Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


кинетикалық энергия 2.17-сурет



Pdf көрінісі
бет78/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

67
кинетикалық энергия
2.17-сурет. 
Энергияның кейбір түрлерінің бір-біріне айналуы. Энергияның барлық түрлері бір-біріне 
айнала алады. Осы процестерде айналған энергия мөлшері өзгермейді. Мысалы, кірпіштің салмағы 
мен орналасу биіктігінен (1) біз оның жерге түскен кезде бөлетін жылу мөлшерін тіркей аламыз.
(2) Су түзілген кезде химиялық байланыс энергиясының жаңа екі молекуланың термальдық қозға-
лысына айналатынын ескеріңіз; бірақ басқа молекулалармен соқтығысу осы кинетикалық энергияны 
лезде қоршаған ортаға таратады (жылу таралуы) және осыдан кейін екі молекуланы басқа молекула-
лардан ажырату мүмкін емес болады.


68 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
Клеткалар энергияны органикалық молекулалардың тотығуынан алады
Жануарлар мен өсімдіктердің клеткалары органикалық молекулалардағы химиялық 
байланыстардың энергиясын қолданады. Мұндай молекулаларға өсімдіктердегі фо-
тосинтез көмегімен түзілетін қанттарды немесе жануарлар қабылдайтын тағам құра-
мындағы кіші және үлкен молекулалар жиынтығын жатқызуға болады. Организмдер 
тіршілік ету, өсу және көбею үшін энергияны пайдалы күйге айналдыруы қажет. Жану-
арлар мен өсімдіктерде энергия қоректік заттардың тотығуы немесе арнайы реакциялар 
көмегімен түзіледі. 
Жер атмосферасында оттегінің мөлшері өте көп, ал көміртегі мен сутегі, энерге-
тикалық тұрғыдан маңызды, ең тұрақты СО
2
және Н
2
О түрлерінде кездеседі. Клетка 
энергияны қанттар мен басқа да органикалық молекулалардан олардың құрамындағы 
көміртегі мен сутегі атомдарының оттегі атомдарымен әрекеттесуі және СО
2
мен Н
2
О 
түзу көмегімен ала алады. Осы процесс аэробты тыныс алу деп аталады. 
Фотосинтез (14-тарауда кеңірек талқыланған) бен тыныс алу комплементарлы үде- 
рістер (
2.18-сурет
). Өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер Жер бетінде өте ұзақ 
уақыт бойы бір-бірімен қатар тіршілік етіп келеді және олардың кейбіреулері басқала-
рының тіршілік ортасының маңызды бөлігі болып қалды. Фотосинтезден түзілетін от-
тегі, аэробты тыныс алу кезінде орын алатын, органикалық молекулалардың тотығуына 
жұмсалады. Ал фотосинтез көмегімен түзілген органикалық қосылыстар жануарлар, 
саңырауқұлақтар немесе бактериялар бөлген СО
2
-ден түзіледі. Осыдан біз көміртегінің 
өңделуі биосфераға қатысты үлкен циклды құрайтынын көріп отырмыз (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет