Қоздырғыштардың берілу жолдары:
алиментарлық – қоздырғыштар иесінің ағзасына ауыз арқылы аспен, сумен немесе
лас қолмен түседі;
контакттылық – қоздырғыштар зақымдалмаған тері немесе кілегей қабық арқылы
залалданған затпен, топырақпен немесе сумен жанасқанда енеді;
трансмиссивті – қоздырғыштар тасымалдаушылар арқылы беріледі (инокуляция,
контоминация, граттаж);
трансовариальды – қоздырғыштардың аналық жасуша арқыыл бір ұрпақтан келесі
ұрпаққа берілуі.
Трансмиссивті аурулар – қоздырғыштары тасымалдаушылар (қансорғыш
буынаяқтылар) арқылы берілетін аурулар. Арнайы және механикалық тасымалдаушыларды
ажыратады.
Арнайы тасымалдаушылар – ағзасында қоздырғыш даму циклін өткізетін
буынаяқтылар (безгек масасы).
Механикалық тасымалдаушылар – ағзасында қоздырғыштың даму циклы жүрмейтін
буынаяқтылар, тек оардың көмегімен қоздырғыштар кеңістікте орын алмастырады
(шыбындар, тарақандар).
Трансмиссивті аурулар облигатты-трансмиссивті және факультативті-трансмиссивті
деп бөлінеді.
Облигатты-трансмиссивті аурулар бір иесінен екіншісіне тек тасымалдаушы арқылы
ғана беріледі.
Факультативті-трансмиссивті аурулар тасымалдаушы арқылы да, сонымен бірге, басқа
жолдармен: жанасу немесе ас арқылы да берілуі мүмкін.
Қоздырғыш пен иесінің арасындағы арнайы байланысқа тәуелді трансмиссивті
ауруларды келесілерге бөлінеді:
1) зооноздар – тек жануарларға тән аурулар (құстар безгегі);
|