Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері



бет5/8
Дата18.12.2022
өлшемі72,95 Kb.
#57987
1   2   3   4   5   6   7   8
Қыпшақтар
Қыпшақ этнонимі алғаш рет VІІ ғасырда кездеседі. Қыпшақ- тар Шығыс Қазақстан өңірін, Ертістің жағасын және Алтай тау- ларын мекендеген.
ҮІІІ ғасырда Қимақ қағанатына тәуелді болған қыпшақтар ХІ ғасырда қимақтардың барлық жерлеріне иелік етеді. Өйткені ХІ ғасырда қимақ қағанаты құлайды. Қыпшақтар Каспийден Сыр- дарияға дейінгі жерлерді басып алады. ХІ-ХІІ ғасырларда Орта Азиядағы түркі тілдес тайпалардың ішінде халқы көбі осы қып- шақтар болды. Оғыздарды Сыр, Арал, Каспий бойынан қыпшақ- тар ығыстырды. ХІ ғасырдың екінші ширегінен бастап жазба деректерде “Оғыздар даласы” Дешті Қыпшақ деп атала бастады. Ал, орыс жылнамаларында қыпшақтарды “половецтер” деп атаған. Сондай-ақ, қыпшақ мемлекеті араб деректерінде “Дешті Қыпшақ қағанаты” деп аталынды. Хандықта билік әкеден бала- ға мұрагерлікпен беріліп отырды. Хандық биліктің орталығы “Орда” деп аталды. Әскери басқару жүйесі оң және сол қанат болып бөлінді. Оң қанаттың орталығы Жайық өзені бойындағы Сарайшық қаласы. Сол қанаттың орталығы Сырдария бойын- дағы Сығанақ қаласы еді. Жалпы, қыпшақ бірлестігіне түрік тілдес қимақ, оғыз, құман, ежелгі башқұрт тайпалары да енген. ХІІ ғамсырдан бастап Арал маңына билік жүргізген кезде құра- мында қаңлылар, қарлұқтар мен жікілдер де болған.
ХІ ғ. қыпшақтар Русь, Византия, Венгрия халықтарымен жан-жақты алыс-беріс жасай бастады. Қыпшақ хандары “Ел бө- рілі” тайпасынан ғана сайланды. Шыңғыс ханның Отырарды ойрандауынан кейін де қыпшақтар тарихтағы өз орнын жоғалт- қан жоқ. Қыпшақ хандығы құлағанымен, оның халқы мүлде жойылып кеткен жоқ. Олар өздерінің тарихи дамуын жалғас- тыра берді кейін қазақ халқының этникалық құрамының негізгі бір таянышыны айналды.
Шаруашылығы. Қыпшақтар негізінен мал шаруашылығы- мен және ішінара егіншілікпен де айналысқан. Оларда тұрмыс- тық кәсіп, қолөнер де жақсы дамыған. Сонымен қатар қыпшақ- тарда ағаш шеберлері, темір ұсталары қалыптасып, зергерлік те жақсы дамыған.
Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.)
Х ғасырдың орта шенінде Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағында Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы Баласағұн қаласы болды. Қарахан әулетінің негізін салушы-Сатұқ Боғра хан. Боғра хан елді түрік кезеңінде басқарды. Қарахандар әулеті Яғма тайпасының өкілдерінен болды. Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін, сияқты түрік тілдес тайпалар кірген. Қарахан мемлекетінің құрылуын тездеткен жағдайлардың бірі - қарлұқ қағанатының ыдырауы болатын.
Қарахан мемлекетінде жер иеленуді “Иқта”, ал иеленуші- лерді “иқтадар” (парсы сөзі) деп атаған. Арабша жерді иелену- шілерді “муқта” деп атаған. ХІ ғасырдың 30-жылдарында Қара- хандықтар мемлекеті шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Батыс бөлікке-Мауреннахр, Ходжент жерлері кірді. Астанасы Бұхара қаласы болды. (кейін Самарқантқа ауысты). Шығыс бө- лікке Жетісу, Шығыс Түркістан жерлері, Тараз, Испиджаб, Шаш қалалары кірді. Орталығы Баласағұн, кейіннен Қашғар қаласы болды. Қарахандықтар мемлекетіндегі билеушілер өз аттарынан теңге шығара алды. ХІ-ХІІ ғғ. Қарахандықтар мемлекеті өзіне Мәуреннахр мен Жетісу жерлерін қосып алды. Екі қағанатқа бөліну кезеңі жарты ғасырға жуық созылды.
Ал, 960 жылы Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады. Қарахандықтардың сәулет өнері ескерткіш- терінің бірі - Қарахан кесенесі. Қарахан мемлекеті алғашқы кезде түрік қағанатының дәстүрлерін жалғастырғанымен, оны экономикалық және әлеуметтік тұрғыда қайталауды жөн көрмеді.
Бұл мемлекет Орта және Алдыңғы Азияның түрік импе- риясында жедел әрі толық дами бастады. 1141 жылы Қарахан мемлекетінің екі хандығының да билігі қарақытайлар қолына көшті. Қарахандар мемлекеті шын мәнінде тарих сахынасынан кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет