5. Орындалу критерийлері: а) тақырыбы бойынша негізгі әдебиеттерді оқу және жинау;
б) ақпаратты жүйелеу және өңдеу;
в) реферат жоспарын құру;
г) библиография құрастыру;
д) рефератты жазу және бездендіру.
Рефераттың құрылымы: 1) беттік парақ ( талапқа сай безендіру);
2) мазмұны (рефераттың бөлімдерін,бетін ретімен орналастырып номерлеу);
3) кіріспе (талданатын мәселеннің мәнін, маңыздылығы мен өзектілігін көрсету және рефераттың мақсаты мен тапсырмаларын анықтау);
4) негізгі бөлім (рефераттың әр бір бөлімі жеке мәселені немесе оның бір жағын қамту керек және алдыңғы бөлімдермен логикалық байланысты болуы қажет, бұл бөлігіне кестелер, сызбалар, графиктер, суреттер және т.б. енгізуге болады);
5) қортынды (тұжырым жасалынып, реферат тақырыбының жалпы қорытындылары беріледі, ұсыныстар жасалынады);
6) әдебиеттер тізімі.
Рефератты безендірудегі қойылатын талаптар: а) рефераттың көлемі 10-15 бет болу керек (қосымша беттер реферат көлеміне кірмейді);
б) реферат сауатты түрде орындалу қажет, баяндау мәдениеті сақталу керек;
в) баяндалу барысында қолданған әдебиетке сілтеу болуы керек;
г) библиография дұрыс құрастырылуы қажет.
Презентация құрастыру талаптары: а) презентация «Microsoft Power Point» бағдарламасы бойынша құрастырылады;
б) слайдтар саны 10-15 тал;
в) презентациялық слайдтарға үлкен текстер жазыуға болмайды,жеңіл қабылданылатындай және сауатты жасалынуы керек;
г) соңғы слайдта библиография көрсетілуі қажет.
6. Тапсыру мерзімі: «Жалпы генетика негіздері» бөлімінің рубеждік бақылауына дейін.
7. Бағалау критерийлері: барлығы 100 баллмен бағаланады, бұл 100%-ке сәйкес келеді.
8. Әдебиеттер: Архив патологии, № 4, 2002.