|
Қазіргі таңда қабылданған жіктеуішке сәйкес көмірсулар 3 негізгі топқа
|
бет | 2/5 | Дата | 18.10.2022 | өлшемі | 471,05 Kb. | | #43943 | түрі | Құрамы |
| Байланысты: DOC-20221014-WA0028. Қазіргі таңда қабылданған жіктеуішке сәйкес көмірсулар 3 негізгі топқа бөлінеді:моносахаридтер, олигосахаридтер және полисахаридтер. Моносахаридтер. Әдетте моносахаридтерде 3-тен 9-ға дейін көміртегі атомдары болады, оның ішінде альдозалар мен кетозалар анағұрлым кең тараған. Функционалдық тобына қарай альдозалар мен кетозаларға жіктеледі. Моносахаридтер көбінесе өзінің циклдык пішінімен таутомерлік тепе- теңдікте болады. Қанттардың таутомерлік циклдік пішіндері ішкі жартылай ацетальдар болып табылады. Циклдену нәтижесінде гликозидтік деп аталатын (немесе аномерлік) көмірсудың жаңа асимметриялық атомы пайда болады. Изомерлер аномерлік орталыққа қатысты α- және β- аномерлер деп аталады. Моносахаридтердің ішінде глюкоза, фруктоза, галактоза, арабиноза, ксилоза және D-рибозалар белгілі. Глюкоза (жүзім қанты) бос күйінде жидектер мен жемістерде (жүзімде 8% дейін; қараөрік пен шиеде 5-6%, ара балында 36% дейін) болады. Крахмал, сахароза мен лактозаның құрамбөлігі болып табылады. Крахмал, гликоген, мальтозалар глюкоза молекулаларынан құралған; сонымен бірге глюкоза сахароза мен лактозаның құрамбөлігі болып табылады. Фруктоза (жеміс қанты) таза күйінде ара балының (37% дейін), жүзімнің Фруктоза (жеміс қанты) таза күйінде ара балының (37% дейін), жүзімнің (7,7%), алманың (5,5%) құрамында болады да, сахарозаның құрамбөлігі болып табылады. кездеседі және сүт қантының құрам бөлігі болып табылады. Арабиноза қылқан жапырақтылардың, қызылша сығындысының құрамында болады, пектинді заттектер, шырыш, гумма (шайыр), гемицеллюлоза құрамына да кіреді. Ксилоза (ағаш (сүрек) қанты) мақта қауызында, жүгері өзегінде юолады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|