2. Мақсаты: студенттерде дамудың туа біткен ақаулықтары жайлы түсінікті және олардың механизмдері, қоғамдық денсаулық сақтауға дамудың туа біткен ақаулықтардың әсерін қалыптастыру
3. Тапсырмалар:
3.1. Дамудың туа біткен ақаулығы жайлы түсінік, кездесу жиілігі
3.2. Клиникалық дисморфология: даму ақаулықтары, деформациялар, дизрупциялар
3.3. Даму ақаулықтарының пайда болуына генетикалық және орта факторларының әсері
3.4. Жүрек – қан тамырлар жүйесінің даму ақаулықтары: тамырлардың транспозициясы, жүрекалды және қарынша аралық ақаулықтар, ашық артериалды ағыс, аорта стенозы
4. Орындау түрі: презентация дайындау.
5. Орындау критерийлері: а) тақырып бойынша негізгі әдебиеттерді оқу және таңдап алу;
б) мәліметтерді жүйелеу және өңдеу;
в) рефераттың жоспарын дайындау;
г) библиографияны құрастыру;
д) «Microsoft Power Point» бағдарламасы бойынша презентацияны құрастыру және дайындау
е) «Биолог» атты СҒҮ баяндау
Презентация жасауда қойылатын талаптар: а) презентация «Microsoft Power Point» бағдарламасы бойынша құрастырылады;
б) слайд саны 10-15 аспауы қажет;
в) презентация жасауда слайдқа үлкен текстер жазуға болмайды, жеңіл қабылданатын және сауатты жасалынуы қажет;
г) соңғы слайдта қолданған әдебиеттерді көрсету қажет.