Молодой учёный



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата12.03.2017
өлшемі2,39 Mb.
#8780
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

5

“Young Scientist”   #7.1 (87.1)   April 2015

психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысы 

саналуан. Жоғарыда аталған технологиялардың қай түрі 

болмасын, өзінің мәнін анықтап, сипаттама беруді қажет 

етеді. Қазіргі кезеңдегі ғылыми айналымда 



технология 

және технологиямен байланысты жеке ұғымдарға берілген 

анықтамалар баршылық. Алайда білім беру жүйесінде дәл 

қазіргі кезеңде жүріп жатқан процестердің технология-

сының мәнін ашып, түсіндіретін жалпы анықтама жоқ [1].

«Технология» термині алғаш рет 1940–50 жылдары 

шет елдерде пайда болды және ол педагогикалық процесте 

технологиялық құралдар мен оқыту бағдарламаларын 

пайдалануға байланысты болды. Технология — өнім алу 

барысында шикізаттың, материалдың немесе жартылай 

шикі заттың қалыбын, қасиетін, формасын өңдеу, әзірлеу 

не өзгерту әдістерінің жиынтығы.

Ш. Т. Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының 

аттарын атап көрсетіп, олардың мақсаттарын, тұжыры-

мының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін си-

паттап көрсетеді. Жұмыста педагог-ғалымның зерттеу-

лері басшылыққа алынған [2,3].

Сонымен педагогикалық технологиялардан төменде-

гілерін бөле жарып көрсетуге болады:

Білім беруді ізгілендіру технологиясы — оқушыны 

азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қа-

лыптастыру және дамыту баланың жаны мен жүрегіне 

жылылық ұялату (Ш. Амонашвили).



Ойын арқылы оқыту технологиясы — дидакти-

калық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік 

мақсатқа жету. Ойындық іс — әрекеттің педагогикалық 

механизмі жеке бастық, өзіндік талап — талғамдарына 

сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, 

шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді (Л. С. Ру-

бинштейн, Д. Б. Эльконин, З. Фрейд).

Проблемалық оқыту технологиясы

 — оқушының өз 

бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығар-

машылық икемділіктерін дамыту.

Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы

 — 

(В. Ф. Шаталов) мынаны көздейді — білім, білік, дағ-

дыны қалыптастыру, барлық баланы оқыту, оқытуды же-

делдету.


Түсініктерді қабылдау арқылы оқыту техноло-

гиясы

 — (С. Н. Лысенкова) барлық баланы табысты 

оқыту. Оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі, саралау, 

әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы, бағдарла-

маның кейбір тақырыптатырының қиыншылықтарын жеңу, 

қиын тақырыптады біртіндеп оңайлату әдісін қолдану.

Деңгейлеп саралап оқыту

 — міндетті нәтиже-

лерге негізделген. Білім, білік, дағдыны меңгерту, мемле-

кеттік стандарт көлемінде білім беру. Әр оқушыны оның 

қабілетімен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқытуды 

оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес 

бейімдеу, ыңғайлау.



Бағдарламалап оқыту — (Б. Скиннер,  Н. Краудер, 

В. Г. Беспалько) ғылыми негізде түзілген бағдарлама не-

гізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қаси-

еттерін ескере отырып оқыту.



Оқытудың компьютерлік технологиясы

 — ақпа-

ратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас 

қабілетін дамыту, жеке басты ақпараттық қоғамға да-

ярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей компьютермен қа-

тынасы арқылы орындалады.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды да-

мыту технологиясы — 

(Л. Джинна  Стил,  С. Куртик). 

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік 

бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйре-

тудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке 

жарауын қалыптастырады.

Өз-өздігінен даму технологиясы

 — (М. Монтес-

сори) баланы жан — жақты дамыту, дербестікке тәрби-

елеу, бала санасында нәрселер әлемімен ойлау әрекетінің 

бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи болуы 

керек, сонда бала өзін — өзі дамытады.

Дамыта оқыту технологиясы

 — (Л. С. Выготский, 

Л. В. Занков,  Д. Б. Эльконин,  В. Б. Давыдов)  баланы 

оқыта отырып жалпы дамыту, яғни бала бойында еркіндік, 

мақсаткерлік, ар — намыс қасиеттерін дамыту.



Модульдік оқыту тетехнологиясы

 — (В. Б. Мо-

нахов) оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға 

қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдісті 

түзу, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере ала-

тындай жүйені таңдау және құру. Оқушылармен жүр-

гізілетін қиындықтын алдын алу және түзету жұмысының 

жүйесін жасау. В. А. Максимова технологияларды былай 

ұйымдастыруды ұсынды:

1.  Ойын технологиалары;

2.  Терминдік технологиялар;

3.  Ақпараттық технологиялар;

4.  Диологтық технологиялар;

5.  Құрылымдық ойлау технологиялары

Казіргі кезде В. А. Максимованың бұл топтастыруы әрі 

қарай дамытылып, күрделендіріле кеңейтілді. Жалпы пе-

дагогикалық технологиялар 3 топқа бөлінеді.

Сондай-ақ әрбір инновациялық технологияның өзіндік 

ерекшеліктері бар. Олардың негізгі қарастыратыны оқы-

туды нәтижелі ету.

Педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мәселе — оқушы-

лардың, студенттердің ойлау қабілетін дамытып, өздігінен 

жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру 

болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта 

оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану қолдау табуда.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. 

Инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқыту-

дағы басты нәрсе — бұл білім алу және өздігінен блім алу 

негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту. Жаңа 

білім беру парадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын 

қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты 

негізділік (фундаменталдылық) те шешуші рөлге ие.

Сонымен, инновациялық білім беру өз құрамына жеке 

тұлғалық көзқарасты, білім алудың мықты негіздерін, 

кәсіби шеберлікті, екі мәдениеттің (техникалық және гу-

манитарлық) синтезін, жаңа ақпараттық технология-

ларды қолдануды біріктіреді.



6

«Молодой учёный»  .  № 7.1 (87.1)   .  Апрель, 2015  г.

Пайдаланылған әдебиет:

1.  Қуанбаева Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдірудің дидактикалық шарттары: 

дисс. Пед. ғыл.канд. — Алматы, 2005. — 137 бет.

2.  Таубаева Ш. Т. Оқытуың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп — 1999. — № 4. — Б.5–12.

3.  Таубаева Ш. Т., Лактионова С. Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе 

образования. Алматы, 2001.



Білім беруде В. Ф. Шаталов әдісін пайдаланудың тиімділігі

Абдраманова Гульмира Бостановна, биология ғылымдарының кандидаты;

Примбетова Айгуль Имангалиевна, педагогика ғылымдарының магистрі.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Ә

лемдік өркениетке



  қадам басқан  тәуелсіз Қа-

зақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени 

дамуындағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер 

білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім мазмұнын, 

оқыту әдістемесін жетілдіруде тың ізденістер жасауға 

мүмкіншілік туғызды.

Бүгінде қоғамдық формацияның ауысуы — білім беру 

жүйесіне айтулы өзгерістер мен реформалар енгізгені 

белгілі. Бұған жаңа білім стандартының жасалынуы, төл 

оқулықтарымыздың жазылуы, жаппай компьютерлен-

діру т. б. игі істер дәлел бола алады. Осының бәрі — ХХІ 

ғасыр табалдырығынан аттаған жас ұрпақты ұлттық құн-

дылықтарды, ұлттық мәдениетті танитын, оны өзгеге та-

ныта алатын білімді, жан — жақты қалыптасқан, әлемдік 

өркениетке қол соза алатын, бәсекеге қабілетті дербес 

тұлға тәрбиелеу қажеттілігінен туындайды.

Бүгінгі таңда оқытушылардың алдында тұрған келесі 

әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі оқушыға сапалы 

білім беру. Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім бе-

рудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңісті-

гіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-

тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып 

отыр, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа 

мазмұны пайда болуда. Сонау 1970 жылдардың басында 

Кеңес Одағы дәуірінде, білім беру саласындағы орта білім 

беру жүйесіне көшу реформасы оқушылардың 100% үл-

герімін талап етті. Бірақ бұрынғы оқу жүйесі бойынша 

оқыту осы талапты орындауға мүмкіндік бермеді. Осы 

дағдарыстан шығу мақсатында озық ойлы, тәжірибелі ұс-

таздар білім берудің өзгеше жолдарын қарастыра бастады. 

Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, 

құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа 

идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі 

оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың 

жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, 

тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.

Педагогикалық әдістемелік процестерде В. 

Ф. Ша-


талов әдісі деген атпен енген тірек — сызба белгілерін 

(сигналдарын) сабақта қолдану мұғалімдердің көпшілі-

гінен үлкен қолдау тауып отыр, оқыту процесінде кеңінен 

қолданылуда.

В. 

Ф. 


Шаталов технологиясының ерекшелігіне 

тоқталсақ:

Бірінші ерекшелігі — нақты дәл есептелген оқу про-

цесін құра білу.

В. 

Ф. 


Шаталов бұл құрылымды былай түсіндірді 

«Тірек сигналдары дегеніміз — ойынның элементі, уақыт 

үнемділігі және бала психологиясын қызықты құбылысқа 

бағыттау. Бірақ ең басты мақсат — берілген тақырыпты 

логикалық байланыстар негізінде оқушының түсінуі мен 

ұзақ уақыт есте сақтауы».

Екінші ерекшелігі — уақыт үнемділігі. Мысалы, бел-

гілі бір тақырыпты түсіндіру барысында бірнеше тақы-

рыпты жинақтап, ықшамдап бір-екі тірек сигналына 

сыйдыруға болады. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құн-

дылығын жойған жоқ. Тірек сызба белгілер сабақтың не-

гізгі құрам бөлігі ретінде қолданылады. Мұнда негізінен 

мына мәселелерге назар аударған жөн.

1.  Тірек — сызба белгілерін пәнді жүргізудің ба-

сынан бастаған жөн.

2.  Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану 

керек.

3.  Сызбанұсқаға оқушылармен бірге талдау жүргізіп 



отыру. Сызбанұсқаларды (схемаларды) оқушылардың қа-

тысуымен талдау керек.

4.  Оқушылардың белгілі тақырыпқа сай сызба белгі 

даярлауға негізделген өзіндік жұмыс жасауына мүмкіндік 

беру.

5.  Оқушының топпен және екі — екіден жұмыс жа-



сауына мүмкіндік беру.

Тірек сызбаның артықшылықтары мынада:

1)  оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша 

беріледі;

2)  оқушы оқу материалының ішінен ең негізгісін 

таңдай білуді үйренеді;

3)  оқушы таңдап алған танымдылық — білімдік 

түсініктерін бір — бірімен байланыстырып, қарапайым 

жүйе жасауды үйренеді;



7

“Young Scientist”   #7.1 (87.1)   April 2015

4)  оқушы оқулықпен және қосымша әдебиеттермен 

жұмыс жасауға дағдыланады;

5)  Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін — 

өзі бағалауды үйренеді.

Тірек сигналдары арқылы оқыту өзінің нәтижесін бе-

реді. Атап айтсақ:

Мұғалім:

 

— оқушы білімін тексеруде дидактикалық құрал 



ретінде пайдаланады — мағыналық, логикалық белгілерді 

нақты, қысқа түсіндіреді;

 

— баға қоры молаяды;



 

— оқушы білімі әділ бағаланады.

Оқушы:

 

— берік білім негізі қаланады;



 

— сөйлеу қабілеті дамиды;

 

— тұжырымдап, топшылау дағдылары қалыптасады;



 

— танымдық процесі нығаяды;

 

— қарым — қатынасқажеттілігі қанағаттандырылады;



 

— пәнге деген қызығушылығы артады;

 

— шығармашылығы шыңдалады.



Нәтижесінде мұғалімнің де, оқушының да жасампаз-

дығы артып, жаңашылдыққа бет бұрады.

Оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қа-

былдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағат-

тандыру мақсатында меңгереді. Тірек белгілері арқылы 

оқыту технологиясының негізін қалаған В. Ф. Шаталов 

тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының мынадай 

мақсаттарын — білім, білік, дағдыны қалыптастыру

барлық баланы оқыту; оқытуды жеделдету.

Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының 

ерекшеліктері — үнемі қайталау, міндетті кезеңдік 

бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен 

оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас 

ықпал; ізгілік, еркімен оқыту.

Әр оқушының жобасының жариялылығы түзетуге, өсуге, 

табысқа жетуге жағдай жасау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Бүгінгі таңда мектеп мұғалімінің алдында тұрған келелі, 

әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі — оқушыға тия-

нақты білім беру. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда мектеп 

мұғалімдері іздемпаздықпен оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін 

өз тәжірибесінде үздіксіз қолдана отырып жұмыс жүр-

гізіледі. Жұмыстың нәтижелі болуы кез келген мұғалімнің 

таңдап алған әдісті үздіксіз, үнемі, жүйелі қолдануына және 

оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейін ескеріп оты-

руына байланысты. Сонымен қатар оқушыны оқу жұ-

мысына белсене қатыстырып, оған белгілі бағыт-бағдар 

беріп, қадағалап, жұмысын бағалап отыру — жақсы нәти-

женің негізі. Оқушы білімінің сапасы мен оқытудың тиімді 

болуы таңдап алынған оқыту әдісінің пәрменділік дәрежесін 

көрсетеді. В. Ф. Шаталов әдісін сабақта қолдану мектеп 

мұғалімдерінің көпшілігінен үлкен қолдау тауып, оқыту 

үрдісінде кеңінен қолдануда. Тірек сызба белгілерін пайда-

лану тиімді. Белгілі бір әдіс, белгілі бір кезең өткен соң өзге 

бейнеде түрлендіріп берілсе, онда оқушыларда қайта қы-

зығушылық пайда болып, оларды ізденуге жетелейді.

Тірек сызба белгілерін сабақтарымда қолданамын. 

Мұнда негізінен мына мәселелерге назар аударған жөн:

I.  Тірек сызба белгілерін орта деңгейдегі сыныптардан 

бастау (табиғаттану, өсімдіктану).

II.  Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану.

III. Сызба белгілерді оқушылармен бірге талдау жүр-

гізе отырып даярлау.

 

— Оқушыларға белгілі тақырыпқа сай сызба белгі да-



ярлауға негізделген өзіндік жұмыс және үй тапсырмасын 

беру.


 

— Оқушылардың топпен не екі-екіден жұмыс істеуіне 

мүмкіндік беру.

Тірек сызбабелгілерін пайдаланып оқытудың 

тиімділігі мынада:

1.  Оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі;

2.  Оқушының сызбабелгіні түсінуі үшін ойлау, салы-

стыру, есте сақтау қабілеттерінің мүмкіндік туады;

3.  Оқу материалының ішінен негізгісін таңдай білуді 

үйренеді;

4.  Топпен және өзара бірлесе жұмыс істеуді үйренеді;

5.  Оқушы сызу, сурет салу, өз бетімен шартты белгі 

ойлау, оның мәнін білуге мүмкіндік туады;

6.  Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін өзі 

бағалап үйренеді.

Тірек — сызбаны сабақтың негізгі құрам бөліктері 

ретінде қолданамын. Тірек — сызба — бұл айтылатын 

материалдың бейнелі жоспары, белгілі бір мағынаны біл-

діретін шартты белгілер, сөздер, суреттер және басқа да 

ойға тірек болар белгілердің жүйесі. Қысқа бейнелі түрде 

берілген хабарды кез — келген оқушы тұжырымдап, әрі 

кеңейтілген түрде айта алады. Тірек — сызба баланың 

ойын қозғайды, материалды берік есте сақтауға негіз бо-

лады. Тірек — сызбаны материалды түсіндіруге, бекітуге, 

оқушы білімін тексеруге, қайталау сабақтарында қолда-

намын. Жаңа материалды түсіндіруге қолданатын бел-

гілер — жеңіл жазылатын, суреттер — оңай салынатын 

болуы шарт.

Пайдаланылған әдебиет:

1.  Шаталов В. Ф. Педагогическая проза. М., Просвещение, 1980.

2.  Шаталов В. Ф. Точка опоры. М., Педагогика, 1987.

3.  Шаталов В. Ф. Эксперимент продолжается. М., Педагогика, 1989.

4.  Щуркова Н. В. Педагогическая технология как учебная дисциплина //Педагогика, 1993-№ 2. — С. 66–70.


8

«Молодой учёный»  .  № 7.1 (87.1)   .  Апрель, 2015  г.



Оқу үрдісінде мультимедиа технологияларын қолдану

Абдраманова Гульмира Бостановна, биология ғылымдарының кандидаты;

Таженова Сандугаш Калмахановна, география магистрі.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Қ

азіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік 



ұлттық үлгісі қалыптасуда. Педагогика ғылымында 

баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту тех-

нологияларын шығаруға ұмтылыс көбеюде, оның ішінде 

мультимедиа технологиялары. Мультимедиа технологи-

ялары оқу үрдісін байытады, оқытуды тиімді етуге мүм-

кіндік береді. Компьютерлік технологиялардың ішінде 

оқу үрдісінің қолайлысы — мультимедиалық техноло-

гиялар. Мультимедиа — жаңа бағыт, бұл компьютердің 

ақпараттың көптеген түрімен жұмысы, оған жоғары 

рұқсатпен түсті графика, жүгіртпе және аққыш түстері 

бар динамикалық эффектілер, дыбыстардың дыбы-

сталуы және синтезделген әуеннің дыбыстары, «муль-

тяшкалар», толық түсті видеоклиптер және видеофиль-

мдер кіреді.

ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қа-

нағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей 

міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техни-

каны, интернет, компьютерлік желі, электрондық және 

телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқу-

лықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім 

сапасын көтеру. Бағдарламалы және әдістемелі қамта-

масыздандырулардың жақсартылуы, сонымен қатар 

оқытушылар құрамының квалификациясының жоға-

рылатуында, білім беруде қазіргі ақпаратты техноло-

гиялардың қолданылуы көрінеді. Мәтіндік ақпаратпен, 

графикалы бейнемен, дыбыспен, анимациялы компью-

терлік графикамен бір кешенде жұмыс істеуге мүмкіндік 

беретін қазіргі заманғы техникалы орталар мульти-

медиа — ортасы деп аталады. Мультимедиа технологи-

яларды іске асырудың негізгі ортасы, бейнелеудің ком-

пьютерлік және бейнекомпьютерлік ортасы болып 

табылады.

Мультимедиа — бұл компьютерде дыбысты, ақпа-

ратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнені біріктіріп көр-

сету үшін жинақталған компьютерлік технология. Муль-

тимедиа өзі көптеген мәлімет тасымалдаушылар жиынын 

білдіреді. Мультимедиалық зат құрамына музыкалық 

және ауызекі жетелеу, бейнеклиптер, анимация, графи-

калық слайдтар және мәтіндік базасы кіретін интерактивті 

жиынтық кіреді. Өзіндік бағыттағы «компьютерлік жүйе» 

ретінде Америкада 1990 жылдың басында пайда болды. 

Сол кезде алғашқы программалық жабдықтамалар ком-

пакт дискілер арқылы шыға бастады.

1990 жылы CD — де барлығы 10 мультимедиялық 

бағдарламалар шығарылды, ал бүгін олардың саны одан 

мыңдаған есе артық болып отыр. Мультимедиалық ком-

пьютердің 386-дан жоғары процессорлы жүйелік блок 

512 және одан жоғары килобайт болатын бейнекар-

талы Super VGA монитор, қатты диск, дыбыстық карта, 

CD-ROM диск жетегі, акустикалық жүйе кіреді.

Мультимедиа және гипермедиа — технологияларында 

күшті орналастырылған бөлімдік ресурстар бар, олар 

кілттік компетенциялардық қалыптасу және шығу орта-

ларын қамтамассыздандыруы мүмкін. Оларға ақпаратты 

және коммуникативтік технологиялар жатады. Мульти-

медиа және телекоммуникацонды технологиялар жалпы 

білім жүйесінде жаңа әдістемелік жолдарды ашады.

Мультимедиа (multimedia — көп орталы) — бұл әр 

түрлі физикалық көрсетілімі бар (мәтін, графика, сурет, 

дыбыс, анимация, видео) және әр түрлі тасушыларда ор-

наласқан (магниттік және оптикалық дискілер, аудио 

және видеоленталар) ақпаратты өңдеумен байланысқан 

компьютерлік технологиялар ауданы.

Мультимедиалық оқулықтарды және коммуникаци-

ялық құралдарды қолдану мен оқыту істерін жоғары дәре-

жеде жүзеге асыруға болады. Мультимедиалық оқулық — 

оқушылардың қызығуын арттырып, зейін қойып көрумен 

қатар түсінбеген жалған сәттерін қайталап көруге, 

тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік 

береді және білім алу кезіндегі олардың белсенділігі арта 

бастайды. Мультимедиалық оқулық оқу материалдарын 

демонстрацияланған гармоникалық түрде жеткізеді. Онда 

пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсін-

діріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллю-

страция түрінде әртүрлі суреттер, сұлба, тәсілдер арқылы 

толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен 

көріп, түсініп оны мида бекіту үрбістері бір уақытта өтіп 

отырады да материалдық қорыту үрдісі ұтымды болады. 

Бұлар практикум компьютерлер көмегімен жүзеге асы-

рылады. Ал білімді бағалау тестік жүйе бойынша, ал то-

лықтырушы материалдар интерактивтік компьютерлік 

типте жүзеге асады. Оқытушылар үшін де мультимеди-

алық электрондық оқулық — күнбе-күн дамытылып оты-

ратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Қазіргі заманға сай 

мультимедиалық жүйелерінен тұратын ақпараттық техно-

логияларды оқу үрдісін жоғарылатуда қолдануға болады. 

Сондай ақ құралына виртуалды зертхана мысал бола 

алады. Виртуалды зертханалар нысандарды компьютерлік 

білім беру жүйесінде моделдеуге және жаратылыстану 

ғылымдарының физика, химия, биология және т. б. си-

яқты пәндерін оқып үйренуде жаңа білімдерді меңгеруге, 

үйренуге көмектеседі. Химиялық, физикалық, биологи-

ялық және т. б. білім беруде виртуалды эксперименттерде 

мәні белгіленеді және оның қолданысы ерешеленеді.

Оқытудың компьютерлік технологиялары — ақпа-

ратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының 

танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педа-


9

“Young Scientist”   #7.1 (87.1)   April 2015

гогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік 

техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары 

және интерактивті программалық өнім негізінде жұмы-

стың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, 

құралдары жиыны. Білім беруде компьютерлік технологи-

яларды пайдалану оқыту процесін толық өзгертуге, оқы-

тудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға 

мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құралдары (компьютерлер, 

телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті ин-

терактивті программалық және әдістемелік жабдықтар) 

әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, 

оған қоса олардың оқушылардың өздігінен білім алуын ұй-

ымдастырудағы өзіндік жұмыстарды орындататын әдісте-

мелік құрал ретінде атқаратын жұмысының маңызы өте 

зор. Әрине, қазіргі компьютер мен интерактивті програм-

ммалық-әдістемелік құралдар мұғалім мен оқушының 

әрекеттесу формаларын өзгертіп, мұғалімді оқытушыдан 

гөрі ақылдаса отырып көмектесетін кеңес беруші ретінде 

қарастырады. Ал мұндай өзгеріс оқушының білімге деген 

ынтасын арттырып, сабақтың, нәтижелік бақылаудың 

жаңа модельдерін іздеуге итереді, оқытудың жеке адамға 

бағытталған қызықты түрлерін енгізуді керек етеді.

Мультимедиалық технологиялар — бейнелік және ау-

диоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкін-

діктерді интерактивті программалық жабдықтың басқа-

руымен орындата платын электрондық құжаттарды 

дайындау тәсілдері.

Мультимедиа пайдаланушыға фантастикалық әлемде 

болуға (виртуальды шыңдық), осы әлеммен интерактивті 

араласуына (пайдаланушы қатысады, мысалы, ойындар 

ойнайды т. б.) мүмкіндік береді.

Виртуальды шындық — бұл иллюзиялы дүние, оған 

кіріп (еніп), сонымен ара қатынас жасайды. Виртуальды 

шындық жүйесі — бұл осы енумен арақатынасты қамта-

масыздандыратын иммитациялық программалар мен тех-

никалық құралдардың жиынтығы. Мультимедиа — бұл 

қазіргі техникалық және бағдарламалық құралдарды 

қолдану арқылы интерактивті бағдарламалық қамтама-

сыздандыруды басқарумен орындалатын визульді және 

аудиоэффектілердің өзара әрекеті. Олар бір цифрлік көр-

сетілімде мәтінді, дыбысты, графиканы, фотосуретті және 

бейнені біріктіреді.

Гипермедиа — бұл мультимедиялық объектілер ара-

сында ауысу үшін гипермәтіндік сілтемелер арқылы бай-

ланысқан компьютерлік файлдар.

Бар бағдарламалық құралдар, соның ішінде дайын 

электронды оқулықтар мен кітаптар, сонымен қатар, 

өзіндік деп шығарылған құралдар оқытушыға оқыту 

тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда 

оқытушының ақпаратты өңдеу және алуда көмекшісі Ин-

тернет болып табылады. Оқу орындарында ақпаратты 

экранды түрде беруді жаңа әдістер немесе бөлек оқыту 

әдісі ретіндегі бейнені айтуға болады. Бейне әдісі білімді 

беру үшін бақылауды, қайталауды, бекітуді талдап қоры-

туды ұйымдастыру үшін қолдануға болады.

Қазіргі уақытта бейнеәдістерді қолдану ісі көптеген 

экрандық ақпарат көздерінің — мультимедиалық ке-

шендер, бейнемагнитафондар, бейнепроекторлар, ком-

пьютердің жаңа мүмкіндіктері (мультимедиалық презен-

тациялар, үйренуші бейнефайлдар, желі арқылы оқыту 

ақпаратын көрсету үшін алмастырушы бағдарламалар) 

пайда болуына байланысты талап етіле бастады. Бей-

неәдістер оқыту процесінде қолданылатын ақпарат түр-

лерін тиянақты түрде қарап шығуға, көруге мүмкіндік бе-

реді және ол жаңа материалдарды оқу, қайталау, бекіту, 

талдау және бақылау үшін кеңінен қолданылады, яғни ол 

барлық дидактикалық функцияларды орындауға толық 

мүмкіндік береді. Бұл әдіс соңғы ғылыми жетістіктер 

дәлелденген ақпаратты көрнекі қабылдау принципіне 

негізделген және ол оқушының алған білімін тереңірек 

түсіну мақсатында индуктивтік, дедуктивтік тәсілдеоді 

пайдаланады және олардың әр түрлі танымдылық қасиет-

терін екпінді түрде дамытуға танымдық үрдісін басқарудың 

түрлі-түрлі тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді.

Әдебиет:

1.  Бидайбеков Е. Ы.,  Лапчик М. П.,  Нұрбекова Ж. К.,  Сағымбаева А. Е.,  Жарасова Г. С.,  Оспанова Н. Н.,  Иса-

баева Д. Н. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2014 г.

2.  Байжұманов М. Қ., Жапсарбаева Л. Қ. Информатика. Астана, 2004. —232 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет