1.
Қайдаров Ҽ. Тарихи лексикология жҽне этнолингвистика//Қазақ тілі
тарихи лексикологиясының мҽселелері. – Алматы, 1988, - Б.33-38.
2.
Нҧрмаханов А. Тҥркі фразеологиясы. Алматы: Ғылым, 1998. - 270б.
3.
Сатенова С.К. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік
жҽне поэтикалық табиғаты – Алматы: Ғылым, 1997. – 184 б.
4.
Кеңесбаев І.K «Қазақ тілінің фраезологиялық сҿздігі. Алматы, 1977.
5.
Осмонова Ж., Конкобаев К., Жапаров Ш. «Кыргыз тилинин
фразеологиялык сҿздҥгҥ» Бишкек, 2001. -518 б.
6.
Жилкубаева А.Ш. Тҥркі этномҽдени кеңістігіндегі тағам атауларының
жҥйесі. Ҿскемен, 2012. – 231 б.
102
БИЯРОВ Б.Н., ИБРАЕВА М.К.
ТҤРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ТОПТАСТЫРЫЛУ МҼСЕЛЕЛЕРІ
1.Тҥркі тілдерін топтастырудағы кейбір кемшіліктер.
"Тілдер мен диалектілерді топтастыру принципі (ҧстанымы) - тҥркі
тілдерінің, сонымен бірге жалпы тіл білімінің ҿзекті мҽселелерінің бірі, - дейді
профессор Н.З.Гаджиева. - Тілдердің тҥрін (типін) анықтайтын, оны одан ҽрі
ҧсақ бірліктерге жіктеп ҽкететін теориялық негіздеме жеткілікті емес" [1; 100
б]. Нақты бір тілге қолданылатын тҥр ҧғымының ҿзі кҿп белгісізі бар теңдеу
сияқты болып келеді. Мҽселен, ҿзбек тілі қарлҧқ топшасына жатқанмен, екінші
жағынан қыпшақ топшасының элементтері де мол кездесетіні белгілі.
Белгілі бір диалект, сҿйленістің ҿзінде жеке тҥрге лайық белгілер табылып
жатады. Мысалы, ҿзбек ҽдеби тіліне негіз болған диалект о-дыбыстық
(окающих), ҥндестік заңы сақталмайтын, алты дауыстысы бар топқа жатады.
Қазақ ҽдеби тілі ч >ш жҽне ш >с дыбыс алмасулары тҽн диалектіні негіз етіп
алған. Татар ҽдеби тілі тіл арты к жҽне г дыбыстарын сақтайтын, ц дыбысы жоқ
диалектіге сҥйенеді.
Сонымен бірге тілдегі диалектілер тобын да бҿліп кҿрсетуге болады.
Ҽзірбайжан тілінің шығыс диалектісіне мҧрын жолды дауыссыздар мен тіл
арты ұ дыбысының болмауы, ашық дауыстылардың қысаңға айналуы тҽн болса,
батыс диалектілер тобына сҿз ортасында б>в дыбыс алмасуының орын алуы,
сҿз соңындағы қатаңдардың спирантталуы тҽн болып келеді.
Бір тілдің шеткі аймағына тараған диалектілер кҿрші тҥркі тілдеріне тҽн
белгілерді қабылдауы мҥмкін. Ҿзбек тілінің солтҥстік диалектісі қазақ тіліне
ҧқсас болып келсе, басқа бір диалектілері ҧйғыр тіліне жақындайды. Қырғыз
тілінің оңтҥстік диалектісі ҿзбек тілімен байланысса, башқҧрт тілінің шығыс
диалектісі қазақ тіліне біртабан жақын келеді.
Сҿйтіп топтастырудың иерархиясы пайда болады: ірі топтардың тҥрлік
белгілері, одан соң кіші диалект, сҿйленістердің белгілері. Осыған орай ҿзбек,
103
қазақ, қырғыз, қарақалпақ, татар сияқты тілдердің тҥрлері туралы қазіргі кезде
кҿп нҽрсе айта аламыз. Олардың бір-бірінен айырмашылықтарын да осы
анықталған тҥрлер арқылы ажырата аламыз. Сондықтан топтастырудың сенімді
болуы ондағы тілдердің толық зерттелуіне, тҥрлерінің айқын саралануына
тікелей тҽуелді болып келеді.
Алайда қазіргі кезде қолда бар топтастырулардың барлығының дерлік
тҥрді нақты айқындайтын белгілі бір критериилері жоқ. Ҧстанған ҧстанымдары
(принциптері) де ҽртҥрлі. Зерттеушілердің кҿбі ҽр диалект мен топтарды
ерекшелейтін кҿзге тҥскен белгілерді санамалап шығумен шектеліп отырады.
Профессор Е.Д.Поливанов ҿзбек тілінің ҥш генетикалық сҿйленістерін
анықтайды: оңтҥстік-шығыс немесе шағатай тобына тағ жҽне сарығ
сҿзтҧлғалары тҽн; оңтҥстік-батыс немесе оғыз тобына дағ жҽне сари (са:ри)
сҿтҧлғалары тҽн; солтҥстік-батыс немесе қыпшақ тобына тау жҽне сары
сҿзтҧлғалары тҽн дейді.
Ферғана сҿйленісінің тҿрт тҥрі бар екенін де ғалым атап ҿтеді. Ферғана
говоры, самарқант-бҧқар жҽне ташкент говорларына қарағанда, нг мҧрын
жолды дыбысын ң тҥрінде толық мҧрын жолы арқылы айтатынын келтіре
кетеді [2;34 б].
Академик В.В.Радлов Ташкент облысының курамин сҿйленісін
ерекшелейтін белгілерді былайша атап кҿрсетеді: 1) ж дыбысын толық айтатын
топша (м.: жоқ); 2) а дыбысын анық айтатын топша; 3) сҿз басындағы
дауыстыларды барынша дифтонг тҥрінде айтатын топша; 4) қосымшадағы а/э
алмасуынан э дыбысын баса айтатындар; 5) ийт, бийт сҿздерінде дифтонгтің
байқалуы; 6) х дыбысын қ дыбысына ауыстырып қолдану; 7) чай>шай
ауысуының кездесуі; 8) а дыбысын айтатын топша сияқты ж дыбысын айтатын
сҿйленісте дауыстылар жҥйесі 9 дауытыдан тҧрады [3;14 б].
Н.А.Баскаков алтай тілін топтастыруда солтҥстік жҽне оңтҥстік
диалектілерге бҿліп қарайды. Солтҥстік диалект оңтҥстігінен біршама
алшақтанады жҽне кҿрші шор тілімен ортақ элементтері басым болып келеді.
104
Ал алтай тілінің оңтҥстік диалектісі қырғыз тіліне сҽйкестенеді дейді ғалым
[4;69 б].
Тҥркітану тақырыбындағы ҽдебиеттерде жалпы диалектілерге тҽн
белгілерді анықтауға талпыныстар жасалып отырды. Мҽселен, Н.А.Баскаков
ноғай тілінің диалектілеріне тҽн дауыссыздардың мынадай белгілерін бҿліп
кҿрсетеді: 1) ақноғайдың қаңлы жҽне қараноғай диалектілерінде ш>с дыбыс
алмасуы жиі кездеседі; 2) ноғай жҽне қараноғай диалектілерінде есімдіктің 1-
жағы кҿпше тҥрдегі қосымшасында з >с алмасуы орын алады; 3) ноғай жҽне
қараноғай диалектілерінде кірме сҿздердегі х дыбысы къ дыбысымен алмасады;
4) ноғай диалектісінде сҿз басында ж қолданылса, қараноғай диалектісінде й
қолданылады; 5) н, нъ, м ҥнділерінен кейін д>т ассимилияциясы жҥреді, ал
ақноғайда дҽл осы жағдайда д> н алмасуы жҥреді; ҥш диалектіде де сҿз
басында п/б дыбыс алмасуы бар; 7) еріндік б дауыссызының диссимиляциясы
кҿрініс береді; 8) метатеза қҧбылысы бар [5;26 б].
Алайда атап ҿтілген фонетикалық белгілер немесе ерекшеліктер тек ноғай
тіліне ғана тҽн деуге болмайды. Мысалы, ш-с дыбыс алмасуы қазақ, қырғыз,
ҿзбек, ноғай сияқты бірқатар тҥркі тілдерінде де кездеседі. Ал ж-й дыбыс
алмасуы тіпті Орта Азия тілдеріне кең тараған қҧбылыс болып табылады.
Дауыссыздардың н-д-т ассимилияциясы қазақ, қырғыз, ҿзбек, тҥркімен
диалектілерінде молдап ҧшырасады. Бҧл жерде олардың кҿрініс беру кҿлемі,
ауқымы туралы ғана бҿле-жарып сҿз етуге болады. Сҿз басындағы п/б дыбыс
алмасуы барлық тҥркі тілдерінде бар ҿзгеріс екені дау туғызбаса керек.
И.А.Батмановтың қырғыз тілінің кҿршілері қазақ, ҿзбек тілдерінен
ҿзгешелігін анықтауға арналған талпынысын атап ҿтуге болады: 1)
дифтонгтерді созылыңқы дауыстылармен алмастыру (тау>тоо); 2) дауыстылар
жҥйесі 8 қысқа фонемедан: а, е, о, ӛ, і, ы, и, у жҽне 6 созылыңқы дауыстыдан:
аа, ее, оо, ӛӛ, ии, уу тҧрады; 3) ж дыбысын айтады; 4) ерін ҥндестігі жақсы
сақталған; 5) қосымшадағы л мен д н дыбысына ауыспайды; 6) һ фонемасы жоқ;
7) қырғыз, ҿзбек тілдерінде ч - қазақ тілінде ш-ға ауысады (қырғыз. чач, ҿзбек.
105
чоч, қазақ. шаш); 8) қырғыз, ҿзбек тілдеріндегі ш - қазақ тілінде с-ға алмасады
(таш-тас); 9) нақ осы шақ тҧлғасы бар: барып жатат [6; 11 б].
Алайда осы нақты зерттеудің ҿзі қырғыздың ҽдеби тіліне тҽн белгілерді
ғана іріктеп алған да, барлық диалектілерді қамтымаған. Ҽйтпесе ҽдеби тілде
жоқ э фонемасы басқа диалектілерде бар. Ҽдеби тілдегі тоо тҧлғасы кҿптеген
диалектілерде тау немесе тағ тҥрінде кездесіп отырады. Оңтҥстік
диалектісінде ж орнына й айтылады.
Бҧл тҧрғыдан алғанда, К.К.Юдахинның қырғыз тілін топтастырудағы
таңдап алған белгілері назар аударуға тҧрарлық: 1) шектеу демеулігі эле; 2) нақ
осы шақ тҧлғасы -ыбатат, -атат: жазыбатат, баратат; 3) ҿткен шақтағы -чу
тҧлғасы бар: жазчумын "ол жазды"; 4) етістіктен есім жасайтын -май форманты
бар; 5) ілік септігінде -н форманты кездеседі; 6) болымсыздық тҧлғасы элек бар;
7) ерін ҥндестігі оңтҥстігінде сҽл-пҽл ҽлсірейді, ал солтҥстігінде кҥшті
сақталған [7;51 б].
К.К.Юдахин осылайша ҽр диалектілерге тҽн белгілердің кездесу жиілігін
анықтайды. Бҧл жҿнінде Э.Р.Тенишевтің ҧйғыр тілінің диалектілерін анықтауы
жҥйелі сипатқа келеді. Ол барлық белгілердің ішінен фонетикалық
ерекшеліктер жалпылық, жҥйелілік қалыпта болатынын ескертеді: 1) і
фонемасы жҽне оның нҧсқалары; 2) дауыстылардың бареп жҽне йолдас тҥрінде
ҥндесуі; 3) дауыстылардың тағы бір ҥндесуі беріп жҽне томур тҥрінде келуі; 4)
дауыссыздардың ассимилияциясы қаз-зар жҽне той-йас; 5) келер шақтың 1-
жақ тҧлғасы: барымен, баретмен, баредемен тҥрлерінде айтылады; 6) келер
шақтың 3-жақ тҧлғасы: барыду, келіду немесе барыту, келіту болып келеді
[8;136 б].
Ҧйғыр тілінің диалектілерін топтастыруда Ҽ.Т.Қайдардың еңбегі біршама
толық жазылған. Ғалым: "Ҧйғыр диалектілері мен сҿйленістеріне тҽн жалпы
ерекшеліктерді анықтау ҿте маңызды. Олар белгілі бір топ қҧрап қана
қоймайды, біріге келе біртҧтас тілдің негізін қҧрайды", - дейді [9;19 б].
Алайда Ҽ.Т.Қайдардың теріп шыққан жалпы ерекшеліктері де ҧйғыр
тілінің ҿзіндік сипатын толық ашып бере алмайды. Академик айтқан
106
дауыстылардың редукциясы, ерін, езу ҥндестігінің сақталмауы, геминация, й
дыбысын айту, е фонемасының жиі қолданылуы басқа тҥркі тілдерінде де бар
қҧбылыстар.
Бҧның бҽрі тіл біліміндегі жалпыхалықтық тіл ҧғымына нақты
анықтаманың берілмеуінен туындайтын мҽселелерден келіп шығады.
В.А.Богородицкий барлық тҥркі тілдерін жеті топқа бҿліп қарайды: 1)
солтҥстік-шығыс; 2) хакас (абақан); 3)алтай; 4) батыс сібір; 5) еділ-орал; 6) орта
азия; 7) оңтҥстік-батыс топтары. Ғалым солтҥстік-шығыс топқа якут-саха,
қарақас жҽне тува тілдерін жатқызады. Саха тіліне тҽн ерекшеліктер - сҿз
басында с дыбысының айтылмауы жҽне дифтонгтердің дамуы. Ал тыва,
қарақас, хакас тілдерінің типтік ерешелігін В.А.Богородицкий й >ч жҽне ч >ш
алмасулары деп біледі. Мҧндай топтастырудан саха, тыва, қарақас, хакас
тілдерінің байланысын тап басып тану қиын. Оның ҥстіне хакас (абақан)
тобының ерекшелігі деп кҿрсетілген сҿз соңындағы ш >ч алмасуы жеткілікті
анықталмаған. Ал алтай тілін қырғыз тіліне ҧқсас деп жалпылама тҥрде атап
қана кетеді. Батыс Сібір тобына сібір татарларының барлық сҿйленістерін бірақ
енгізеді (шҧлым, ишим, тюмен т.б.). Бҧл сҿйленістерге ортақ белгі ретінде ч>ц
алмасуы (цоканье) таңдап алынған, ал бҧл ерекшелік сондай кҥшті тілдік дерек
бола алмайды. Себебі цоканье қазан татарларында да кездеседі. Ғалымның еділ-
орал тобына жатқызған татар, башқҧрт тілдерінің негізгі белгісі дейтін е>о, о>у
дауыстыларының қысаңдануы чуваш тілінде кездесетін қҧбылыс болып
табылады. В.А.Богородицкий орта азия тобына ҧйғыр, қазақ, қырғыз, ҿзбек,
қарақалпақ тілдерін талғап, талдап жатпастан қосып жібереді. Бҧл тілдерді
байланыстырып тҧрған не екені ашып кҿрсетілмеген. Ендігі кезекте оңтҥстік-
батыс топқа тҥркімен, ҽзірбайжан, қҧмық, гагауыз, тҥрік тілдерін тоғыстырады.
Тіпті бҧл топқа чуваш тілінің де ҧқсастығы бар болып шығады. Мҧнда қҧмық
тілі қалай кіріп кеткен деген заңды сҧрақ туады [10;16 б].
В.В.Радловтың тҥркі тілдерінің тҿрт тобын бҿліп кҿрсеткені белгілі: 1)
шығыс, 2) батыс, 3) орта азия, 4) оңтҥстік топтары. Шығыс тобына алтай,
барабин, об-енисей тҥріктері, шҧлым, қарақас, хакас, шор жҽне тыва тілдері
107
жатқызылады. В.В.Радлов батыс топқа Батыс Сібір татарларын, қырғыз, қазақ,
башқҧрт, татар жҽне шартты тҥрде қарақалпақ тілдерін енгізеді. Орта Азия
тобына ҧйғыр жҽне ҿзбек тілдері; оңтҥстік топқа - тҥркімен, ҽзірбайжан жҽне
тҥрік тілдері, қырым татарларының оңтҥстік диалектісі кіреді. В.В.Радловтың
фонетикалық ерекшеліктерге сҥйеніп жасаған топтастыруы толыққанды болып
шықпаған. Мҽселен, батыс тобына тҽн негізгі ерекшелік қатаң к, т, кейде п
дыбыстарының сҿз басында келуі (күн, оңтҥстікте гун), барлық буында с, з жҽне
ш дауыссыздарының кездесуі т.б. Оңтҥстік топта ҧяң г, д, б сҿз басында жиі
айтылады, қысаң дауыстылардың еріндікке айналуы т.б. Алайда топтарды
нақты айырып кҿрсететін фонетикалық ерекшеліктер анық емес. Мысалы, сҿз
басында келетін ҧяң б батыс тобына тҽн ерекшелік деп алынған (баш-паш), ал
мҧндай қҧбылыс оңтҥстік жҽне орта азия топтарында да кездесетіні
ескерілмеген. Бірінші буында кездесетін о, ӛ оңтҥстік топтың да, орта азия
тобының да ерекшелігі ретінде кҿрсетілген [11;281 б].
Ф.Е.Корш тҥркі тілдерін топтастырғанда, кейбір тілдік ерекшеліктерді ҿте
кең ареалға таратып ҽкетеді. Мҽселен, тіл арты ғ дыбысының кейбір тілде
сақталмауы, кейбір тілде у-ға айналуы (дағ-тау) т.б. Сҿйтіп топтастыруды
кҥрделендіріп алады, бірақ фонетикалық, мофологиялық белгілерге сҥйеніп, ең
нақты, жалпыға тҽн ерекшеліктерді таңдап алуы дҧрыс тҽсілге жатады [12;451
б].
Дҽл осындай кең кҿлемдегі белгілерді қамтыған тағы бір топтастыру
А.Н.Самойловичке тиесілі. Ғалым фонетикалық ҿзгешеліктерге сҥйене отырып,
тҥркі тілдерін алты топқа бҿледі: 1) "Р" - тобы немесе бҧлғарлық; 2) "Д" - тобы
немесе ҧйғырлық, басқаша айтсақ, солтҥстік-шығыс; 3) "Тау" - тобы немесе
қыпшақтық, басқаша айтсақ, солтҥстік-батыс; 4) "Тағ-лық" - тобы немесе
шағатай, басқаша оңтҥстік-шығыс; 5) "Тағ-лы" - тобы немесе қыпшақ-тҥркімен;
6) "Ол" - тобы немесе оңтҥстік-батыс тобы[13;15 б].
Бҧлардан басқа да топтастырулар ҧсынылып жатады жҽне олардың
ҽрқайсысы тілдерді топтарға бҿлуді нақтылауға, кҿне тҥркі тілдерін қосып
отыруға тырысады.
108
2. Т
ҥркі тілдерін топтастырудың қазіргі кездегі ҥлгілері.
Тҥркі тілдерін топтастырудың алғашқы ҥлгісі Махмҧд Қашқаридың
"Сҿздігінде" кҿрініс береді. Кейін тҥркі тілдерін фонетикалық, грамматикалық,
географиялық, тарихи жақтарынан алып жасаған кҿптеген топтастырулар пайда
болды. Олардың негізгілері мыналар: А.Ремюза, Г.Й.Рамстедт, В.В.Радлов,
Ф.Е.Корш, А.Н.Самойлович, В.А.Богородицкий, В.И.Бенцинг, Т.Текин,
Н.А.Баскаковтар жасаған жіктемелер.
Қазіргі кездегі топтастырулардың кҿбі кҿрнекті тҥркітанушы Н.А.
Баскаковтың ҽйгілі топтастыруына сҥйеніп жасалған. Н.А. Баскаков тҥркі
тілдерінің фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерін сол тілде сҿйлейтін
халықтардың тарихи даму, географиялық орналасу жағдайымен ҧштастыра
қарастырған. Бҥгінгі кҥндері ғалымдар осындай жҥйелеуді толықтырып,
жаңалап жҥр. Тҿменде сол кестелердің бірнешеуін ҧсынамыз:
1) Мақсат Ҽділхан (1978 туған) толықтырған нҧсқа: Қазақтың тілші-
ғалымы, «Алаш айнасы» газеті бас редакторының орынбасары М.Ҽділханның
топтастыруы Н.А.Баскаковтың ізімен жасалған жҽне алдыңғы топтастыруды
қазіргі тілдер тарапынан жетілдіріп, ҧсақ тілдерді тҧтас қамтып кҿрсеткен.
1-кесте. М.Ҽділханның топтастыруы.
І. Батыс хун бҧтағы
А) Бұлғар тобы
1. Чуваш тілі (бҧл топтағы жалғыз қалған тірі тіл)
Ә) Оғыз тобы
1. Оғыз-тҥркімен тармағы
1. Тҥркімен тілі
2. Ставрополь тҥркімендері (трухмен) тілі
3. Авшар тілі
4. Қарапапақ тілі
5. Божнурди тілі
6. Хорасан тілі
109
7. Салар тілі
2. Оғыз-бҧлғар тармағы
8. Гагауз тілі
9. Балқан тҥріктерінің тілі
3. Оғыз-селжҥк тармағы
10. Тҥрік тілі
11. Ҽзірбайжан тілі
12. Кипр тҥріктерінің тілі
13. Тҥркоман тілі
14. Қашқай тілі
15. Қалаж тілі
16. Ҥрім тілі
17. Қажар тілі
18. Сонкор тілі
19. Қызылбастар тілі
20. Шахсевін тілі
Б) Қыпшақ тобы
1. Қыпшақ-бҧлғар тармағы
21. Татар тілі
22. Башқҧрт тілі
2. Қыпшақ-балқар тармағы
23. Балқар тілі
24. Қарашай тілі
25. Қарайым тілі
26. Қҧмық тілі
27. Қырымшақ тілі
28. Қырым татарларының тілі
3. Қыпшақ-ноғай тармағы
29. Қазақ тілі
110
30. Ноғай тілі
31. Қарақалпақ тілі
32. Қҧрама тіл
33. Ноғайбақ тілі
34. Қараноғай тілі
35. Алабҧға тілі
36. Параба тілі
37. Қарағаш тілі
IV. Қарлұқ тобы
38. Ҿзбек тілі
39. Ҧйғыр тілі
40. Іле ҧйғырларының тілі
ІІ. Шығыс хун бҧтағы
А) Қырғыз-қыпшақ тобы
41. Қырғыз тілі
42. Фуюй қырғыздарының тілі
43. Алтай тілі
44. Хотан тілі
45. Лобнорлықтар тілі
Ә) Сібір тобы
46. Тофалар тілі
47. Шҧлым тілі
48. Тыва тілі
49. Хакас тілі
50. Шор тілі
51. Саха (якут) тілі
52. Долған тілі
53. Сары ҧйғыр тілі
111
М.Ҽділханның топтастыруында даулы болып жҥрген қырғыз тілі шығыс
тҥркі тілдеріне (қыпшақ емес) жатқызылады да, чуваш тілі бҧлғар топшасының
заңды мҧрагері ретінде кҿрсетіледі. Алайда татар ғалымы, профессор
М.З.Закиев бҧлғар топшасының заңды мҧрагері татар тілі деп табады [1;25].
2) Е.К.Йохансон нҧсқасы. Қарайым тілін зерттеуші швециялық профессор
Ева Ксато Йохансонның топтастыруы ең соңғы деректерге сай жасалған. Тілді
қолданушылар саны 2006 жылғы деректер бойынша беріледі:
1. Оғыр (немесе Бұлғар) тобы: Бҧлғар (жоғалған),
Шуаш тілі
(2,2 млн.)
2.
Қыпшақ тобы
(Солт.-Батыс тобы):
2.1
Батыс
қыпшақ
топшасы:
Қырымлы
тілі
(500.000),
Қҧмық
тілі
(280.000),
Қарашай-Балқар тілі
(250.000),
Қарайым тілі
(жоғалуға жақын).
2.2 Солтҥстік қыпшақ топшасы:
Татар тілі
(8,0 млн.),
Башқҧрт тілі
(2,2
млн.),
Қҧман тілі
(жоғалған)
2.3 Оңтҥстік қыпшақ топшасы:
Қазақ тілі
(12 млн.),
Қырғыз тілі
(4,5
млн.),
Қарақалпақ тілі
(400.000),
Ноғай тілі
(70.000)
3. Оғыз тобы (Оңтүстік-батыс тобы):
3.1 Батыс оғыз топшасы:
Тҥрік тілі
(70 млн., екінші тіл ретінде 80
млн.),
Ҽзірбайжан тілі
(30 млн., екінші тіл ретінде 35 млн.),
Гагауыз тілі
(330.000)
3.2 Шығыс оғыз топшасы:
Тҥрікмен тілі
(6,8 млн.),
Хорасан тілі
(400.000 ?)
3.3 Оңтҥстік оғыз топшасы:
Қашқай тілі
(1,5 млн.),
Афшар тілі
(300.000),
Айналды тілі (7.000), Соңғор тілі (?)
3.4 Салар:
Салар тілі
(60.000)
4. Ұйғыр тобы (Оңтүстік-шығыс тобы):
4.1 Шағатай тілі (жоғалған)
4.2 Батыс ҧйғыр топшасы:
Ҿзбек тілі
(24 млн.)
4.3 Шығыс ҧйғыр топшасы:
Кҿнетҥркі тілі
(Орхон-Кҿк, Енисей-Кҿк, Кҿне
Ҧйғырша,
Қарахан тілі
) (жоғалған)
4.4
Ҧйғыр тілі
(9 млн.)
4.5
Жҧғыр тілі
(Батыс-Жҧғыр) (5.000)
4.6
Айну тілі
(Айну) (7.000)
112
4.7
Іле тҥркі диалекті
(100)
5. Сібір тобы (Солтүстік-шығыс тобы):
5.1 Солтҥстік топшасы:
Якут
(363.000),
Долған тілі
(5000)
5.2 Оңтҥстік топшасы: Енисей
Хақас тілі
(65.000),
Шор тілі
(10.000)
5.3 Саян
Тува тілі
(200.000),
Тофа тілі
(
Қарағас тілі
) (жоғалған)
5.4 Алтай
тілі
(75.000) (диалекттері:
Ойрот тілі
;
Тыуа тілі
,
Қҧманда тілі
,
Қу
тілі
;
Телеуiт тілі
,
Тҿлеңгiт тілі
)
5.5 Шҧлым тілі (500)
5.6
Һалаж тілі
(42.000)
Кҿптеген топтастыруда орталық қыпшақ топшасына жататын қазақ тілі
мҧнда оңтҥстік қыпшақ топшасына жатқызылады. Қырғыз тілі қазақ тілімен бір
топшаға кірсе, шуаш тілі бҧлғар топшасының мҧрагері ретінде кҿрсетілген.
3) М.Т. Дьячоктың топтастыруы (2001)
Дьячок Михаил Тимофеевич (1959) - Philology.ru порталының бас
редакторы. Новосібір мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультетін
бітірген. Сол университет жанындағы Филология институтында ғылыми
жҧмыстармен айналысқан. Қазіргі кезде Новосібір қаласындағы қолданбалы
тілдік зерттеулер Орталығында жҧмыс істейді. Классикалық филология,
салыстырмалы-тарихи тіл білімі жҽне орыс тілінің тарихы салаларының
маманы. 70 шақты ғылыми еңбектердің авторы.
2-кесте. М.Т.Дьячоктың топтастыруы.
Якут
топшасы
Тува
топшасы
Бҧлғар
топшасы
Батыс топша
якут-саха тілі,
долган тілі
тува тілі,
тофалар тілі
чуваш тілі
татар, башқҧрт, қазақ, тҥрік, тҥркімен,
ҽзербайжан, хакас, салар жҽне барлық
қалған тҥркі тілдері
Мҧнда хакас сияқты тілдерді батыс топшаға жатқызу кҥмҽн туғызады.
Топтастыру ғылыми негізде, жан-жақты зерттеліп барып жасалмағаны кҿрініп
тҧр.
113
4) SIL-дің топтастыруы (
Altaic Languages
)
SIL (
Safety Integrity Level
) - бҧрынғы Тіл білімінің Жазғы Институты атты
ғылыми ҧйымның жаңаша аталуы (Ресейде қалыптасқан халықаралық ҧйым).
3-кесте. SIL компаниясының топтастыруы.
Бҧл
ғар
то
бы
Сол
тҥстік
топ
Батыс топ
Оңтҥстік топ
Шығыс
топ
Чу
ваш
Сол
тҥстік
алтай,
оңтҥс
тік
алтай,
шор,
долган,
қарагас,
хакас,
якут,
тува
Арал-
каспий
тілдері
Понто-
каспий
тілдері
Орал
тіл
Дері
Ҽзербай
жан
тілдері
Тҥрік
тілдері
Тҥркі
мен
тіл
дері
Басқа
лары
Шаға
тай,
ҧйғыр,
тҥрік,
солтҥс
тік ҿзбек,
оңтҥс
тік ҿзбек,
батыс
ҧйғыр
Қара -
қалпақ,
қазақ,
қырғыз,
ноғай
Иудео-
қырым
татар,
қарайым,
қарашай,
балқар,
қҧмық
Баш
қҧрт,
чулым,
татар
Оңтҥс
тік ҽзер
байжан,
халаж,
қашқай,
селжҥк
Балқан,
гагауз,
хорасан
-тҥрік,
тҥрік
Тҥркі
мен
Қырым-
тҥрік,
салар
Бҧл топтастырудың, негізінен, географиялық жағдайға сҥйеніп жасалғаны
кҿрініп тҧр.
5) С. А.Бурлак пен С. А. Старостинның топтастыруы (М., 2005)
1. Бурлак Светлана Анатольевна (1969) - ресейдің тілші-ғалымы,
ҥндіевропа тілдерінің жҽне салыстырмалы тіл білімінің маманы. Филология
ғылымдарының кандидаты, РҒА Шығыстану институтының аға ғылыми
қызметкері. Тохар тілдерінің маманы С.А.Бурлак кҿптеген ғылыми еңбектер
мен оқулықтардың авторы болып табылады. Қазіргі кезде ҿзі оқып шыққан
М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінде салыстырмалы
тіл білімі бойынша дҽрістер оқиды.
114
2. Старостин Сергей Анатольевич (1953-2005) - ресейдің талантты тілші-
ғалымы, полиглот, компаративистка, шығыстану, кавказтану жҽне ҥндіевропа
тілдері салаларының маманы. РҒА-ның мҥше-корреспонденті, басты ғылыми
қызметкері, Лейден (Нидерландия) университетінің қҧрметті докторы болған.
Артында кҿптеген қҧнды ғылыми еңбектер қалдырған ғалым.
4-кесте. С. А.Бурлак пен С. А. Старостинның топтастыруы
Бҧлғар
Якут
Сібір
Қыпшақ
Қарлҧқ
Оғыз
Кҿне
бҧлғар,
чуваш
якут
,
долган
(якут
Тілінің
диалектісі
болмаса)
Орхон-енисей
ескерткіштері,
тув
а, тофалар,
чулым, сары
ҧйғыр,
хакас
,
шор
,
алтай
Куманский
(половецкий),
қырғыз
,
қазақ
,
қарақалпақ
,
татар
,
башқҧрт
,
ноғай
,
қҧмық
,
қарачай-
балқар
,
қарайым
,
қырымшақ,
орталық қырым
татарлары,
далалық қырым
татарлары
Кҿне
ҧйғыр,
шағатай,
(жаңа)
ҧйғыр
,
ҿзбек
тҥркімен
тҥрік.
ҽзірбайжан,
гагауз,
балқан
тҥріктері
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Закиев М.З. Глубокие этнические корни тюркских народав. - Астана:
Кантана Пресс, 2011. - 400 с.
2. Старостин С.А., Бурлак С.А. Сравнительно-историческое языкознание.
М.,
2005
. — 432 с.
3. Дьячок М. Т., Шаповал В. В.Генеалогическая классификация языков.
Новосибирск, 2002. - 32 с
4. Гаджиева Н.З. К вопросу о классификации тюркских языков и диалектов
(Теоретические основы классификации языков мира). - Москва, 1980. - 126 стр.
115
5. Поливанов Е. Д . Узбекская диалектология и узбекский литературный
язык. Ташкент, 1933. - 304 стр.
6. Решетов В. В. Кураминские говоры Ташкентской области. Автореф.
канд. дис. Ташкент, 1952. - 25 стр.
7. Баскаков Н. А . Алтайский язык. М., 1958. - 245 стр.
8. Баскаков Н. А. Ногайский язык и его диалекты. М.- Л., 1940. - 262 стр.
9. Батманов И. А . Северные диалекты киргизского языка, вып. 1. Фрунзе,
1938, с. 11-13.
10. Юдахин К. К. Итоги и задачи изучения киргизских диалектов. - Труды
Ин-та языка и лит-ры АН КиргССР, вып. 6, 1956, с. 51.
11. Тенишев Э. Р . О диалектах уйгурского языка Синьцзяна. - В кн.:
Тюркологические исследования. М.- Л., 1963, с. 136-138.
12. Кайдаров А. Т . Развитие современного уйгурского литературного
языка. Алма-Ата, 1969.
13. Богородицкий В. А . Введение в татарское языкознание в связи с
другими тюркскими языками. Казань, 1953. - 231 стр.
14 .Радлов В.В. Фонетика северных тюркских языков. Лейпсиг, 1882. - 290
стр.
15. Общее языкознание, 1. М., 1970, с. 451
16. Самойлович А. Некоторые дополнения к классификации турецких
языков. Пг., 1922. - 215 стр.
Достарыңызбен бөлісу: |