Монография / Жауапты редакторлар: Б. Ердембеков, А. Картаева



Pdf көрінісі
бет11/11
Дата06.03.2017
өлшемі1,48 Mb.
#7933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

АПЫШЕВА Г.А. 
 
МҼЛІК ҒАБДУЛЛИН – ФОЛЬКЛОРТАНУШЫ ҒАЛЫМ 
 
Жер  шоқтығы  Кҿкшетау  ҿңірінде  туып-  ҿскен  Мҽлік  Ғабдуллиннің  жеке 
табиғи талантының ҥстіне белгілі дҽстҥр мен ҿскен ортасының маңызды ҽсері 
болған. Кҿкшетауда сҿз сарасын, ой дариясын толқытатын ту табиғат та, сырлы 
дҥниенің сырын шертіп сыбырлайтын орман- тоғай да, қиялыңа қанат бітіретін 

161 
 
кҿгілжім  таулар  мен  кҿз  жасындай  мҿлтілдеген  сҧлу  кҿлдер  де  жеткілікті. 
Сондықтан  Мҽліктей  бастауын  ауыз  ҽдебиетінен  алатын  сҿз  бҧлағы  мен  ҽн 
бҧлағын сапырған саңлақтар Кҿкшетаудан кҿбірек шықса керек.  
Мҽлік  Ғабдуллиннің  бала  кезінен  қазақ  фольклорына  қҧштарлығының, 
одан кейінгі жылдардағы фольклор оның ғылыми, педагогикалық, зерттеушілік, 
жазушылық творчествосының сарқылмас қайнар кҿзі болғандығының негізін ең 
алдымен туып- ҿскен ортасынан іздесек қателеспейміз.  
 «Зеренді ауданындағы Мҽліктің жеңгесі Сҽлиман Бекенова халқымыздың 
ардагер  перзентіне  айналған  аяулы  қайнысы  туралы  кҿп  сыр  шертеді.  -  Мен 
келін  болып  тҥскенде,  Мҽлік  бес-  алты  жастағы  бала,  -  деп  бастар  еді  ол  кісі 
ҽңгімесін. – Томпаңдап ойнап жҥреді. Кішкентайынан ҽжесі Мҽдиан бауырына 
салып,  ҿзі  тҽрбиелеген.  Мінезі  жайдары,  ойы  орнықты  болды.  Ҿз  бетімен 
ҧрынып,  ешкіммен  соқтығысып,  қағыспайтын.  Орынды  жерінде  сҿзден 
ҧтылмайтын ҽзілкештігі де бар болатын.  
 Бір  есте  қалғаны,  Мҽлік  бала  кездің  ҿзінде  ҥлкен  кісілердің  ҽңгімесін 
тыңдауды  жақсы  кҿретін,  ҥнемі  ыңылдап  ҽн  айтып  жҥретін.  Болар  бала 
жасынан  танылады  екен  ғой,  ауылдық  мектепті  Мҽлік  оқу  озаты  болып 
тауысты.  «Зерделі  бала,  жазуы  жақсы,  оқусыз-  ақ  адам  болғалы  тҧр»  деп 
ауылдық кеңестің хатшысы оны ҿзіне кҿмекші етіп алды. Содан кҥндердің бір 
кҥнінде Сҽбит Мҧқановпен кездесіп, ақыры Алматыдан бірақ шығады. Ал енді 
бір  ғажап  жері,  Мҽлік  айналайын  ҽрбір  келген  сайын  Желтаудың  басына 
жаяулап шығып, ҧзақ жҥріп қайтушы еді» 1, 142.    
  Шынымен,  Желтау  Мҽліктің  ҿзіне  биік,  кҿзіне  тым  қымбат  болатын. 
Кҿкшетауға  апаратын  тура  жол  Солдат  кҿлінің  жанымен  ҿтеді  екен,  бала 
Мҽліктің  ҥлкен  ҿмір  жолы  осы  кішкентай  сапардан  басталған.  Ҽр  нҽрсені 
білуге  қҧштар  бала  Мҽлік  кҿлді  неге  бҧлай  атайтын  себебін  де  сҧрастырып 
анықтаған.  Бҧл  кҿлді  бҧрын  «Кҿк  тайша»  кҿлі  дейді  екен.  Азамат  соғысы 
жылдарында  кҿл  басында  он  шақты  кҥн  бір  топ  казак-  орыс  солдаттары 
мекендеп  тҧрады.  Аумалы  –  тҿкпелі  кез  емес  пе,  олар  ҿзара  қақтығысып,  бір 

162 
 
солдат ҿледі, қалғандары екіге жарылып, бір тобы қызылдарға, екіншісі ақтарға 
қосылады.  
  Жергілікті  халықтың  «Солдат  кҿлі»  деп  қойған  атауы  содан  былай 
кҿпшіліктің қҧлағына сіңіп кетті. Мҽліктің кҿңіл кҿзін ашқан,  халықтың сырлы 
сҿзіне  қҧштар  еткен  тҿбесінен  тҿнген  тауға  мінбелей  қоршалаған  қарағайлы 
орманмен жасыл шымылдық тҧтқан қара кҿк айдынына тылсым сыр ҧялатқан 
Қараҥңгір кҿлі, Кішітҥкті, Қарабие, Қҧлабие, Қақпақтас, Қошқарбай, Жыланды 
тауларына,  аққу  қонған  –  Дҽулет,  Бірқыз  кҿлдері.  Мҽлік  туған  жердің  кҿркем 
сурет  тҧнған  тамаша  қойнауларының  бҽріне  де  бір-  бір  жылы  лебіз  тауып 
айтатын.  
«Мына  таяқ  тастам  жерде  кҿзге  оттай  болып  басылған  Сауысқан  қонған, 
Шоққарағай, Белағаш кҿңіліне қандай ыстық, жанына қандай жақын. Мҽліктің 
Бекен ағасымен бірге аңға шығып, саят қызығын кҿретін жерлер осы емес пе. 
Кҥні  бойы  далада  болып,  тҧзақ  қҧрып,  мылтық  атып,  қанжығаға  байланған 
олжаларын  –  қоян,  қҧр,  шілдерін  кешкісін  ауылдың  ҥйді-  ҥйіне  қылдай  бҿліп 
таратып бермеуші ме еді» 2, 143.    
Майданнан  демалысқа  келген  бір  кҥндері  Мҽлік  ҧзақ  толғанып,  туған 
жердің  қастерлі  қасиетті  сырларына,  асыл  ҽндеріне  тереңдей  бойлағандай 
болады.  Ауылдың  ескі  жҧртын,  бал  дҽурен  балалық  шағы  ҿткен  жерлерді 
аралайды.  
«... Мҽлік ҥнсіз аяңдап келеді. Ҥлкен ой қҧшағында. Бір уыс кҿде, бір тҥп 
жусан  жҧлып  алған  жолшыбай.  Соны  қҧшырлана  иіскейді.  Ҽр  жерден  ҥлкен 
қой  тастар  кездеседі,  тауды  беткейлеп  жатаған  шие  бҧталары  ҿскен.  Ҽлі  кҿк 
болса да бір-екеуін алып аузына салды. Дҽмі ашқылтымдау, кермек екен. Мҽлік 
рақаттана  тҧшырқанды.  Биікке  ҿрлеп  келе  жатып  ҽр  тҧста  тоқтап,  тҿңірекке 
шола кҿз салып, кеудесін кере тыныстайды.  
Қиялай лекітіп қоңырлатқан жанға жайлы самал еседі. Батырдың сағыныш 
жайлаған, тебіреніске толы жан жҥрегін, қазіргі кҿңіл- кҥйін тап басып тҥсініп, 
мазаламауға,  тыныштығын,  ой-желісін  бҧзбауға,  ҥнсіз  келісіп  бекінгендей. 
Міне,  Желтаудың  ҧшар  басы.  Ат  шаптырым  айнала  тҥгел  кҿрінеді.  Мҽліктің 

163 
 
жҥзінде  бір  сҽт  нҧр  ойнап,  мейірлене  кҥлімсіреді»  3,  144.  Болашақ 
фольклортанушының  қиялын  ҧштаған,  сырлы  сҿзге  шақырған  туған  жері 
Зеренді  –  табиғаты  бай,  кҿркем  ҿңір.  «Тегім-  туған  жерім»  деп  тегін 
айтылмаған.  Туған  ортаны  тҥсіну,  табиғатқа  сҥйсіну  сезімі,  сол  арқылы 
халықтың асыл сҿзіне қҧштарлық  Мҽлікке бала жасынан дарыған қасиет болса 
керек.  
 С.Мҧқанов  естелігінде:  «...Мҽлікті  мен  1930  жылдың  кҿктемінде 
Кҿкшетау  қаласында  кҿрдім.  Ол  жылы  Мҽлік  он  тҿрт  жаста.  ...Мҽлік 
баяндамаға  кірісті.  Ол  кездерде  қазақ  мектебінде  ҽдебиет  сабағы  жҥрмейтін. 
Мҽліктің  сҿзіне  қарағанда,  ар  жағы  ауыз  ҽдебиетінен,  бергі  Сҽкен, 
Бейімбеттерге  дейінгі  ҽдебиетті  судай  сапырады.  Мен  ол  кезде  «жас 
жазушылар»  санатында  жҥретінмін.  Мҽлік  менің  шығармаларымды  да  жатқа 
соғады.  Жҽне  тап  тартысы  қызу  жҥріп  жатқан  кезде  ҽдебиетке  таптық  кҿз 
қарасы  бар»  4,  22  десе,  С.Негимов  еңбегінде:  «Халқымыздың  «Болар  бала 
бесікте  бҧлқынар.  Болар  қҧлын желіде жҧлқынар» дегендей  Мҽлік  ағаның сҿз 
ҿнеріне ынта- қҧштарлығы жауқазындай балапан шағында байқалған екен. Ҽрі 
ерте ел кҿзіне тҥскен. Мысалы, 1931 жылы «Екпінді жас» журналының жетінші 
санында «Октябрят інілеріме» деген тырнақ алды ҿлеңі жарияланған. Кҿкшетау 
қаласындағы  жеті  жылдық  қазақ  мектебінде  ҥздік  оқыған  жас  1930  жылы 
Республика  пионерлерінің  слетіне  қатысады.  Сонда  бір  сақа,  тҽжірибелі  тілші 
суретке  тҥсіріп  алып,  осынау  жеткіншек  кҥндердің  кҥнінде  халқының  ауыр 
жҥгін арқалайтын, азаматтық парызын терең тҥсінетін болашағы жарқын науша 
жігіт болып шығады деген лебіз жазып, «Известия» газетінде жариялайды» деп 
жазады. 5, 7   
  Мҽлік  Ғабдуллин  1935  жылы  20  жасында  Қазақтың  Абай  атындағы 
мемлекеттік  педагогтік  институтын  тҽмамдағанда,  ҽйгілі  оқымысты 
Қҧдайберген  Жҧбанов  «Он  ҥш  жас  кҥш»  деген  мақаласында  бір  шоғыр 
айрықша  талантты  жастардың  ішінде  Мҽлік  Ғабдуллинді  «біздің  мҽдени 
жҧртшылығымыз  біліп  те  қалған  деп  атап,  олар  «кҿптің  кҥткеніндей  жеміс 

164 
 
берер»,  «алған  білімдерін  іске  асыра  алар»,  «  ҥмітті  ақтар,  шын  жҧмыскер 
болар» деп кҿрегендік танытады».  
 «-  Қарауылдың  Қҧттымбет  дейтін  бҧтағынан  тараған  қара  қылды  қақ 
жарған,  Абылайды  хан  кҿтерген  Қанай  би,  тілге  келсе  қҧтқармайтын,  білекке 
келсе  жығылмайтын  айтқыш  Бекболат,  Ақырған  даусынан  дҧшпан  сескенген 
Тілеу, Итқара сынды айбатты ерлер – менің ардақты бабаларым. Мҽлік балалық 
шағында  сері  ағасы  Бекенмен  бірге  Желтауда  қҧс  салып,  аң  аулап  жҥргенде, 
ондағы  Кенесары  –  Наурызбай  бекінісін  аталарымның  маған  қалдырған 
блиндажы дейді екен» 6, 8.    
  Ол бала жастан ауыз ҽдебиетінің інжу- маржандарын, қайталанбас кҿркем 
ескерткіштерін естіп, жаттап ҿседі. Есейе келе оның фольклор зерттеуге білек 
сыбанып 
кірісуінде 
табиғи 
заңдылық 
бар. 
Ғалым 
еңбектерінің 
(библиографиясы)  оның  ҿзі  қалаған  бағыт  пен  тақырыпты  ҽуел  бастан  дҧрыс 
белгілеп,  кҿздеген  мақсатына  ҥздіксіз  ілгерілеп  отырғанын  кҿрсетеді.  1930 
жылдардың екінші жартысында-ақ ол фольклортану мҽселесіне арнап бірнеше 
мақала жариялайды. 1949 жылдың 26 қыркҥйегінде жазған ҿмірбаянында ҿзінің 
қазақ ҽдебиетінің тарихымен, фольклормен 1936 жылдан бері айналысып келе 
жатқандығын ескертеді.  
 Сҿйтіп,    Мҽлік  КазПИ-дің  аспирантурасына  ҥлкен  дайындықпен, 
фольклорлық бағытын нақты, дҧрыс айқындап келеді.  
  «Аспирант  М.Ғабдуллиннің  ҿндірістік  жоспары  да  кҿңіл  бҿлерлік. 
Фольклор  мҽселесіне  байланысты  ірі-  ірі  тақырыптарды  меңгеруде  жҥйелі 
уақыт  белгіленген.  Ал  кандидаттық  диссертациясының  тақырыбы,  алдымен, 
Мҧрат Мҿңкеҧлының шығармашылығы (ғылыми  жетекшісі  – Сҽбит Мҧқанов) 
болған  екен.  Содан  кейін  1916  жылғы  ҧлт-  азааттық  кҿтеріліске  байланысты 
туған тарихи жырларды алыпты.  
Алайда,  ҧлтының  ғасырлар  бойғы  ой-  арманын  кҿсілте  айтқан  зар  заман 
тамыршысын, ҧлт- азаттық сарындарды социалистік идеология зерттетпепті. Ең 
соңында  «Едіге  батыр»  мен  «Қобыланды  батыр»  жырларының  тарихи  тек- 
тҿркіндері деп аталыпты. Аспирант кезінде жаны таза, саналы жас сапалы білім 

165 
 
алу  жолында  бар  мҥмкіндігін,  кҥш-      қуатын  аянбай  жҧмсайды,  -  дейді 
ғалымның сҥйікті шҽкірттерінің бірі С. Негимов.  
  Фольклортану  ғылымының  сол  жылдардағы  жетістіктерімен,  арғы-  бергі 
дҽуірлердегі  рухани  ескерткіштерімен  танысады.  Зерделілікпен  тексереді. 
Ыждаһатпен,  ықыласпен  конспект  жазады.  Ол  ҽлемге  ҽйгілі  халық  эпостары 
«Илиада»,  «Одиссея»,  «Джангар»,  «Калевала»,  «Махабкарата»,  «Гесериада», 
«Роланда  туралы  жыр»,  «Тристан  мен  Изольда»,  «Давид  Сасунский»  жҽне 
тҥркі-  монғол  мҧраларын  жіті  тексеріп,  жыға  тҥсініп,  қҧмарлықпен  конспект 
жасайды.  
  Аспирант  кезінде  М.Ғабдуллин  «Қобыланды  батыр»  («Ҽдебиет  жҽне 
искусство»,  1939,  №2).  «Халық  фольклоры  жайында»  («Қазақ  ҽдебиеті»,1940 
жыл,  28  қаңтар,  №6)  деген  зерттеулерін  жазды.  Жас  ғалым  фольклор 
теориясымен мықтап қаруланды. Орыс, ҿзбек, ҽзірбайжан, қалмақ, бурят, алтай, 
саха халықтарының  кҿне  батырлық  эпостарын  мҧқият  зерттейді.  Аса  кҿрнекті 
филологтар  Ф.  И.  Буслаев  (1881-1887),    А.Н.Миллер  (1848-1913),  А.Н. 
Веселовский  (1837-1906),    А.Н.  Афанасьев  (1826-1871),  О.Ф.  Миллер  (1833-
1889) еңбектерін қызыға талдайды.        
  Нҽтижесінде  «Ф.И.Буслаев  –  фольклоршы»  деген  тақырыпта  кҿлемді 
реферат  жазыпты.  Академик  Ю.М.Соколовтың:«Мҽлік  Ғабдуллин  халық 
ҽдебиетін  ҿте  жақсы  кҿреді.  Қолынан  іс  келетін  жастың  бірі»  -  деуінде  негіз 
бар. 
   Республика  Ғылым  академиясының  корреспондент-  мҥшесі,  филология 
ғылымының  докторы,  профессор  Н.С.Смирнова  (1907-1978),  академик 
Ю.М.Соколов, сияқты белгілі адамдар алғыр жастың талантын тҥлетіп ҧшыруға 
қол  ҧшын  созды,  азамат  ретінде  қайырымдылық  кҿрсетті.  Мҽліктің  фольклор 
ғылымының  биігіне  шыға  алатынына,  еңбекқорлығына  сҥйсінгендерін 
жасырмайды.  
   «Оқы деген ондаған, жҥздеген кітаптарды оқып шыққаннан кейін Мҽлік 
ҿзін  қызықтырған,  тереңірек  зерттеуіне  мҥмкіншілік  берерлік  тақырып  «40-
жылдардағы  орыс  фольклоры»  деген  тарау  туралы  баяндама  жасауды  сҧрады. 

166 
 
Буслаевты  тақырып  етіп  алды.  Бҧл  жҧмыста  Мҽлік  ҿзінің  ҿте  тиянақтылығын 
кҿрсетті. Ол Буслаевті зерттеп жҥрген кезінде, оның ҽдебиет жҽне тіл жҿнінде 
жазылған  еңбектерінің  кҿбін  оқып  шықты.  Сонан  соң  оның  хаттарын, 
замандастарының ол туралы жазғандарын оқыды. Мҧның ҿзі тақырыпты терең 
зерттеу,  нағыз  ғылыми  ҽдіс  еді.  Қиындықтырды  ҥнемі  сабырлылықпен  жеңе 
отырып,  ол  жаңадан  коспектілер  жасаушы  еді.  Оның  картотекалары  кҿбейді. 
Терминологиялық сҿздігіндегі терминдердің саны ҿсті.  
Сонан  кейін  ол  «Буслаев-  фольклорист»  деген  тақырыпта  еңбек  жазып, 
ҽзірлей бастады. Мҽліктің ісіне қызығып жҥрген академик Ю.М. Соколов Мҽлік 
ғылыми  зерттеудің  кҥнделікті  жҧмыстарына  тҿселіп,  оны  меңгеріп  алған  екен 
деп  қорытты.  Ю.М.Соколов  Мҽліктің  Буслаев  туралы  жазған  еңбегінде  қазақ 
фольклор материалдарына сҥйене отырып, Буслаевтің концепцияларын сынаған 
бҿлімі, зерттеу жҧмысындағы жаңалық деп айрықша кҿрсетті» 7, 23.    
1938  жылы  Ленинград  қаласына  бір  айлық  фольклористер  курсына  іс- 
сапармен барады. Фольклортанушылар курсында оқи жҥріп, осы мақсатта жаңа 
қалыптасып,  жетіліп  келе  жатқан  қазақ  фольклористикасына  пайдалы 
жҧмыстар тындырады.   
7-11  маусым  кҥндерінде  КСРО  Ғылым  академиясының  Этнография 
институтының  ҧйымдастыруымен  Ленинград  қаласында  ҿткен  конференцияда  
М.Ғабдуллиннің  «Қазақ  халқының  ауыз  ҽдебиеті»  деген  тақырыпта  ғылыми 
хабарламасы  тыңдалды.  Мҧнда  КСРО  Ғылым  академиясының  Қазақстандық 
филиалында  Жамбылдың  ҿмірі  мен  шығармашылығын  зерттейтін  бҿлім  болу 
керек деп мҽлімдеген.  
Аспирантураға  дейін-ақ  Мҽскеу,  Санкт-Петербург,  Омбы  жҽне  Орынбор 
қалаларының  архивтерін  сҥзіп  шығады.  Шоқан  мен  Абай  шығармашылығына 
зейін қояды. «Дала уалаяты газетін» ақтарады.  
 Аспирант  жылдарында  ғылым  жҿнінде  ірі,  кҥрделі  ізденістер  жасады. 
Ҧлттық  фолклортану  жазба  поэзия  хақындағы  ой-  толғаныстары  ҿз  алдына. 
Оған  қоса  қоғамдық-  ҽлеуметтік  жҧмыстарға  да  ден  қояды.  Оқу-ҿндірістік 
жоспарын  да  мҥлтіксіз  орындайды.  Осылайша  сол  кездегі  ҽлі  толық 

167 
 
зерттелмеген  қазақ  фольклористикасы  аспирант  М.Ғабдуллиннің  зерттеу 
объектісіне айналды. 
 Болашақ  фольклортанушы  ғалым  М.Ғабдуллиннің  халық  ҽдебиетін 
зерттеушілік  кҿзқарасының  ерте  қалыптасуына  табиғи  тумысынан  ерекше 
зерделілігі,  ес  білгеннен  ҥлгілі,  ҿнегелі  фольклорлық  дҽстҥр  мен  ортада  ҿмір 
сҥріп  ер  жетуі  басты  себеп  болды.  Оны  қазақтың  бай  фольклорлық  мҧрасы, 
кҿркем  тілі  қызықтырды.  Ҿлмес  рухы  қажыр-  қайрат  беріп,    болашаққа 
жетеледі. 
  Халық ауыз ҽдебиетінің ауыр жҥгін қазақ фольклортанушыларымен бірге 
арқалап,  ғылымдағы  жолын  фольклор  бағытында  айқындап,  осы  жолдың 
ыстық-  суығын  бірге  кҿтерісуге  бел  буған  Мҽліктің  қызметі  сол  кездегі 
атқарылып жатқан жҧмыстармен тығыз байланыста, бір бағытта жҥріп отырды.  
        М.Ғабдуллин 
тҽрізді 
қазақ 
ҧлтының 
маңдайына 
біткен 
майталмандарының  иығына  сол  заманның  рухани  қажеттілігін  жан-  жақты 
меңгеру,  орындау,  жҥзеге  асыру  міндеттері  жҥктелді.  Осы  кезде  Мҽлік  ерен 
еңбеккерліктің ҥлгісін кҿрсетті. Ҧлттық ҽдебиеттің тарихы мен теориясы, ҽлем 
ҽдебиетінің асыл қазынасы, фольклор табиғаты, араб, латын, кириллица секілді 
таңбалар  жҥйесін  меңгеру,  елді  сҽулелендіру,  редакция  шаруасы,  орыс,  қазақ 
тілдерінде тҿгілте жазу, ғылыми- зерттеу істері.   
Қазақ фольклористерінің ауыз ҽдебиетін жазу, жинау, зерттеу жҧмыстары 
халықтың  социалистік  жаңа  ҿмір  қҧру  жолындағы  істерімен    жҽне  қазақ 
халқының тҥрі ҧлттық, мазмҧны социалистік мҽдениетінің жалпы гҥлденуімен 
тікелей  байланысты  болды.  Тағы  бір  айтатынымыз  фольклорға  «ҽлеуметтік-
саяси,  таптық  кҿзқарас  тҧрғысынан  қарау»,  «фольклордың  халықтығы  
жҿніндегі»  мҽселелерді  қатаң  сақтау  керек  болды.  Жалпы  кеңес 
фольклористикасы  сияқты  қазақ  фольклористикасы  да  ендігі  жерде  маркстік- 
лениндік  методологияның  негіздеріне  сҥйенуі  тиіс  болды.    1920  жылдардың 
алғашқы  кездерінен-  ақ  ҥкіметтің  арнаулы  қаулысы  бойынша  бір  топ  ғылыми 
орталықтар іс бастады.  

168 
 
   Қазақтың  кҿптеген  жазушылары,  театр  қайраткерлері,  музыканттар, 
мҧғалімдер,  мҽдениет  ошағының  қызметкерлері    халық  поэзиясының 
шығармаларын  жинауға  атсалысады.  С.Сейфуллин,  М.Ҽуезов,  С.Мҧқанов 
сияқты  жазушылар  ауыз  ҽдебиетін  жинау  жҧмысына  белсенді  тҥрде 
қатынасады.  Халықтан  жазылып  алынған  шығармалар  ҽр  тҥрлі  жинақтарда 
жарияланып,  кҿпшілікке  кеңінен  тарала  бастады.  Қазақстан  фольклористері 
ендігі  жерде  ауыз  ҽдебиетін  сала-  салаға  бҿліп  зерттей  бастады.  Ауыз 
ҽдебиетінің  шығармаларын  жанрлық  ерекшеліктеріне  қарай  бҿлу,  бҧрын 
зерттеу  ісінде  болып  келген  кемшіліктердің  орнын  толтырды.  Фольклорист-
ғалымдар  ауыз  ҽдебиетін  жанрға  бҿлу  жҿніндегі  мҽселені  қазақ  халқының 
тарихымен байланыстырды.  
1930  жылдардың  орта  кезінен  бастап  кеңес  фольклористикасы  ҿзінің 
идеялық-  теориялық  дҽрежесінің  ҿсуі  жағынан  анағҧрлым  жоғары  сатыға 
кҿтерілді.  Ҽрбір  республикадағы  жазушылар  одағының  жанынан  халық 
творчествосының  секциясы,  жоғары  оқу  орындарында  ауыз  ҽдебиетінің 
кафедрасы,  ғылми-  зерттеу  институттарында  бҿлімдер  мен  секторлар 
ҧйымдастырыла бастайды.   
Қазақстанда  ауыз  ҽдебиетін  жинау,  зерттеу  жҧмыстарымен  жазушылар 
одағының  поэзия  секциясы,  Қазақтың  С.М.  Киров  атындағы  Мемлекеттік 
университеті  мен  Қазақтың  Абай  атындағы  педагогтік  институтының  қазақ 
ҽдебиеті  кафедрасы,  Ҧлт  мҽдениетінің  фольклор  секторы,  кейіннен  СССР 
Ғылым  академиясы  Қазақ  филиалының  Тіл,  ҽдебиет,  тарих  институты  (1946 
жылдан бастап Қазақ ССР Ғылым академиясының  Тіл мен ҽдебиет институты) 
шҧғылданды. 
 Бҧл  ҧйымдар  Қазақстанның  жер-  жеріне  экспедициялар  жіберіп,  ауыз 
ҽдебиетінің материалдарын жинатып отырды. Ауыз ҽдебиетін жинаушылар тек 
материалдарды  жазып  алып  қана  қоймай,  оны  айтушы  адамдармен  ҥнемі 
байланыс жасап, қамқорлыққа алды. Ел арасынан ауыз ҽдебиетін жинау істері 
де  кҿпшілік  арасында  жҥргізілген  саяси-  тҽрбие  жҧмыстарымен  байланысты 
болды. 

169 
 
  Ауыз ҽдебиеті мҧрасын жинау белгілі бір программа бойынша жҥргізіліп, 
ғылыми мҽні бар іске айналды.  
  Фольклортанушы    жас  ғалым  М.Ғабдуллин  бҧл  істердің  бҽрінің  де 
жалғастырушысы,  кейінгі  буынға  жол  сілтейтін  жетекшісі  болды.  Мҽлік  сол 
кездегі  ауыл-елге  кҿп  тарайтын  газеттің  бірі  «Тҿте  оқуға»  арнайы  мақала 
жазды.  Газеттің  1938  жылғы  21  тамыздағы  санында  жарияланған  «Халық 
ҽдебиетін  жинайық»  атты  мақаласында  ол  Қазақ  ССР  Орталық  комитетінің 
қаулысымен  Ҧлт  мҽдениеті  институтының  қҧрамында  халық  творчествосын 
зерттейтін бҿлім ашылғанын қуана хабарлайды.  
Осы бҿлімнің алдында тҧрған міндеттері жайында айта келіп, жҧртшылық 
болып ауыз ҽдебиетінің ҥлгілерін жинауға атсалысайық, сҿйтіп, олардың тҽуір 
нҧсқаларын  баспа  жҥзінде  жариялауға,  зерттеуге  ҥлес  қосайық  деген  пікір 
қозғайды.  Сонымен  бірге  ел  аузында  айтылып  жҥрген  ертегі,  аңыз,  мақал-
мҽтел,  жыр-  дастан,  ҿлең-термелерді  жазып  алудың  ғылыми  тҽртібін 
тҥсіндіреді.  
М.Ғабдуллин  Жҥсіпов  Мҧзараптан  жазып  алған  «Адам    батыр»  жырын 
қолжазба  қорына  тапсырған.  (Ғылым  академиясы  қолжазба  қорынан  140  Д., 
№367, 12.12. 1941 ж.) Алдағы уақытта аталған жырды жан-жақты зерттеу кезегі 
тҧр.  Ҽлі  кҥнге  еш  жерде  жарияланбаған  жырды  осы  монографиялық  еңбекте 
ҧсынамыз. 
Адам  батыр 
                                                             Ақылы жоқ басқа адырайған кҿз бітеді. 
                                                                                                     (Халық мақалы) 
Ешкімнен батыр қорықпас «кҥшті ғой» деп 
Жыланнан қылыш қайтпас «істі» ғой деп. 
Жалмауыздан қаһарман жасқанбайды, 
Ақсыйған алты қарыс «тісті ғой» деп 
 
Кек қайтпас кекті жауды жаншып ҿтпей, 
Қыйратып қыршынынан қыймай шҿптей. 

170 
 
Ертеде «Адам» деген ер ҿтіпті, 
Қайтпаған қастасқанның қанын тҿкпей. 
 
Бір кҥні кҿп кісімен аңға шықты. 
Бір ҥлкен алдындағы тауға шықты. 
Ҥш жҥз жыл мекен еткен жыртқыштықпен 
Ол тауда жатушы еді, бір дҽу мықты. 
 
Қанды ауыз, қара тҧмсық, аю тырнақ. 
Айбат етті батырға тасты тырнап. 
Араммен ауызданған қара ниет 
Етін жеп адамзаттың қорек қылмақ. 
 
Тау екен дҽудің ҥйі шегендеулі 
Сескенбеді қорқып адам кеулі. 
Ҥңгірдің бір шетінде қараңғыда 
Кҿп кісі жатыр екен кҿгендеулі. 
 
Адамды кҿргеннен соң жылады олар 
Кҿл қылып кҿздің жасын бҧлады олар 
Ҿксіді ҿміріміз қараңғыда 
Қҧтқар деп бізді азаптан сҧрады олар. 
 
Бір кезде адамды дҽу болды жҧтпақ 
Тоймақшы болып оның қанын ҧрттап. 
Сол кезде қылышын тез қолына алып 
Желкеден Адам дҽуді салды мықтап. 
 
Домалап дҽуідің басы жерге тҥсті 
Сонда да секіріп жҥр қайрап тісті 

171 
 
Кескілеп Адам батыр тастады оны 
Кімнің ісі болса ҽділ сол ғой кҥшті. 
 
Босанып тҧтқын жандар кҿгендегі, 
Тарқады кҿңіліндегі шемендері 
Мҽз болып ҿз жайына қайтты бҽрі 
Тарасып отанына ел-елдегі. 
 
Гитлер жалғыз кҿзді дҽу емес пе, 
Арамза адамзатқа жау емес пе, 
Не болса да жҧтудан тайынбайтын 
Нҽпсісі нағылеттің қау емес пе 
 
Дҽу болса енді мықты басы қыйылады. 
Залымның кҿзіне қҧм қҧйылады. 
Адам жауы, адамнан бір досы жоқ, 
Ҿлдім деп ол ит кімге сыйынады. 
Жас  ғалымның  бҧл  айтқандары  осы  уақытқа  дейін  ҿзінің  мҽн-  маңызын 
жойған жоқ. Ҿйткені, халық мҧрасын жинау ісі ҽлі де жҥргізіліп келеді.  
«Қазақ  ҽдебиеті»  газетінің  1940  жылғы  28  қаңтардағы  санында 
жарияланған  «Халық  фольклоры  жайында»  деген  мақаласында  М.Ғабдуллин 
фольклорист  ғалым  ҽрі  жинаушы,  ҽрі  зерттеуші  болуы  керек  екенін  тағы  да 
ескертеді. «Фольклорды, ҽсіресе, батырлар жырын зерттеуде біздің алдымызда 
бірнеше  кҥрделі  міндеттер  тҧр,  -  деп  жазды  ол.  Ең  алдымен  осы  кҥнге  дейін 
жиналмай,  халық  аузында  қыдырып  жҥрген  жырларды  жинап  алу  керек.  Бір 
жыр  бірнеше  вариантта  болатыны  анық.  Ғылыми  зерттеу  ҥшін  сол 
варианттардың  бҽрі  де  ҿте  қымбат,  бағалы.  Біз  иемденіп  «ҿзіміздікі»  деп 
жҥрген  жырлардың  біразы  кҿршілес  елдерден  де  кездеседі.  Алдағы  кҥнде 
зерттеу  жҧмысын  жҥргізгенде  батырлар  жырының  ҿзімізде  бар  варианттарын 
ғана  пайдалану,  олардың  қай  жерде  қалай  айтылатынын  салыстыру  жҽне  бір 

172 
 
жырдың  бірнеше  басылғандарындағы  қосындыларды,  ҿзгеріс-  жамауларды 
салыстырып  зерттеу  аздық  етеді».  Бҧл  пікірінің  дҧрыстығы  оның  ҿз 
зерттеулерінен де, кейінгі еңбектерден де кҿрінеді.  
М.Ғабдуллин  ауыз  ҽдебиетін  жинау  жҧмысында  ҧжымдық  істерге 
басшылық  жасады  жҽне  ҿз  тарапынан  тікелей  араласты.  Оның  ҿтінуімен 
Қазақстанның ҽр тҥкпірінен фольклор ҥлгілерін жазып жіберіп отырған.  
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1.
 
Мусин Ж. Жер шоқтығы Кҿкшетау. - Алматы, 1989.-142 б.  
2.
 
Сонда, 143 б.  
3.
 
Мусин Ж. Жер шоқтығы Кҿкшетау. - Алматы, 1989.- 144 б.  
4.
 
Мҧқанов С. Біздің Мҽлік. Алматы, 1980.- 22- б.  
5.
 
Негимов С.  Ғибраты мол ғҧмыр.- Астана, 2001.- 7б.  
6.
 
Қазақ ҽдебиетінің тарихы. Алматы. 1960. – 8 б.  
7.
 
Мҧқанов С. Біздің Мҽлік. Алматы. 1980.- 23 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

173 
 
МАЗМҦНЫ 
 
Алғы сҿз                                                                                                                        3                                                             
І БӚЛІМ. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ тіл білімінің мәселелері 
Оразалин С.Қ. С.Аманжолов мҧрасы - бҥгінгі ғылыми  зерттеулер негізі            6 
Еңсебаева К.К., Бағдатова Д. Кҿркем мҽтіндегі тілдік тҧлға сабақтастығы        12 
Бияров  Б.Н.  Сан  есімдер  мен  сандық  ҧғымды  білдіретін  сҿздердің 
топонимжасамға қатысу қабілеті                                                                             28 
Айтмукашова А.А. Отбасылық ғҧрыптар фольклоры лексикасы                        42 
Ҽлімхан  А.  Ҽ.  Шығыс  Қазақстан  топонимиясының  лингвистикалық 
стратиграфиясы                                                                                                          58 
Ҽлімхан  А.  Ҽ.  Шығыс  Қазақстан  ҿңіріндегі  кейбір  топонимдердің 
этимологиясы                                                                                                             69 
Қайырбаева 
Ж.Қ. 
Акценттелудегі 
интонация 
компоненттері 
мен 
функцияларының  маңызы                                                                                        76 
Сапанова А. М. Фразеологизмдердің қҧрамдық-қҧрылымдық сипаты               90                    
Бияров Б.Н., Ибраева М.К. Тҥркі тілдерінің топтастырылу мҽселелері            102 
 
ІІ БӚЛІМ. ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ӘДЕБИЕТТАНУ  
Ердембеков Б.А. Қуатты ойдан бас құрап...                                                         117                                                 
Картаева А.М. Тҽуелсіздік кезеңіндегі ҽуезовтану                                                      126 
Келгембаева Б.Б. 
«Жҥрегімнің соғысы жырымда тҧр...»                                      136 
Сейпутанова  А.Қ. Ҽдеби байланыс жҽне салыстырмалы ҽдебиеттану              146 
Барбосынова Қ.Т. Тарихи жырлар – тарих кҿзі                                                    152 
Апышева Г.А. Мҽлік Ғабдуллин – фольклортанушы ғалым                               160 
 
 
 
 
 

174 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тәуелсіздік кезеңіндегі филологиялық зерттеулер 
 
Ұжымдық монография 
 
 
Автор түпнұсқасынан кӛшірме жасау арқылы басып шығарылды 
Мазмұны үшін Баспа жауапты емес 
 
 
Басуға 30.11.2016 ж. қол қойылды     Пішімі 60х84/16     Шартты баспа табағы 10,12   
Есептік баспа табағы 8,88      Таралымы 500 дана     Тапсырыс 571     Бағасы келісімді 
 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы 
070020, Ҿскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия кҿшесі, 42 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет