Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет81/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   330
2.20Ә-сурет
). 
Клеткалар органикалық молекулаларды аса тиімді жолмен тотықтыру үшін фер-
менттерді пайдаланады және осының нәтижесінде энергияны үнемдейді. Ендеше біз 
ферменттер жұмысын және олардың әрекет ету механизмдерін түсінуіміз керек. 
Ферменттер химиялық реакцияларды тежейтін активациялану энергиясының 
бөгеттерін төмендетеді
Біз төмендегі реакцияны қарастырайық: 
Қағаз + О
2
→ түтін + күл + СО
2
+ Н
2
О
Тұтанғаннан кейін қағаз тез арада жанады да, атмосфераға жылу, су мен көмірқышқыл 
газын бөледі. Реакция қайтымсыз, себебі түтін мен күл қағазды қайта қалпына келтіре 
алмайды. Қағаз жанған кезде оның химиялық энергиясы жылу ретінде тарайды, ол бүкіл 
әлемде жоғалып кетпейді, себебі энергия жоқтан пайда болмайды және жоғалмайды да, 
бірақ молекулалардың кездейсоқ термальдық қозғалысы күйінде әржаққа тарайды. Сол 
мезетте қағаздың атомдары мен молекулалары шашыраңқы және ретсіз күйге ұшырай-
ды. Термодинамика тілімен айтқанда осы реакция нәтижесінде бос энергияның – жұмыс 
істеуге арналған немесе химиялық реакцияны іске асыра алатын энергия – босатылуы 
орын алды. 
Біз бос энергияны қысқаша талқылайық, дегенмен негізгі принцип түсінікті: хи- 
миялық реакция бос энергияның босатылуына әкелетін бағытта ғана өздігінен жүреді. 
Сонымен қатар кез келген реакция энергия жағынан тиімді бағытта ғана жүреді.
Дегенмен, қалыпты жағдайда көміртегінің энергия жағынан тиімді күйі СО
2
, ал 
сутегінің тиімді күйі Н
2
О болып табылады. Тірі организм түтінмен бірге жоғалып 
кетпейді немесе сіздің қолыңыздағы кітап өздігінен өртене алмайды. Себебі организм 
мен кітаптағы молекулалар салыстырмалы тұрақты күйде болады және олар төменгі 
энергиялық күйге қосымша энергиясыз ауыса алмайды. Осындай күйдегі молекула-
лар активациялану энергиясын – энергетикалық «түрткі» қажет етеді (
2.21-сурет
). 
Жанған кітапты мысал ретінде қарастырсақ, оның активтену энергиясын жанған сіріңке 
қамтамасыз етеді. Клетка ішінде сулы ортадағы молекулалар үшін активтену энергия-
сы, әдетте, олардың өзара соғылысуы нәтижесінде түзіледі.


КАТАЛИЗ ЖӘНЕ КЛЕТКАЛАРМЕН ЭНЕРГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет