Молотов-Лучанский В. Б., Туймебаева А. Т., Туймебаев А. А. Клиникаға кіріспе


Жағдайы ауыр науқастың төсекте аяғын жуу



бет17/22
Дата31.01.2023
өлшемі0,55 Mb.
#64216
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
KLINIKA 1170 A KIRISPE

Жағдайы ауыр науқастың төсекте аяғын жуу.
Жабдықтар: клеенка, жылы су құйылған шара, жеке сабын, жөке, орамал, қайшы.

  1. Пациентпен сенімді қатынас орнату.

  2. Қолды жуып, кептіру.

  3. Қолғап кию.

  4. Паценттің астындағы матрацты тізесінің астына валик тәрізді етіп орау.

  5. Төсекке клеенка жайып, жылы су құйылған тазды қою.

  6. Жеке губканы сабындап, пациенттің аяғын жуу.

  7. Аяқ сүртуге арналған жеке орамалмен аяғын құрғатып сүрту.

  8. Тырнақтарды алу.

  9. Іш киімін және төсек жаймасын ауыстыру ( 7-10 күнде бір рет және қажет болған жағдайда).

  10. Қайшыны залалсыздандыру.

  11. Аяқты жууға қолданған барлық жабдықтарды жинау.

  12. Қолғапты шешіп, қолды жуып, кептіру.



Шаш күтімі


Төсекте ұзақ уақыт жатқан науқастардың шашын күту керек. Ер адамдардың шашын қысқартып алып, басын жуып аптасына бір рет гигиеналық ваннаға түсіреді. Шашы ұзын әйел адамдардың шашын жеке тарақпен тарайды. Қысқа шашты түбінен ұшына қарай, ал ұзын шашты екі жаққа бөліп жайлап, қатты тартпай шаштың ұшынан бастап тарайды. Тісі жиі тарақ шаштағы қайызғақты және кірді жақсы түсіреді. Егер науқастың жағдайы мүмкіндік берсе басын гигиеналық ванна қабылдаған кезде жуады. Науқас тұра алмай жатқан хальде болса оның басын төсекте жуады. Басты жуғанда шаштың астындағы теріні жақсылап сабындау керек, одан соң құрғатып сүрткеннен кейін тарайды. Шашы ұзын әйелдердің шашын жуғаннан соң салқын тимеу үшін мейірбике оның басын орамал байлайды.


Тырнақты алу


Тырнақты алу үшін кішкентай қайшына қолданады. Тырнақты алғанда теріні зақымдап алмау керек. Қолданған қайшыны спирт немесе 0,5% хлорамин ертінідісіне батырылған мақтамен сүртіп залалсыздандырады. Тырнақты аптасына бір рет алады.


Науқастарды жуындыру.
Ұзақ уақыт төсекте жатқан, гигиеналық ванна қабылдай алмайтын және зәрі мен нәжісін ұстай алмайтын науқастарды шап қатпарында нәжіс немесе зәрдің жиналуының әсерінен тері бүтіндігінің бұзылуы және ойылуларын болдырмау үшін күніне бірнеше рет жыныс мүшелерін, шап қатпарларын жуу керек. Жуындыру үшін перманганат калийдің әлсіз ертітіндісін немесе басқа да дезинфекциялық ерітінділерді қолданады. Ерітінді жылылығы 30-32оС. Әсіресе әйел адамдарды жиі жуындырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет