекулалар – әлсіз қышқылдарға жатады (2.2-панель).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет