КЛЕТКАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІ
61
белоктардың құрамына тек 20 амин қышқылдарының түрлері ғана кіре алады. Осындай
полимерлер тізбегінің бірліктерден түзілуінің кездейсоқ емес екендігінің тіршілік үшін
маңызы зор; бұл бірліктер полимер тізбегіне белгілі-бір ретпен немесе
тізбекпен жалға-
нады. Осындай процестердің іске асырылуындағы ферменттік реакциялардың күрделі
механизмдері 5- және 6-тарауларда қарастырылған.
2.9-сурет.
Конденсация мен гидролиз қарама-қарсы реакциялар болып табылады. Клеткадағы ма-
кромолекулалар конценсация реакциясының көмегімен байланысқан суббөліктерден (мономерлер)
түзілеген полимерлер болып табылады және олар гидролиз реакциясының көмегімен ыдырайды.
Конденсация реакцияларының барлығы энергия жағынан тиімсіз; сондықтан полимердің түзілуі
энергияны қажет етеді.
Ковалентті емес байланыстар макромолекулалардың пішіні мен басқа
молекулалармен байланысу қасиетін анықтайды
Макромолекуладағы коваленттік байланыстар, олар байланыстыратын атомдардың ал-
масуын қамтамасыз ету көмегімен, полимер тізбегіне иілгіштік қасиет береді. Негізін-
де, осы қасиет макромолекулаға кез келген пішінге немесе
конформацияға ие болуын
қамтамасыз етеді, себебі кездейсоқ термальдық энергия полимер тізбегінің айналуына
және бұрылуына мүмкіншілік береді. Дегенмен, кейбір биологиялық макромолекула-
лардың
пішіні көптеген әлсіз ковалентті емес байланыстармен тұрақталады. Егер
ковалентті емес байланыстар қажетті мөлшерде түзілсе, онда полимер тізбегі жоғары
деңгейде белгілі бір пішінді таңдайды. Клеткаларда кездесетін көптеген белоктар мен
РНҚ-ның кішігірім молекулалары дәл осындай жолмен жоғары спецификалық конфор-
мацияға ие болады (
2.10-сурет
).
Биологиялық молекулалар үшін маңызды болатын ковалентті емес қатынастардың
төрт түрін біз жоғарыда талқыладық және олар 2.3-панельде сипатталған.
Сонымен
қатар, мұндай байланыстар биологиялық макромолекулалардың қайталанбас пішінге
ие
болуына қатысуымен қатар, олар екі
әртүрлі молекулаларды
бір-біріне тарта-
тын күшті қатынастарды қалыптастыра
алады (2.3-сурет).
Молекулалық қатына-
стардың осындай түрі жоғары специфика-
Достарыңызбен бөлісу: