Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері



бет4/8
Дата18.12.2022
өлшемі72,95 Kb.
#57987
1   2   3   4   5   6   7   8
Шаруашылығы. Батыс түрік қағанаты шаруашылығының негізін жартылай мал шаруашылығы құрады. Малы жоқ немесе малы аз кедей шаруалар егіншілікпен айналысқан. Қағанаттың едәуір бөлігі отырықшылыққа көшіп, қолөнермен шұғылданған. Шығыс Түрік қағандығымен салыстырғанда оның әлеуметтік құрылымы да едәуір күрделі болды, яғни феодалдық мемлекет дәрежесіне көтерілді. Тек Шу алқабының өзінде VІ-VІІ ғасыр- лар қарсаңында 18-ге жуық қала мен ірі қоныс болған. Олардың негізгі тұрғындары соғдылар, түркілер және сириялықтар еді.
Осы қалаларды алғаш суреттеп жазғандардың бірі қытайлың саяхаткер тарихшысы Сюань Цзан. Ұлы Жібек жолы Батыс тү- рік қағанаты арқылы өткендіктен, бұл өңірде сауда мен қолөнер біршама тәуір дамыды.
Ескертетін жайт: өзгелерге қарағанда қағандық өмірінде соғдылардың рөлі жоғары дәрежеде болды, бүкіл экономикалық және ақша қатынастары солардың тікелей қатынасуымен жүрді.
Түргеш қағанаты (704-756 жж.)
Қағанаттың жері Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан бастап Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Үшелік қаған өзінің иелігіндегі тайпаларын екі ордаға бөлген. Қағанаттың үл- кен ордасы Суяб қаласында, кіші ордасы Іле бойындағы Күнгіт қаласында болды.
Түргештер туралы алғашқы деректер “Күлтегін” ескерткішін- де және қытай жазба деректерінде кездеседі. Түргеш тайпалары VІ ғасырда Шу, Іле, Талас өзендерінің аймағын мекендеді. Ал, Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды.
Саяси билік қаған қолында болды. Қағанат 20 әкімшілік аймаққа бөлінді. Қағанатта Үшелік қайтыс болғаннан кейін оның мұрагері болып баласы Сақал қаған (706-711 жж.) таққа отырады. 706 жылы билік үшін сары түргеш және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталады. Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, Сұлу қаған орданы Талас (Тараз) қаласына көшірді. Сұлу қағанның (715- 738 жж.) тұсында түргештер қайта күшейеді. Сұлу қағанның шайқастарға тікелей өзі қатысатынына әрі ылғи да жеңіске же- туіне қарсы арабтар оған “мүйізді қаған”, “сүзеген” деп ат қой- ған. Сондықтан арабтар Сұлу қағанмен ашық майданда соғы- судан сескенген. 754 жылы қағанатта талас-тартыс шиеленісіп, Түргеш қағандығы біржола әлсіреді. 756 жылы Түргеш қаған- дығын қарлұқ тайпасының көсемдері құлатып, билікті өз қол- дарына алды.
Түргештер көшпелі мал шаруашылығымен, жартылай оты- рықшы егін салумен және сауда, қолөнермен айналысты. Түр- геш қағандығының кезінде сауданың дамығандығы байқалады. Оған басты себеп-қағанат жерінің Жібек жолы бойында орна- ласуы еді. Екіншіден, сауда ісінің қайнаған орталығы Суяб, Ба- ласағұн, Тараз, Испиджаб сияқты қалалар да әсер етті. Қазба жұмысы кезінде Тараз қаласынан “Түргеш қағанатының тең- гесі” немесе “түріктің көк ханының теңгесі” деген соғды жазуы- мен жазылған теңгелер табылған. Бұл теңгелер 704-766 жылдар арасында Таразда соғылған.
Қағандықтың халықаралық саудаға араласуы экономикалық және мәдени дамудың дұрыс бағыт алғандығын көрсетеді. Араб тарихшысы әл-Марвази қарлұқтардың құрамында тоғыз тайпа болған деп жазған: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін, тухси. Бұдан басқа лазана мен фаракия рулары аталады. Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жері – Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық. Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аймақты алып жатқан қарлұқтар 756 жылы түргештерден билікті алып, өз мемлекеттерін құрды. Қағанат орталығы – Суяб қаласы. 840 жылы қарлұқтар қырғыздармен бірігіп, Ұйғыр қағанатын жеңді. Осы жеңістен кейін Испиджаб қаласының билеушісі Білге Күл Қадыр-хан өзін қаған деп жариялайды. Самани әулеті мұсылман дінін тарату сылтауымен “ғазауат соғыс” жариялап, Испиджабты басып алады. Қала билеушісі саманилерге алым-салық төлеп тұруға міндетті болды. Саманилер Таразды басып алып, қалада мешіт салдырды. Саманилерге қарсы күресті Базар Арслан мен Оғұлшақ (Білге Күл Қадыр-ханның балалары) жүргізген. Қарлұқтардың арабтарға қарсы күресі 2 ғасырға жуық мерзімге созылды. Қарлұқ қағанатын ішкі тартыстар мен билік үшін күрес әлсіретті. Осыны пайдаланған Қашғардың түрік билеушілері 940 жылы Баласағұнды басып алды. Қағанат талқандалды. Баласағұнды екі жылдан кейін Сатұқ Боғра хан (Арсланның баласы) қайтарып алады. Осы ханның кезінде қарлұқтар арасында ислам дінін қабылдау басталды.
“Худуд әл-алам” қолжазбасында: “қарлұқтар тұрған аймақ – халық неғұрлым жиі қоныстанған және ең бай жерлер. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс бар” деп жазылған.
Қарлұқтарда аталарының зиратының басына тастан жасалған балбалдарды қою кең тараған. Түрік жазбаларында “Батыр ерлерін балбал етіп қойды” деген жазу табылды. 7-8 ғасырлардан құлпытас орнату дәстүрі дами бастады. Орхон-Енисей, Талас-Шу өзендері бойынан табылған түрік жазуларының ішіндегі ең атақтылары – “Күлтегін” мен “Тоныкөк” жазбалары. Бұл ескерткіштер Қарлұқ қағанатының кезінде түрік жазуының жаңа түрде дами бастағанын көрсетеді.
Қарлұқ қағанаты (756—940 жж.)
Қарлұқтар жазба деректерде біздің заманымыздың V ғасы- рында тирек тайпаларының құрамында кездеседі. Қарлұқтардың түріктермен түбі бір екендігі туралы араб-парсы деректерінде мәліметтер кездеседі. Онда қарлұқтарды “ежелгі түріктер” деп жазады. Араб тарихшысы Әл-Мавразидің айтуынша, қарлұқтар- дың құрамына тоғыз тайпа: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкерсін және тухси деген тайпалар кірген.
Қарлұқтардың негізгі топтасқан жері Алтай тауымен Балқаш көлінің арасы. Қарлұқтар түргеш қағанатының әлсірегенін пай- даланып, 756 жылы билікті өз қолдарына алып, Қарлұқ мемле- кетін құрды. Қағанаттың орталығы Суяб қаласы болды. Қарлұқ тайпалары 766-775 жылдары Қашқарияны жаулап алып шы- ғыстағы шекарасын кеңейтті.
Қарлұқтар біздің заманымыздың ІІ ғасырда грек ғалымы Птоломейдің атақты “Географиясы” атты еңбегі арқылы белгілі болған. Орхон жазуларында қарлұқтардың ортақ басшысы “ “Елтебер” деген атпен белгілі. Қытай деректері қарлұқтар- дың салт-дәстүрлері батыс түркілерінікі сияқты, тілінің олардан айырмасы жоқ деп көрсетеді.
Қарлұқ қағанатында мал шаруашылығы мен егін шаруашы- лығы өркендеді. Онда мәдениет орталығы болды, бау-бақша, қалалар гүлденді. Қол өнер кәсібі дамыды.
Араб жағрафияшысы Ибн Хаукалдің (Х ғ.) мәліметіне қар- ғанда, қарлұқтар жерінің Батысынан шығысына дейін жету үшін 30 күн жүру керек екен. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болатын.
“Худуд әл-алам” бойынша қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған олардың ішінде: Тараз, Құлан, Мерке, Талғар, Атпақ, Тұзын, Барысхан, Сыйкөл т.б. Қарлұқтардың астанасы және олардың көптеген қалалары Ұлы Жібек жолы бойында тұрған, ал бұл жолдың Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісу үшін елшілік және сауда-саттық желісі ғана емес, сол сияқты мәдени және рухани байланыстар арнасы ретінде де орасан зор маңызы болған.
Дегенмен, қағанат өз қолына экономикалық байланыс жүйе- сін тоғыстыра алмаған. Ішкі қырқыс, билік дауы, жер дауы оны әбден титықтатқан.
Міне осындай қиын жағдайда Қарлұқ қағанатына Қашқар жағынан қауіп төнді. 940 жылы олар Баласағұнды басып алады да, Қарлұқ мемлекеті құлайды.
Оғыз мемлекеті (ІХ ғ. соңы - ХІ ғ. басы)
Оғыз мемлекеті ІХ ғасырдың аяғы - Х ғасырдың басында Сырдария өзенінің құйылысында құрылды. Орталығы- Янгикент қаласы болды. Оғыз тайпалары VІІ ғасырда Батыс Жетісуды мекендеген Түрік қағанатының құрамында болған. Оғыздар ерте орта ғасырларда Орталық және Орта Азияда өмір сүрген.
Батыс түрік және Түргеш қағанаттары құлап, Жетісуда Қар- лұқ қағанаты құрылғаннан кейін оғыздар Сыр бойына ығысқан.
“Оғыз” сөзінің пайда болуы туралы әр түрлі пікір бар. Кейбірулер “садақтың оғы” деген сөзден пайда болған десе, екінші бірулер “өгіз” деген сөзден пайда болды деп дәлелдеуде.
Оғыздарда жоғарғы билік иесі “жабғу” деп аталған. Ол мұрагерлік арқылы жалғасып отырды. Әскерді басқаратын адам “сюбашы” деп аталған. Оғызда жылына бір рет халық жина- лысы шақырылып тұрған. “Оғызнама” дерегіне қарағанда, жаб- ғу өзінің жерін 12 аймаққа бөліп басқарған. Х ғасырдың аяғы мен ХІ ғасырдың басында Оғыз мемлекетінде тұрақты салық жүйесі енгізілді. Мемлекетте белгілі дәрежеде басқару аппараты қалыптасты. Оғыз жабғуларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Оғыз мемлекеті жөніндегі алғашқы деректер ІХ-Х ғ. басында жазылған араб тіліндегі тарихи-жағрафиялық шығар- маларда келтіріледі. Оғыз мемлекетінің болғанын Әл-Якубиде (ІХ ғ.) айтады. Махмұд Қашқаридің дерегі бойынша, оғыздар алғаш 24 тайпадан тұрған, Әл-Марвази болса олардың 12 тайпа- сын ғана атайды. Бұдан байқалатыны - оғыздардың 24 тайпадан тұрған кезі олардың әр түрлі тайпалардан енді- енді қалыптаса бастаған кезі ал, 12 тайпаға түскен кезі ол тайпалардың бір- біріне қосылып, халықтық дәрежеге көтеріле бастаған мезгілі. Оғыз билеушілері сыртқы саясат саласында екі үлкен мақсатты қойған. Біріншіден, Қара теңіз, Дон өзенінің бойындағы жақсы жайылымды қолға қарату. Екіншіден, Маңғыстау мен Еділ бойынан әрі өтіп, Еуропаны Азиямен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдарына қол жеткізу. Орыс қалаларымен екі арадағы сауда жолдарыда қызықтырды.
Оғыздардың жер үшін, сауда жолдары үшін жүргізген жо- рықтары көп жағдайда сәтті аяқталған. Оғыздар жартылай көш- пелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығымен айналысты. Оғыздардың көші-қонға лайықты, арба үстіне тігілген үйлері болған. Оғыздарда кәсіпшілік пен қолөнердің басты дамыған түрі мал өнімін өңдеу болды.
Ұзақ жылдарға созылған үздіксіз соғыс пен шектен тыс алынатын алым-салық оғыз тайпаларының наразылығын туғы- зады. Билік үшін талас Оғыз мемлекетін әлсіретті. Ал, ХІ ғасыр- да мемлекеттілігін құрып, күшейе бастаған қыпшақтар оғыздар- ды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. ХІ ғасырдың басында Оғыз мемлекеті біржола құлайды. Оғыздар тарихи тұрғыда түрікмендердің, өзбектердің, қарақалпақтардың түпкі аталарының бірі.
Қимақ қағанаты (ІХ ғ. соңы - ХІ ғ. басы)
“Қимақ” деген атау орта ғасырлардағы араб, парсы автор- ларының жазба деректерінде жиі кездесіп отырды. ХІ ғасырда Махмуд Қашқари “Диуани лұғат-ат түрік” деген еңбегінде қимақ елін “имақ” деп атаған. Қимақтар VІІ ғасырдың басында Монғолияның солтүстік-батысын мекендеген. Орта ғасырдағы парсы тарихшысы Гардизи қимақ елінің құрамында жеті тайпа болғандығын жазған. Олардың ішіндегі ең атақтылары қимақтар мен қыпшақтар дейді. VIII ғасырдың екінші жартысынан ХІ ғасырдың басына дейін қимақтар Қазақстан жеріне қоныстана бастаған.
Сонымен ІХ ғасырдың соңында қимақ тайпасының атымен Қимақ қағанаты құрылған. Қағанат Қазақстанның солтүстік- шығыс, орталық аймақтарын алып жатты. Қағанаттың орталығы Ертіс өзенінің бойында Имақия қаласы болды. Қимақ тайпа- ларының басшысы “Шад-тұтұқ” деп аталған. Шонжарларға “ұлы қаған”, “кіші қаған” немесе “Ябғу шад” деген лауазымдар берілген. Қағанаттың қарапайым халқы негізінен мал өсірумен айналысқан. Махмуд Қашқаридің жазуына қарағанда қимақ қағанатында малы аз, көшіп-қонуға мүмкіндіктері жоқтарды “жа-тақтар” деп атаған.
Қимақ мемлекетінде билік мұрагерлікпен атадан балаға ауысып отырады. Қаған мемлекеттің жоғарғы билеушісі әрі әскери қолбасшысы болып есептеледі. Қимақ елінің ұйтқысы 12 тайпадан құралады.Қимақтар арасында қолөнер дамыды. Жүн- нен мата тоқып, киім тікті, тері иледі. Темірден, қоладан қару- жарақ жасады. Қимақтарда қала мәдениеті мен сауда-саттық істері өрістеді. Араб географы Әл-Идриси қимақ елінің карта- сын сызған. Олардың 16 қаласы, ол қалаларда сауда базарлары болғанын айтады. Қимақ тайпасы да басқа түрік тілдес тайпалар сияқты о дүниедегі өмірге сеніп, ата-баба аруағына сиынған. Оларда көкке (аспанға), Тәңірге табыну белгілері де сақталған. Х ғасырда қимақ шонжарлары ислам дінін қабылдай бастаған. Кейбір жеке топтар отқа, суға, күн мен жұлдыздарға, тауға табынған. Діннің біршама тараған түрі шаманизм яғни бақсы- балгерлік екен, кейбір топтары Христиан тектес Манихейлік дінді ұстаған. Сөйтіп, ІХ-ХІ ғасырларда Қимақ мемлекеті өзіндік өсіп-өркендеу жолы бар, алғашқы патриархалдық-феодалдық мемлекет болған.
ХІ ғасырдың аяғында Қимақ мемлекеті ыдырап, үкімет билігі бұрын қимақтарға тәуелді болған Қыпшақ тайпасының қолына көшті. Бұдан былай қимақтар қыпшақ тайпаларының құрамына еніп, қыпшақ деп аталып кетті.
Х ғасырдың аяғы немесе ХІ ғасырдың басындағы Қимақ мемлекетінің құлауы Ұлы далаға көшпелі тайпалардың жаппай қоныс аударуымен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет