2.16-сурет ).
2.16-сурет. Тірі клетканың қарапайым термодинамикалық талдануы. Сол жақтағы диаграммада
клетка мен қалған бүкіл әлем (заттық орта) молекулалары салыстырмалы түрде ретсіз күйде бей-
неленген. Сол жақтағы диаграммада клетка тағам молекулаларынан энергияны алды және ішіндегі
молекулаларын босаған жылу көмегімен реттілікке әкелді. Босатылған жылу клетканы қоршайтын
ортада ретсіздікті арттырады (жылумен қоздырылған молекулалық қозғалыстардың артуы көрсететін
тісті көрсеткіштер мен ретсіз молекулалармен белгіленген). Нәтижесінде, бүкіл әлемдегі ретсіздік
әрқашанда артуы тиіс дегенді тұжырымдайтын термодинамиканың екінші заңы қанағат болады.
Нақты талдауды 2.7-панельден қараңыз.
Клетка босататын жылу қайдан келеді? Енді біз термодинамиканың басқа заңына
тап боламыз. Термодинамиканың бірінші заңы бойынша энергия бір түрден басқа түрге
айнала алады, бірақ ол тосыннан пайда болмайды және жоғалмайды.
2.17-сурет энер-
гияның бір түрден екінші түрге айналуын көрсетеді. Әртүрлі күйдегі энергия мөлшері
клетка ішінде жүретін химиялық реакциялар нәтижесінде өзгереді, бірақ бірінші заң
бойынша энергияның мөлшері бірдей болуы тиіс. Мысалы, жануар клеткасы қоректік
заттарды қабылдайды және осы заттардағы атомдар арасындағы байланыстардың энер-
гиясын (химиялық байланыстардың энергиясы) молекулалардың кездейсоқ термальдық
қозғалысына (жылу энергиясына) айналдырады.
Егерде жылу энергиясын өндіретін реакциялар клетка ішіндегі молекулалық рет-
тілікті ұйымдастыруға тікелей бағытталмаса, клетка жылу энергиясынан ешқандай
пайда таба алмас еді. Бұл процесс клетканың метаболизмін қалыптастыратын жылу
энергиясының жұптасуы болып табылады. Алдағы уақытта біз осы жұптасудың қалай
орын алатынын көреміз. Қоректік заттар молекулаларының «реттеліп қолданылуының»
биологиялық реттілікті ұйымдастыруға тікелей байланысы клеткаларға, ретсіздікке
ұмтылатын жағдайда, реттілік аралын қалыптастыру және реттілік жағдайын сақтау
үшін қажет.