Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


-сурет ). Жүйенің  ретсіздік  деңгейі жүйенің энтро-



Pdf көрінісі
бет76/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

2.15-сурет
).
Жүйенің 
ретсіздік 
деңгейі жүйенің энтро-
пиясы көмегімен есеп-
теледі: ретсіздік өскен 
сайын энтропия да өседі. Сондықтан, термодинамиканың екінші заңына сай, жүйелер 
энтропиясы жоғары болатын өзгерістерге қарай кездейсоқ түрде ұмтылады. 
Тірі клеткалар тіршілігін сақтап қалу және өсу үшін, сонымен қатар өзінің күрделі 
организм болып қалыптасуы үшін клеткадағы реттілікті ұйымдастыра отырып, термо-
динамиканың екінші заңын жоққа шығарады. Бірақ бұл қалай мүмкін бола алады? Осы 
сұраққа жауап клетканың оқшауланған жүйе емес екенін жатқызуға болады. Клетка 
энергияны сыртқы ортадан тағам түрінде немесе күннің фотондарынан (немесе кейбір 
хемосинтетикалық бактериялар сияқты тек бейорганикалық молекулалардан) алады. 
Кейін ол осы энергияны клеткадағы реттілікті ұйымдастыру үшін жұмсайды. Реттілікті 
ұйымдастыратын химиялық реакциялардың барысында клетка энергияның бір бөлі-
гін түрлендіріп, жылу ретінде қолданады. Жылу клетка ішіне босатылады да, сыртқы 
ортада ретсіздік тудырады. Нәтижесінде, жалпы энтропия – клетка мен оның сыртқы 
ортасының энтропиясы – өседі (термодинамиканың екінші заңына сай келеді).
Энергияның осылай айналуын реттейтін принциптерді түсіну үшін теңізбен қор-
шалған клетканы елестетіңіз. Клетка тіршілік етуі және өсуі үшін өзінің ішкі ортасын-
дағы реттілікті ұйымдастырады. Бірақ ол молекулаларды синтездеу үшін және оларды 
клетка құрылымдарына ұйымдастырған кезде жылу бөледі. Жылу ең ретсіз энергия 
2.15-сурет.
Ретсіздікке кез-
дейсоқ түрде ұмтылудың 
күнделікті бейнесі. Ретсіздік-
ке ұмтылуды қайтару ынта-
лану мен энергияны қажет 
етеді: ол кездейсоқ емес. 
Негізінде, термодинамика-
ның екінші заңына сай, адам 
ретсіздіктен реттілікті қа-
лыптастыру үшін ретсіздікті 
тудыруға қарағанда көбірек 
энергия жұмсайды.


66 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
түрі болып табылады. Клетка жылуды теңізге босатқан кезде ол теңіздегі молекулалық 
қозғалыстың (термальдық қозғалыс) жиілігін арттырады, нәтижесінде теңізде кез-
дейсоқтық немесе ретсіздік жағдайлары арта түседі. Термодинамиканың екінші заңы 
қанағат, себебі клетка ішіндегі реттіліктің артуы клетка сыртындағы реттіліктің төмен-
деуіне әкеледі (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет