Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет122/181
Дата20.09.2023
өлшемі5,92 Mb.
#109312
түріДиссертация
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   181
ауыс 
(мағынада) 
қолданылуы» [215, 4 б.]. 
Жоғарыдағы анықтамалардың бір-бірінен тым алшақ кетпейтінін 
ескергенде, отандық ғылыми танымда метафора 
«сөздің әуелгі мағынасы өзгеріп, 
ауыспалы мағынада жұмсалуы» 
ретінде орныққан деп айтуға болады. Олай 
болса, біз зерттеу нысаны еткен «мөлшер» ұғымы да көркем тіл майданында 
сөздердің ауыспалы мағынасы арқылы көптеп беріледі. Нақтырақ айтқанда, жеке 
тұрғанда «мөлшер» ұғымын білдірмейтін лексемалар контексте үйірі бөтен 
сөздермен тосын тіркес үстінде мағынасы ауысып, мөлшер семантикасын 
білдіреді. Кейде керісінше, жеке тұрғанда мөлшер семантикасын білдіретін 
лексемалар тосын тіркес үстінде мағынасы ауысып, мөлшерден мүлде басқа 
ұғымдарды білдіреді. Мұндай тосын тіркес шеңберінде туындайтын 
мағыналардың барлығы логикалық байланыстар арқылы жүзеге асатындықтан, 
ол тек эстетикалық құндылықты арқау ететін көркем тіл майданында 
қалыптасады. Осылайша көркем қиялдың нәтижесінде туындаған барлық 
бейнелі ұғымдарды атаулап, мағыналап отырады. Квинтилиан метафора туралы: 
«Ол бір де бір зат атаусыз қалмауына ықпал етеді»
 
дегеніндей, метафора бір де 
бір мөлшерлік шаманың атаусыз қалмауына, 
мөлшерлік таным
кеңістігінен тыс 
қалмауына әрекет етеді. Метафораның өзі әртүрлі. Тавтологиялық метафора өзі 
тіркескен сөзді анықтап, белгілі образ тудырады, сөздің эстетикалық зонасында 
айрықша мағынаға ие болады. Метафора тілдік нысандардың шамасын, мәнін 
тікелей баяндамайды, көңілге, ақылға ұғынықты болатындай етіп сипаттайды. 
Мысалы, 
күніңде өзім болдым деп, кең пейілге таласпа 
(Асан қайғы). Адамның 
пейілі 
абстракті, дерексіз заттық ұғым, ал 
кең
сөз нақты деректі заттық ұғымның 
ішкі кеңістігін көрсететін мөлшерлік ұғым. Тіркесім үйірі мүлде бөтен екі сөз 
тіркескенде, дерексіз ұғым нақты заттық ұғым сияқтанып, мағынасы ауысып, 
ортақ ұғымды сипаттап тұр. Сондықтан 
мөлшерлік метафоралар
да баяндау 
мәнді емес, сипаттау мәнді болып келеді. Біз кезекті сөз еткелі отырған 
мөлшерліктердің айрықша бір үлгісі осы – 
мөлшерлік метафоралар.
Мөлшерлік 
метафоралар дегеніміз – көркем мәтіндерде «мөлшер» ұғымының образды, 
ауыспалы мағынада берілуі. 
Метафора бұл – үдеріс, тілдің тірі өмір сүру, әрекетке, образды бейнеге ену 
үдерісі. Сондықтан бұл үдерісте метафора емес тілдік құбылыстар біртіндеп 
метафораға айналады. Кейде керісінше, метафоралық қолданыстар өзінің әуелгі 
ауыс, образды мағынасын жоғалтып, лексикаланады. Тіпті кей тілдік 
қолданыстар толық метафораға, метафораның жоғары деңгейіне жете алмауы 
мүмкін. Бірақ оған қарап біз оны метафора емес дей алмаймыз. Толық 
метафораға жетпеген, бірақ сол бағытқа қарай жылысып бара жатқан сөздер де 
бар. Бұл метафораланудың өтпелі кезеңінің көрінісі. Тілдің аралық бірліктері, 
өтпелі кезеңде тұрған тілдік қолданыстар тілдің ең қызық әрі ең күрделі 
көріністері саналады. Осы орайда тілдегі метафоралық қолданыстарды түптамыр 
дереккөздер – Орхон-Енисей ескерткіштері негізінде арнайы зерттеген 
Ж.А.Абитжанованың мына бір пікірі орынды айтылған: «Жалпы алғанда, тіл – 
өлі метафоралардың қоймасы деп айтуға болады. Өйткені көптеген метафораның 
ауыс мағынасы ұмыт болып, қалыпты лексика құрамына кірген» [216, 16 б.]. Біз 


153 
осы «қоймадан» бітімі бүлінбей сақталғандарын ғана тани аламыз. Жыраулар 
поэзиясында да осындай сападағы метафоралар кездеседі. Мысалы: 
Ормандай көп
Орта жүз, 
Содан шыққан төрт терек,
Тұғыр болған сол еді,
Сіздей төре сұңқарға 
(Бұқар, Қазақтың ханы Абылай, 100 б.).
Мысалдағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет