Моно және олигосахаридтер. Полисахаридтер. Меланоиндин түзілуі. Күрделі полисахаридтер: крахмал, гликоген, целлюлоза, пектинді заттар


гетерополисахаридтер. Функционалдық қызмет тұрғысынан полисахаридтер құрылымдық және



бет4/5
Дата18.10.2022
өлшемі471,05 Kb.
#43943
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
DOC-20221014-WA0028.

гетерополисахаридтер.

Функционалдық қызмет тұрғысынан полисахаридтер құрылымдық және

резервтік полисахаридтер деп жіктеледі. Маңызды құрылымдық полисахарид –

целлюлоза, ал маңызды резервтік полисахаридтер – гликоген мен крахмал

(сәйкесінше жануарлар мен өсімдіктерде кездеседі).

Крахмал – екі гомополисахаридтердің кешені болып табылады: сызықтық

– амилоза және тармақталған – амилопектин, бұлардың жалпы формуласы

(С6Н10О5)n. Әдетте крахмал құрамындағы амилоза – 10-30%, амилопектин – 70- 90%.

Крахмал полисахаридтері амилоза мен амилопектиннің сызықты тізбектерінде - α-

1,4-байланыстармен біріктірілген, ал амилопектиннің тармақталу нүктелерінде –

тізбекаралық α-1,6-байланыстармен біріктірілгенглюкоза қалдықтарынан құралған.

Крахмал - адам тағамында маңызды құрам бөлік болып табылады. Нан, картоп,

жармалар, көкөністер – ағзаның басты қуат көзі.

Гликоген – жануарлар ұлпасында кең тараған, құрылымы жағынан

Гликоген – жануарлар ұлпасында кең тараған, құрылымы жағынан

амилопектинге жақын болып келетін полисахарид. Гликоген молекуласы,

амилопектин молекуласы секілді жалпы гликозид қалдықтарының саны 5-50мың жететін (молекулалық салмағы 1-10 млн тең) қатты тармақталып кеткен (әр 3-

4 тізбекте тармақталған) тізбектерден құралған.

Целлюлоза (немесе жасұнық (клетчатка)) анағұрлым кеңінен таралған өсімдік

гомополисахаридтерінің бірі болып табылады. Ол өсімдіктің тіреу материалының

қызметін атқарады, одан сабақтар мен жапырақтардың қатты қаңқасы түзіледі.

Целлюлоза тазартылған күйінде бізге мақта, сүзгіш қағаз (жазу қағаздары және

қағаздардың басқа түрлері желімделеді) түрінде белгілі. Ағаш жартылай

жасұнықтан, сонымен бірге оған біріктірілген фенол сипатты жоғары молекулалы

заттек – лигниннен құралған. Целлюлоза дегеніміз – құрамында 600-900 глюкоза

қалдықтары бар полимер болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет