Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері



бет2/8
Дата18.12.2022
өлшемі72,95 Kb.
#57987
1   2   3   4   5   6   7   8
Ерте ортағасырлық Түркі кезеңі
Мақсаты: Студенттерге VI-ІX ғасырлар аралығында Қазақстан территориясында өмір сүрген мемлекеттер мен тайпалық құрылымдардың тарихы туралы кеңінен мәлімет беру. Тақырып бойынша деректік материалдар және негізгі әдебиеттерге сүйене отырып.
1. Мәселенің тарихнамасы. “Түркі” этнонимі туралы. Түркі қағанатының құрылуы.
2.Түрі қағанатының гүлденуі, құлдырауы және ыдырауы
2.Батыс Түркі қағанатының Орта Азия мен Қазақстан тарихындағы рөлі.
3.Батыс Түркі қағанатының мұрагері Түргеш қағанаты.
4.Қарлұқ мемлекеті.


Тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдар: Л.Н.Гумилев ењбектеріндегі түркілер, үэтногенез, этнос мєселелері, Түркі қағанатының құрылуының алғышарттары және өмір сүруі, қағандары, мемлекеттік жүйесі, Ұлы Дала территориясындағы орны анықталады.
Тарихнама. Ерте түркі кезеңіндегі Еуразия және оның бір бөлігі болып табылатын Қазақстан көшпелілерінің өмірі қай кезеңде болсын отандық және шетелдік зерттеушілерді қызықтырып келді. ХІІ ғ. түрік тарихшысы Қадыр Әлі-бек ауызша мәліметтерге сүйене отырып өзінің “Тарихи жинағын” шығарды. Онда түркілер кезеңіндегі Дешті-Қыпшақ даласындағы тарихи оқиғалар баяндалады. Абылғазы ханның қаламының ұшына екі маңызды тарихи туындылар “Түріктер шежіресі” және “Түркмендер шежіресі” (ХҮІІ ғ.) деп аталатын ерте және гүлденген орта ғасыр, оғыз, қыпшақ, қаңлы тайпаларының Қазақстан тарихи жағрафиясында пайда болуы жайында айтылады.
Орыс ғалымдарынан В.В.Григорьев, Н.Н.Пантусов, Н.А.Аристов, Н.Я.Бичурин, В.В.Радлов сияқты ғалымдарда өз үлестерін қосты. В.В.Бартольдтың “Түрік-монғол халықтарының тарихы” (1927) деген еңбегінде Махмұд Қашғаридың материалдары негізінде халықтар мен тайпалардың Қазақстан жеріне орналасу көрінісін жеткілікті дәрежеде баяндаған. Қазақстанның тарихи-шығыстанушылық зерттеулерінің бастапқы кезеңі А.П.Чулошниковтың, С.Д.Асфендияровтың, М.Тынышбаевтан басталады. Олардың ғылыми ізденістері жаңа деректемелер тартуға, қазақтардың және оларды құрайтын компоненттердің тарихын басқа да түрік халықтарының тағдырларымен байланыстыруға әрекет жасауға бағытталды. Түрік елінің тарихы туралы ең көп іргелі еңбектер жазған тарихшы Лев Николаевич Гумилев болды. Оның “Байырғы Түркілер” (1967), “Хазарияның ашылуы” (1966), Хунну атты тамаша кітаптары жарық көрді. Кейінгі зерреушілер еңбектерінен С.М.Ақынжановтың, Ғ.Айдаровтың, С.Г. Кляшторный, Т.И.Сұлтановтың, С.Қаржаубайдың, Қ.Салғараның, М.Жолдасбековтың еңбектерін ерекше атап кетуге болады.
Сонымен қатар, ежелгі түрік және түркі тілдес тайпалар мекендеген жерлерден шыққан көне түрік жазба ескерткіштерінің құны баға жеткісіз. Монғолия жерінен табылған түркі мәтіндері, деректеметануда Орхон-Енисей және Талас жазулары деп аталады. Түркі авторлары жазған бұл жазба деректемелердің елеулі және даусыз екі қасиеті бар, олар - автохондылығымен және түпнұсқалығымен ерекшеленеді. Олар түркі хандары Күлтегін (732) мен Білге-қаған (735) құрметіне қойылған ескерткіштер. “Үлкен Күлтегін”, “Кіші Күлтегін”, “Тоныкөк” құлпытастарындағы жазулары жан-жақты зерттеліп бүгінгі таңда ғылыми айналымға қосылды. Күлтегін түрік халқының белгілі қолбасшысы болған. Жоғарғы билеуші қаған билігінің негізі, оның қамқоршысы аспан күші Тәңір болды. Қаған титулына «құтлұғ» - «жарылқағыш», «білге» - «данышпан», «ышбара» - «күшті» атаулары енді.
“Түркі” этнонимі туралы. Түркі қағанатының құрылуы. Ұлы қоныс аудару дәуірі (II-Vғғ.) Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір өзгертті. V ғ. түркі тілді теле (тирек) тайпаларының көп топтары Солтүстік Монғолиядан бастап, Шығыс Еуропаға дейінгі ұланғайыр далаға қоныстанды, оңтүстікте олардың қоныс-өрісі Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетті. “Түрік” этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар Түркілерді ғұндардың ұрпақтары деп есептеген. Алғашында “түрік” этнонимі әскери шонжарлар деген мағынаны білдірсе, кейін үстемдік етуші тайпа осылай аталды. Л.Н.Гумилевтың айтуынша “түрік” сөзінің мағынасы “күшті, батыл, қайсар” деген ұғымды береді дейді. Ал, “Ашина” сөзінің аудармасы “қасқыр” деген ұғымды береді екен. Сондықтан аңыздарда түркі қағанатының құрылуы да қасқырмен байланыстырылған.
Біздің заманымыздың ІІ-V ғ.ғ. халықтардың ұлы қоныс аударуы Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропаның аумағындағы халықтардың құрамы мен орналасуына айтарлықтай өзгерістер енгізді. V ғасырда Солтүстік Монголиядан Шығыс Еуропаға дейінгі өңірде сансыз көп түркі тілдес теле тайпалары өмір сүрді.
Түрік қағанаты (552-603 жж.)
Біздің заманымыздың І мыңжылдығында Еуразия далаларын- дағы этникалық орта өзгере бастады. Дәл осы уақытта қазіргі түркі тілдес тайпалардың этникалық-саяси бірігуі қалыптасқан еді. Осы дәуірде түркілердің рухани мәдениеті де жаңа сатыға көтерілді. Түркі жазба мәдениеті мен сына жазуы, хатқа түскен түркі әдебиеті қалыптасты. Түркілерде алғашқы діни наным- сенімдер буддизм, христиан, манихей, ислам діндерінің ықпа- лымен, өзге де өркениет жетістіктерінің әсерімен пайда болған. Олар көшпелі және жартылай көшпелі өмір кеше отырып, бір- тіндеп қалалық және отырықшы тұрмысқа көшті. Отырықшы- лыққа көшкен тайпалар өзіне тән өркениеті түрлерін қалыптас- тырды, олардың сол кездегі әлемдік мәдениетте өзіндік орны бар.
V-VІ ғасырларда түркілер далалы аймақтарды мекендеді және оларды қытайлықтар “жужаньдар”, еуропалықтар “авар- лар” деп атаған.
“Түркі” сөзі (қытайша “тукюе”) алғаш рет көшпелі халықтың атауы ретінде б.з. VІ ғасырында пайда болды. Бізге түркілердің тарихы VІІ-VІІІ ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазба- лары арқылы белгілі. Ол ескерткіштер-түркілер мекендеген Енисей өзенінің бойы мен қазіргі Монғолия жеріндегі Орхон өзенінің жағасынан табылған құлыптастағы жазулар. Сондық- тан да оларды “Орхон-Енисей жазуы” деп атап кеткен. Ескерт- кіштер VІІ-VІІІ ғасырлардағы Түркі қағандығының тұсында Білге қаған (хан), Күлтегін (әскер басы), Тоныкөк (ақылшы, ке- ңесші) сияқты атақты адамдарға арнап тұрғызылған құлпы- тастағы жазулар. ҮІ ғасырда Қазақстан жері сол кезде аса қуат- ты болған Түрік қағанатының қоластына қараған. Түрік қағана- ты Орталық Азиядағы тайпалық одақтардан біріккен ежелгі мемлекет. “Түрік” атауы алғаш рет қытайдың 542 жылғы ше- жіресінде кездеседі. Ал түріктердің мемлекеттік дәрежеге көте- рілуі 552 жылдан басталады. Бұл этно-саяси бірлестіктің негізін салушы Бумын қаған еді. 552 жылы түрік қолбасшысы Бумын аварларға қарсы шықты. Ол 553 жылы дүние салды, ал оның ізбасары Мұқан қағанның билігі кезінде Түрік қағанаты Ор- талық Азияда саяси үстемдікке жетті. Қағанаттың негізгі құра- мы түркі тілдес халықтар болды. Олардың басым көпшілігі “теле” тайпалары. Теле-көптеген түрік тілдес тайпалардың ортақ атауы. Қытай шежіресі бойынша “теле” сөзінен “түрік” сөзі шыққан. Сондықтанда “теле” мен “түрік” сөзі бір мағынаны білдіреді. Түрік қағанатының құрамында 30-дан аса теле тайпасы болған. Олардың ішінде қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін тағы басқа да тайпалар болған. VІ ғасырдың 70 жылда- рында түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің сол- түстік жағалауына дейін үстемдік етті.
VІ ғасырдың екінші жартысында түрік қағанатының билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Осы кезеңде Түрік қағанаты Қытай, Иран, Византия сияқты ірі мемлекеттермен терезесі тең түсіп, күшті мемлекеттің біріне айналды.
Түрік қағанаты – жерімізде құрылған алғашқы ерте феодалдық мемлекеттердің бірі. Қағанат оңтүстік шығысында Қытаймен, оңтүстік батысында парсылармен шектесіп жатты. Түрік қағанатының негізгі құрамы түркі тілдес халықтардан тұрады. Олардың басым көпшілігін теле (тирек) тайпалары құрады. Теле – түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы. Қытай шежіресі бойынша “теле” сөзінен “түрік” атауы қалыптасқан. Алғаш рет түрік этнонимі туралы 542 жылғы қытай жылнамасында жазылған. 552 жылы Түрік қағанаты құрылып, 603 жылға дейін өмір сүрді.
Түріктер Орта Азияның ішкі аумақтарына жасаған жорықтарында эфталиттерден қатты қарсылық көрді. Түріктер эфталиттерді он жылдан кейін, 563-567 жылдары жаулап алды. 6 ғасырдың 70 жылдары Түрік қағанаты солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. 6 ғасырдың екінші жартысында түріктердің билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Сөйтіп, Қытай, Иран, Византия сияқты ірі мемлекеттерге өздерінің саяси ықпалын жүргізген күшті мемлекеттің біріне айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет