Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет82/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

71
2.21-сурет
Активациялану энергиясының маңызды принципі. (A) Y қосылысы (реактант) салыстыр- 
малы түрде тұрақты күйде және оны Х қосылысына айналдыру үшін энергия қажет (Х қосылысы 
энергиялық төмен деңгейде болса да). Y қосылысы қоршаған ортадан қажетті активациялану энергия 
мөлшерін (а энергиясы мен b энергиясының айырмасы) алмағанша Y қосылысының Х қосылысына 
айналуы жүрмейді. Осы энергия басқа молекулалармен энергетикалық соқтығыстар арқылы алына 
алады. X→Y қарама-қарсы реакциясы үшін активация энергиясы көбіірек болады (а энергиясы мен с 
энергиясының айырмасы); осы реакция сирегірек орын алады. Активациялану энергиясы әрқашан-
да оң болады; дегенмен, энергия тұрғысынан тиімді Y→X реакциясының толық энергия өзгерісі (с 
энергиясы мен b энергиясының айырмасы) теріс болатынына назар аударыңыз. (Ә) Спецификалық 
реакциялардың энергиялық бөгеттері каталитиктер көмегімен төмендетіле алады (d әрпімен таң-
баланған сызық). Ферменттер эффективті каталитиктер болып табылады, себебі олар іске асыратын 
реакцияның активациялану энергиясын күрт төмендетеді.
Тірі клетканың химия- 
сы ерекше жолдармен 
реттеліп отырады, себебі 
ол активтену энергиясын 
азайту жолымен реакция 
жылдамдығын тездететін 
ферменттер атты белок-
тардың арнайы класымен 
қадағаланады. Әр фермент 
субстрат атты бір немесе 
бірнеше молекуламен берік 
байланысады да, байла-
нысқан субстрат жүретін 
2.22-сурет. 
Активациялану энергиясының төмендеуі реакцияның іске асу мүмкіншілігін арттырады. 
Кез келген сәтте бірдей субстрат молекулаларының популяциясында энергиялардың ауқымы бола-
ды (графикте көрсетілген). Әртүрлі энергиялар қоршаған молекулалармен соқтығысу нәтижесінде 
түзіледі және олар субстрат молекуласын шайқалу, тербелу мен айналуға бағыттайды. Молекула хи-
миялық реакцияға түсу үшін оның энергиясы активациялану энергиясының бөгетінен асуы тиіс (үзікті 
сызық). Биологиялық реакциялардың басым бөлігі ферменттің қатысуынсыз жүрмейді. Тіпті фер-
менттік катализ арқылы реакцияға түсуі үшін де субстрат молекуласы энергетикалық соқтығыстарға 
шалдығуы тиіс (қызыл түспен таңбаланған аудан). Температураның артуы да қажетті энергия мөлшері 
бар молекулалар санын арттырады; бірақ ферменттік катализбен салыстырғанда осы процесс таңдал-
малы емес және барлық реакцияларды тездетеді (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет