64 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
реакция арнайы химиялық қозуды қажет етеді. Осы талап өте маңызды, себебі ол клет-
каға оның химиясын реттеуге мүмкіншілік береді. Реттелу процесі арнайы биологиялық
катализаторлар көмегімен іске асырылады. Олар
ферменттер деп аталатын белоктар
болып табылады, дегенмен
рибозимдер деп аталатын РНҚ-лық катализаторлар да бар.
Әр фермент белгілі бір молекуланың қатысуымен жүретін
көптеген реакцияларды
катализдейді. Ферментпен катализденетін реакциялар белгіленген ретпен жүретіндік-
тен тізбектегі реакциялар өзара бір-бірімен байланысты болады. Сондықтан бір реак-
цияның өнімі басқа реакцияның бастапқы материалы немесе
субстраты бола алады
(
2.13-сурет
). Ұзынтізбекті реакциялық жолдар бір-бірімен байланысты және клеткаға
тіршілігін сақтап қалу, өсу және көбею қасиеттерін беретін байланысқан реакциялар
торын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: