Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері



бет6/8
Дата18.12.2022
өлшемі72,95 Kb.
#57987
1   2   3   4   5   6   7   8
Шаруашылығы. Қарахандар кезеңінде Қазақстанның оңтүс- тік-шығыс және оңтүстік өңірлеріндегі халықтар негізінен көш- пелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығында жылқы өсіру алдыңғы орында болды. ІХ—Х ғасырларда Қарахандықтардың бір бөлігі отырықшылық- қа және егін шаруашылығына бет бұрды, сөйтіп қала мәде- ниетіне көшті. Ал, діни қызметкерлер мен әскери адамдар ірі жер иеліктерін өз қолдарына шоғырландырған.
Мәдениеті. Қарахан мәдениетінің ірі орталықтары-Тараз, Испиджаб қалалары болған. Ортағасырлық жазушылар Таразды “Саудагерлер қаласы”, Испиджабты “Саудагерлер кен бұлағы” деп жырлаған. Қарахан мемлекетінде сәулет өнері әсіресе Х-ХІІ ғасырларда шарықтады. Айша бибі, Алаша хан, Бабаша хатун, Сырлытам күмбездері, Әулие ата мазарлары қарахандықтар сәулет өнерінің туындылары. Қарахан дәуірінде ұлы ғұламалар Махмұд Қашғари “Диуани лұғат ат-түрік”, Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” атты еңбектерін жазған, өзге де атақты адамдар өмір сүрген.
Қарақытай мемлекеті (1128-1213 жж.)
Қарақытайлар мемлекетінің құрылуы Орталық Азиядағы қидан тайпасымен тығыз байланысты. ІV ғасырдың жазба деректерінде қидандар монғол тілдес тайпа ретінде көрсетіледі. Қарақытай билеушісі Елұй Дашы Жетісуда өз мемлекетін 1128 жылы құрды. Бұл мемлекет 1128-1213 жылдары өмір сүрді. Жетісудағы жергілікті түркі тілдес халықтармен араласып кет- кен қидандар “қарақытай” деп атала бастады. Ал, 1141 жылы Қарахан мемлекетінің екі хандығының да билігі қарақытайлар қолына көшті.
Сөйтіп ХІІ ғасырдың 30-40 жылдары қазіргі Қазақстанның оңтүстік-шығыс аумағы, Бұхара мен Самарқант, сондай-ақ Мауараннахр аймағы қарақытайлардың қол астына қарады. Бұл мемлекеттік бірлестіктің шекарасы тұрақсыз болды саяси ахуалдарға байланысты өзгеріп отырды. Қарақытай мемлеке- тінде ақшаның “динар” деген түрі тарады.
Қидандардың ел басшысы “гурхан” титулын иеленді, ол “хандардың ханы” дегенді білдіреді. Гурхан әскерде қатаң тәр- тіп орнатып, тұрғындарды тонауға тиым салды, тұрақты салық- тарды бекітті. Гурхан өзінің ордасын Баласағұн түбіндегі Құз- Ордада құрды. Елюй Даши 1143 жылы қайтыс болды, енді билік гурханның жесірі Табуянға ауысты, ал 1150 жылы оның ұлы Елюй Иле гурхан тағын иеленді.
Оның кезінде алғашқы рет халық санағы жүргізілді, 84 мың отбасы тіркелді, сірә бұл Сырдария мен Еміл арасын қоныс- танған тұрғындар болуы керек. Иленің өлімінен кейін 1163 жылы елді Елюй Дашидың қарындасы Бусуган басқарды. Ал, 1169 жылдан 1203 немесе 1214 жылға дейін билеуші болған ең соңғы гурхан Чжилугу (Чжулху) кезінде бұл аумақта іргелі өзгерістер жасалды.
Орталықтан басқаруды жергілікті жерге беру айналып кел- генде қарақытай әскербасыларының шын мәнінде автономия- лық, яғни дербес билеушілер болуына әкеп соқты. Ал, 1212 жылы монғолдардан ығысқан наймандар Күшілік ханның бас- қаруымен осы аумаққа қарай лап қойды.
Осылайша, ХІІІ ғасырдың басында наймандар қарақытай- ларды Жетісу өңірінен ығыстырды. Ал, 1211 жылы Күшілік хан қарақытай билеушісін құлатты. 1211-1213 жылдары Жетісуда- ғы билік найман билеушісі Күшілік ханның қолына өтті.
Найман мен Керей ұлыстары
Наймандар-ежелгі түрік тайпаларының бірі. Наймандар Ертіс өзенімен Орталық Монғолия арасындағы жерлерді мекендеген. Монғол тілінде найман сөзі “сегіз” деген мағынаны білдіреді. Наймандар керей, меркіт, қырғыздармен көрші болған. ХІ ға- сырдың бас кезінде наймандар христиан дінін қабылдады. Мұ- ның өзі наймандардың ертефеодалдық кезеңде басқа мемлекет- термен және халықтармен этно-мәдени байланыста болғанын дәлелдейді. Қидандар мемлекеті құрылғаннан кейін наймандар оның құрамына кірген, бірақ Елюй Даши өлімінен кейін тәуел- сіздік алып, өздерінің билеушісі етіп Инанч-Білге Буху ханды тағайындады.
Найман мемлекеті батысында керейлерден бастап, Батыс Монғолия мен Шығыс Қазақстан аумағын мекендеді. ХІІ ғасыр- дың аяғында ХІІІ ғасырдың басында найман хандығы екіге бөлінді, оны Инанчтың екі ұлы: Даян хан мен Бұйрық хан бас- қарды. 1204 жылы монғолдар Даян ханды, 1206 жылы Бұйрық ханды талқандады. Кейін елді Даянның ұлы Күшлік хан басқар- ды. Күшліктің қуаты тез күшейді. Ал, наймандардың Қазақстан- ның жеріне қоныстануы ХІІ ғасырдың аяғында болатын. Найман конфедерациясына сегіз тайпа кірді. 1208 жылы Монғо- лиядан ығыстырылған наймандар Жетісуға ауып келді. Ал, ХІІІ ғасырдың басында наймандар қарақытайларды Жетісу өңірінен ығыстырды.
1218 жылы монғолдар наймандарды талқандап, қашып кет- кен Күшлікті Бадахшанда өлтірді. Шығыс Түркістан мен Жетісу монғолдардың қол астына өтті. Ал, керейлердің шығу тегі туралы ғалымдар әр түрлі пікір ұстанады. Біреулері монғол тип- тес десе, енді біреулері ежелгі түрік тайпасы дейді. Керейлер ту- ралы алғашқы мәліметтер олардың христиан дінін қабылда- нуына орай ХІ ғасырдың төртінші ширегінде кезедеседі. Керей- лер Солтүстік Монғолиядағы Селенга, Онон өзендерінің жаға- сын мекен еткен. Астанасы Орхон өзенінің жағасындағы Қатын- балық қаласы болған. Керейлердің билеушісі Тұғырылхан Шың- ғыс ханның әкесі Есукей батырдың досы болған. Шыңғысхан- ның әскерінен жеңілген керейлер Шығыс Қазақстан, Алтай өңіріне өтеді. Кейіннен Алтын Орда мен Ақ Орданың құрамын- дағы тайпалардың бірі болады. Керейлер Ашамайлы және Абақ керей деп екі тармаққа бөлінді. Керейлердің этнонимі Қара теңіз жағалауындағы далалық жер атауларында кездеседі. Керейлер- дің екінші бір бөлігі Солтүстік Қазақстанда қалып, Орта жүз қазақтарына (қара-керей, абақ-керей) атауымен енді, сөйтіп бұ- рынғы “кереит” деген этноним атауындағы “т” жалғауы алынып қалды. Бұл кезде Орта Азия, Жетісу және Қашқария жерінде өзіндік жаңа этникалық түрге айналып, жаңарған әлеуметтік, экономикалық құрылымдар, рухани мәдениет қалыптасты. Со- ның нәтижесінде феодалдық мемлекет құрылып, түрік тайпа- лары отырықшылыққа көше бастады, қалалар салынды. Өкініш- ке қарай монғол шапқыншылығы осындай жүйелі дамудың табиғи процесін бұзып кетті. Керейлер салық жинаушыларды “шерби” деп атады. Керей орта жүздің бас тайпаларының бірі. Қазіргі кезде керейлер Қазақстаннан басқа ТМД, Қытай, Монғо- лия, Түркия сияқты мемлекеттерде өмір сүруде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет