Бірінші. Төрт буыннан артық буыны бар сөзді қазақ поэзиясы
қабылдаған емес, «мықтылығының» деген сияқты бес буынды сөз,
«ақылдылығының» деген сияқты алты буынды сөз, «білімділігінің де» деген
сияқты жеті буынды сөз қазақ поэзиясына мүше боп кіре алған емес. Төрт
буыннан артық буыны бар сөз қазақ поэзиясына кірсе, ондай сөз
поэзиясының ырғақтық заңын тас-талқан ғып бұзып, поэзияны прозаға
айналдырып жібереді.
185
Екінші. Қазақтың «сөз буыны» деген, мәселен, орыстың сөз буыны
емес, орысша «справка» деген сөз екі буын; «справ» және «ка». Бастапқы
«справ» деген буынды бес дыбыс бар. Осындай, бір буында бес-алты дыбыс
болу орыс тілінде жиі кездеседі. Қазақтың сөз буыны олай емес. Қазақ
сөзінде бес дыбысты буын түгіл, «жұрт», «құрт» «сырт» сияқты төрт
дыбысты сөздер өте сирек кездеседі. Қазақ сөздерінің басым көпшілігі үш
дыбысты буындардан құралады. Қазақ поэзиясы буынында үш дыбыстан
артық дыбысы бар сөзді талғап қабылдайды. Қазақ тілінде сирек кездесетін
төрт дыбысты «сырт», «жұрт» сияқты сөздерді поэзия көп жағдайда, аяғына
дауысты дыбыс қосып, түрін өзгертіп қабылдайды.
Қазақ поэзиясының осы екі заңын Абай бұзбайды, өзінің өлеңдерінде
толық сақтайды.
Абайға шейінгі қазақ өлеңінде үш түрлі түр болатын.
I. Әскер жиып аттандық,
Бекетай еді тұрағым.
Айқайлап жауға тигенде,
Ағатай, Беріш - ұраным.
Бекетай құмға ел қонып,
Байбақты, Жүніс аттанды,
Қосылуға дем болып,
Құдайлады хан ұлы Іздеген жауы біз болып
(Махамбет)
Өлеңнің бұл түрін қазақта «жыр» дейді. Жырдың әр жолында жеті
буын болады да, үйлесі өлшеулі қалыпта түспей, көбінесе анда-санда ғана
үйлесіп отырады. Бірақ үйлесі тұрақты болмағанмен, ырғағы тұрақты: әрбір
жолында екі ырғақ бар,- бастапқы ырғақта төрт буын, соңғы ырғақта үш
буын:
4
3
(Қара жерге) (қар жауар,)
4
3
(Қарды кер де) (етім көр)
4
3
(Қар үстінде) (қан тамар,)
4 3
(Қанды көрде) (бетім көр.)
«Жырдың» осы ырғақ заңы еш уақытта бұзылмайды.
2- Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң,
Кең жайлау құлазиды ел кеткен соң.
Бірге өскен ойнап-күліп, беу қарағым,
Күлемін кіммен ойнап сен кеткен соң.
186
Бұл түрлі өлеңді қазақ «қара өлең» деп атайды. «Қара өлеңнің» әр
жолында он бір буыннан болады да, үйлесі а, а, б, а боп келеді. Бұл түрлі
өлеңнің әр жолында:
(Қара нар) (жүк көтермес) (бел кеткен соң,) -
деген сияқты үш ырғақ болады: бастапқы ырғақта үш буын, соңғы екі
ырғақта төрт буыннан. Кейде, әнге үйлесуіне қарап, «қара өлеңнің»
ырғақтарының орны:
(Жүк көтермес) (қара нар) (бел кеткен соң,) -
деген сияқтанып ауысады: бастапқы ырғақта төрт буын, екінші ырғақта
үш буын, үшінші ырғақта төрт буын. Сондай-ақ халық поэзиясының
қазынасына, ән текстеріне үңіле қарасақ, қара өлеңнің барлық шарты
сақталған, тек алғашқы ғана жолы төрт буынды яғни сымық жолды өлең
кездеседі. Ән әуеніне салғанда, буын саны жетіспей тұрғаны аңғарылса да,
оқыған уақытта оқушы «дегенге» дәнекерімен бастапқы буындары қайталаса
он бір буын болып шығады. Мысалы:
Қара кемер,
Қара інгенді айналып ботасы емер.
Өзіңдей асыл құрбым кез келгенде,
Ағызып тасқын судай өлең жібер.
Қазақтың атақты композиторы Біржан салдың «Ләйлім шырақ»,
«Шідер» деген әндерінің өлең құрылысы да жоғарғыдай:
Көлбай, Жанбай,
Шідерімді кім алды, Ләйлім алмай,
Шідерімнің бағасы қырық қысырақ,
Ақырында қоймаймын сенен алмай.
Бұл өлеңдердің үйлесі «қара өлең» сияқты. Айырмасы - тек бастапқы
жолдың төрт буыннан ғана құралуы. Бұған бола мұны қазақ өлеңінің бір түрі
деуге болмайды, өйткені «Қара өлеңнің» құрылысына, үндестігіне қайшы
емес. Сондықтан оны он бір буынды «қара өлеңнің» бір көрінісі деп тапқан
жөн. Бұл - Абайдың шығармасында кездеспейді, өлеңнің өнімсіз өлшемі ғана.
3. Қазақ өлеңінің жиі ұшырайтын үшінші түрі - аралас буынды өлең.
Ой мен пікірді түйіндеуге келгенде, мұнда «жыр» мен «қара өлеңге» қажетті
болған шарттар қатаң сақталып отырмайды. Буын саны 7, 8, 9, тіпті кей
жағдайда 5, 6, 10, 11 болып кететін кезі де болады:
Алпамыс жырында:
Қобыладан соққан дауылдай,
Түрленіп бала қағынды.
Майданнан аққан қызыл қан
Өзенге сыймай ағылды,
187
Қылыш тисе, шақ етед,
Мылтық тисе, тақ етед,
Мысалы, бала шойын-ды, -
боп келсе, Бұхар жыраудың бір өлеңінде:
Тоқсан бес деген тор екен,
Қарғиын десең, екі жағы ор екен.
Түсіп кетсең түбіне,
Түбі жоқ терең көл екен,
Ел қонбайтын шөл екен, -
боп, буын саны алма кезек араласып жатса, Махамбеттің «Ереуіл атқа ер
салмай» деген өлеңінде ой екпіні аралас буынды талғайды. Ал «Баймағамбет
сұлтанға айтқан» өлеңінде:
Ежелгі дүшпан ел болмас,
Етектен кесіп жең, болмас.
Хан баласы ақсүйеқ
Байеке сұлтан сен болып,
Сендей нар қоспақтың баласы
Маған оңаша жерде жолықсаң,
Қайраңнан алған шабақтай
Қия бір соғып ас етсем,
Тамағыма қылқаның кетер демес ем, -
дегенінен буын ырғақтарының әр қилы үйлесетіндігін көрер ек.
Осы үшеуінен басқа өлең түрі Абайдан бұрынғы қазақ поэзиясында
жоқ. Абай осы үш түрдің үшеуін де өзінің шығармаларында үнемі
қолданады.
Бірақ қазақ поэзиясының өлең құрылысындағы бұл үлгілерді Абай
бұрынғы дәстүрлі күйінде ғана қабылдамай, ол үлгілерді өңдейді,
өнерлендіреді.
Ең алдымен, Абай өлеңді айтылып отырған пікірге қатынасы жоқ бөтен
сөздердің бәрінен тазартады. Халық поэзиясында кездесетін тіл шұбарлығы
Абайда кездеспейді. Абайдың жыр үлгісімен жазған өлеңдері де, қара өлең
үлгісімен жазған өлеңдері де айтып отырған пікірді баяндауға жәрдемші
сөздерден ғана құралады.
Екінші. Жыр үлгісінде жазған Абайдың, «Өзгеге, көңілім, тоярсың»,
«Болыс болдым мінекей», «Жаз» сияқты өлеңдерінде, халық поэзиясындағы
жырдай, үйлесі анда-санда ғана кездесіп отырмайды; Абайдың жырларында
көбінесе бір қалыпты үйлес жиі қолданылады. Абай жырды былайша
өнерлендіреді:
«Жаз» деген жырдың:
188
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап, -
деген жерінен бастап: ыңқылдап, шылпылдап, бұлтылдап деген сияқты жол
аралатқан үйлеспен ұйқастырылып отырады. Осындай бір қалыпты үйлес
осы жыр үлгісімен жазылған өлеңде он бір рет кездеседі. Жырдың
жолдарының үйлесі мұнша көп болуы - халық поэзиясында сирек кездесетін
байлық.
VII. «Келдік талай жерге енді» деп басталатын жыр үлгісіндегі үйлес:
«жерге енді», «көрге енді», «берген-ді», «өзге енді», «белге енді»,
«желгенді»... деген сияқты бірыңғай қалыппен жырдың соңғы жолына шейін
созылады. Осындай бір қалыпты үйлестің саны осы өлеңнің бойында-17.
Ендеше, бұл жырдың үйлес байлығы «Жаздан» артық. Бірақ Абай осы
артықтықпен қанағаттанбайды, жырдың ішінде үйлессіз жол тастамайды. Ол:
Келдік талай жерге енді,
Кіруге-ақ қалдық көрге енді.
Қызыл тілім буынсыз,
Сөзімде жаз бар шыбынсыз,
Тыңдаушымды ұғымсыз
Қылып тәңірім берген-ді, -
деп, «көрге енді», «берген-ді» деген үйлестердің арасына «буынсыз»,
«шыбынсыз», «ұғымсыз» деген қаз-қатар үйлесі бар үш жол кіргізеді. Осы
ішкі үйлесті Абай осы жырының өн бойында бұзбайды. «Білімдіден шыққан
сөз» деген өлең де осындай.
VIII. Қазақ жырында аса қиын әдіспен жазылған қиын үйлесетін бір
жүйелі сөздер: «сау», «бау», «жау» дегендер. «Ішім өлген, сыртым сау» деген
өлеңінде Абай «сауға» он алты үйлес табады.
IX.
«Мәз болады болысың» деген өлеңінде Абай «Арқаға ұлық
қаққанға» деген жолдың аяғындағы «қаққанға» деген сөзге жырдың аяғына
жеткенше жиырма бір үйлес табады. Жырдың үйлесін осынша молайтумен
де Абай қанағаттанбаған, ол:
Күнде жақсы бола ма,
Бір қылығы жаққанға?
Оқалы киім бола ма,
Ар-ұятын сатқанға? -
деп, ішкі жолдарын түп-түгел а, б, а, б түріндегі шалыс үйлеске айналдырып
жібереді.
Бұл келтірген мысалдардан Абайдың қазақ жырын қаншалық
өнерлендіргені айқын көрініп отыр.
189
Осы өнерлендіруді Абай «қара өлең» түріне де қолданады. Абайға
шейінгі поэзияда «қара өлеңнің» бір шумағы төрт жолдан кеп, әр шумағының
үйлесі өзгеше боп отыратын. XIX ғасырдың екінші жартысынан кейін,
қазақта жазба әдебиет дамуымен байланысты, «қара өлеңнің» шумағы кеңіп,
жол аралатқан бір қалыпты үйлес көбейеді. Мұндай түрде Абай «Аңшылық»
деген өлеңіне қолданып,
Қан сонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар ақдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас - бір ғанибет,
Ыңғайлы, ықшам киім аңшы адамға, -
деп бастайды да, одан кейінгі 48 жолда жол аралатып: «шалғанда»,
«аңдағанда», «самғағанда», «шықса аспанға» деген 24 үйлес береді. Сонда
бастапқы жолдағы «аңға» деген сөзге, өзімен 27 жолдың аяғы үйлеседі.
1882 жылы 37 жасында жазған бұл өлеңнен кейін, Абай «қара өлеңнің»
бір шумағына мұнша көп жол кіргізуді доғарады да, үйлес байлығын дамыта
отыра, әрбір шумағын, бұрынғы «қара өлеңдер» сияқты, ылғи төрт жолдан
құра бастайды. Бұған оның «Қартайдық, қайғы ойладық, үйқы сергек» деген
өлеңі - куә. 48 жолды бұл өлеңде он екі шумақ бар. Осы он екі шумақтың
барлығы да:
Қартайдық, қайғы ойладық; ұйқы сергеқ
Ашуың - ашыған у, ойың - кермеқ
Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық,
Кім көңілді көтеріп болады ермек? -
деген бастапқы шумақпен түп-түгел үйлесіп отырады. 12 шумақтағы
үйлестің саны 36. Бұдан біз қазақтың тілінен үйлес сөздер табуда Абайдың
үдей шапқанын көреміз. «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман»,
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Байлар жүр жиған малын
қорғалатып» тағы сол сияқты қара өлең үлгісінде жазылган бірнеше Абай
өлеңдері осындай тамаша кең, тамаша бай үйлестерден құралған.
Сондай-ақ Абай аралас буынды өлеңді өркендете түскенін көреміз.
Аралас буынды өлеңнің жол саны мен буын саны Абайға дейін еркіндеу,
үйқасы, үйлесі анда-санда ой түйіндеуге қажетті болған кезде кездессе, Абай
оны да белгілі жүйеге салып, белгілі бір шартқа бағындырған.
Ажының жақсы-ақ қызы едім,
Жетістірем деп алды.
Тілеуін түзден тілесе,
Баста мені неге алды?
Сол желіккеннен желігіп,
Жынды сары жоғалды.
190
Ойбайлаған болайын-ай,
Жоқтамасам обал-ды, -
деп буын сайын әр қилы еткенмен, 2, 4, 6, 8 жолдардың үйлесін бір әуенді
етеді. Бұл өлең түрі Абайда өте аз және қалжың-сықаққа арналған
шығармаларында ғана кездеседі.
Өзінен бұрынғы қазақ поэзиясының өлең құрылысын Абайдың
пайдалануы және пайдалана отыра, сол үлгіні енерлендіріп еркендетуі
осындай.
Бірақ қазақ поэзиясының бар мазмұнымен, бар көркемдігімен
қанағаттанбай, оның мазмұнын да, көркемдігін де қазақ әдебиетінде бұрын
болмаған биік сатыға көтерген Абай қазақтың өзінен бүрынғы өлең
өлшеуімен де қанағаттанбайды, жаңа түрлер, жаңа өлшеулер іздейді.
Абайға дейінгі қазақ поэзиясындағы әлгі үлгілерге өлеңнің метрикалық
құрылысы жағынан болсын, әуендік ырғағы мен үйлесі жағынан болсын,
Абайдың қосқан жаңалығы -үш, төрт, бес, алты, сегіз буынды жолдары бар
өлең. Үйлес женінде қазақ поэзиясына Абайдың қосқан жаңалығы - жиырма
1
.
Бұл - жаңалықтарды тапқанда, Абайға жәрдемші болтан орыс
поэзиясы. Бірақ орыс поэзиясының мазмұнынан алған үлгілері сияқты,
түрінен алған үлгілерін де қазақ халқының ұғымына дәлдеп, қазақ тілінің
заңына сүйене отырып алады. Қазақ поэзиясының төрт буыннан артық
буыны бар сөзді қабылдамайтын заңын Абай жақадан тапқан түрлерінің
ешқайсысында бұзбайды, қазақ сөзінің әрбір буыны негізінде үш дыбыстан
артық дыбысты көтермейтін, төрт дыбысты буын сирек кездесетін заңын да
Абай қатты сақтайды. Абайдың қазақ поэзиясына қосқан жаңалығы -
силлабикалық өлеңнің заңын бұзуында емес, өлең жолдарының өлшеуі мен
үйлестерін байытуда.
Енді Абайдың осы жаңа түрлерін талдап көрейік.
Бірінші. Әрбір шумағында төрт жол, әр жолында алты буын бар,
үйлесі - а, б, а, б боп келетін өлең:
Қызарып, сұрланып, - а
Лүпілдеп жүрегі - б
Өзгеден ұрланып, - а
Өзді-өзі керегі.- б
Екінші. Бірнеше өлеңін осы - әр шумағында төрт жол, әр жолында
алты буын бар, үйлесі - а, б, а, б боп шалыс
1
келтін түрмен жазған Абай
«Болды да партия» Дегей өлеңін де төрт жолды шумақпен әр жолын алты
1
Абайдың 1939 жылы басылган «шығармалар жинағының» бірінші томына жазған бет
ашарда біз Абайдың жаңадан тапқан өлең түрлері он бес деген едік. Кейінгі кездегі
зерттеуіміздің нәтижесінде оның саны жиырмаға жетіп отыр.
191
буынмен, әр шумағын шалыс үйлеспен жазады. Бірақ бұл өлеңдегі жеті
шумақтың екінші, төртінші, алтыншы, сегізінші, оныншы, он екінші, он
төртінші жолдарының аяғы: «жарылды», «шарынды», «кәріңді», «барымды»,
«арымды», тамырды», «сабырды», «тарыңды», «сарынды», «жарымды»,
тарылды», «қарымды», «зарымды», деген он төрт үйлеспен бітеді.
Буындарын сызықпен белгілегенде, бұл өлеңнің схемасы мынадай:
XXX
XXX
- а
XXX
XXX
- д
XXX
XXX
- б
XXX
XXX
- б
XXX
XXX
- а
XXX
XXX
- е
XXX
XXX
- 6
XXX
XXX
- б
XXX
XXX
- г
XXX
XXX
- е
XXX
XXX
- 6
XXX
XXX
- б
XXX
XXX
- г
XXX
XXX
- ж
XXX
XXX
- 6
XXX
XXX
- б
XXX
XXX
- в
XXX
XXX
- ж
XXX
XXX
- б
XXX
XXX
- б
XXX
XXX
- в
XXX
XXX
3
XXX
XXX
- б
XXX
XXX
- б
XXX
XXX
- д
XXX
XXX
3
XXX
XXX
- б
XXX
XXX
- б
Абайдың «Антпенен тарқайды» деген өлеңінің де өлшеуі мен үйлесі осы
«Болды да партия» өлеңіндегідей.
Үшінші. Әрбір шумағында төрт жол бар, әр жолы жеті буыннан, үйлесі
- а, а, б, а, боп келетін өлең.
Айттым сәлем, қалам қас, - а
Саған құрбан мал мен бас.- а
Сағынғанда сені ойлап, - б
Келер көзге ыстық жас.- а
Төртінші. Шумағы да, жолдарының буын саны да үшінші түрдей,
бірақ үйлесі - а, б, а, б боп шалыс келетін өлең.
Сон да көңілім жоқтайды – а
Татуы мен асығын. – б
Көзі жетіп тоқтайды - а
Өткен кунніқ қашығын. - б
Бесінші. «Білімдіден шыққан сөз» деп басталатын өлең. Бұл өлеңнің
бастапқы шумағы үшінші түр сияқты: төрт жолды, әр жолы жеті буынды,
үйлесі - а, а, б, а боп келеді де, екіншісі шумақтан бастап, 8 шумақты, 32
жолды бұл өлең өзгереді.
192
1. Үйлесі -«сөз», «кез», «көз», «тез», «ез», «күйез», «мінез», «без», «жез»,
«бөз» боп, бірінші, екінші, төртінші, сегізінші, он екінші, он алтыншы,
жиырманшы, жиырма төртінші, жиырма алтыншы, отызыншы жолдарда
үйлесіп отырады; бастапқы шумақтағы а, а, б, а-ға қалған шумақтардың
соңғы жолдары түп-түгел үйлеседі.
2. Бұл өлеңдегі сегіз шумақтың бәрі де төрт жолды, әр жолы жеті буыннан
құралатын өлең болғанмен, екінші шумақтан бастап, үйлесі -в, в, в, б болады
да, қалған шумақтарының бәрі осы ізбен кетеді.
Жүрегі - айна, көңілі ояу - в
Сөз тыңдамас ол баяу. - в
Өз өнері тұр таяу, - в
Ұқпасын ба сөзді тез? - б
Әбілет басқан елер ме, - г
Сөзге жуық келер ме? - г
Түзу сөзге сенер ме, - г
Түзелмесін білген ез? - б
+ + + + + + - д
+ + + + + + - д
+ + + + + + - д
+ + + + + + - б
Қалған шумақтары да осылай өрби береді.
Алтыншы. Әрбір шумағында төрт жол бар, бастапқы жолы жеті
буынды, соңғы үш жолы сегіз буынды, үйлесі- а, б, а, б боп келетін өлең.
Желсіз түнде жарық ай, - а
Сәулесі суда дірілдеп, - б
Ауылдың алды терең сай - а
Тасыған өзен гүрілдеп. - в
Жетінші. Әр шумағы төрт жолды, әр жолы сегіз буынды, үйлесі - а, б,
а, б боп келетін өлең.
Есіңде бар ма жас күнің, – а
Көкірегің толық, басың бос. – б
Қайғысыз, ойсыз мас күнің, – а
Кімді көрсең, бәрі дос. – б
Сегізінші. Шумағы да, жолдарының буындары да жетінші түрдей боп
келетін, бірақ үйлесі – а, а, б, а боп оты ратын өлең.
193
Құдай-ау, қайда сол жылдар, - а
Махаббат, қызық мол жылдар - а
Ақырын-ақырын шегініп, - б
Алыстап кетті құрғырлар. - а
Тоғызыншы. Әр шумағында алты жол бар, әр жолында жеті буын бар,
үйлесі - а, а, б, в, в, б боп отыратын өлең.
Өзін-өзі күндейді, - а
Жақынын жаттай міндейді. - а
Ол - арсыздық белгісі. - б
Үятсынбай, ойланбай,- в
«Қой» дегенге тіл алмай, - в
Іс қылмай ма ол кісі. - б
Оныншы. Әр шумағында алты жол бар, 1, 2, 4, 5 жолдары төрт
буыннан, 3 жолы жеті буын, 6 жолы үш буын, үйлесі - а, а, б, а, а, б боп
келетін өлең.
Ем таба алмай, - а
От жалындай - а
Толды қайғы кеудеге. - б
Сырласа алмай, - а
Сөз аша алмай - а
Бендеге. – б
Он бірінші. Бір шумағында жеті жол бар, 1, 2, 4, 5, 6 жолдары төрт
буыннан, 3 жолы жеті буын, 7 жолы үш буын, үйлесі - а, а, б, в, в, в, б боп
келетін өлең.
Бойы бұлғаң, - а
Сөзі жылмаң - а
Кімді көрсең, мен сонан - б
Бетті бастым, - в
Қатты састым, - в
Тұра қаштым - в
Жалма-жан - б
Он екінші. Бір шумағында алты жол бар, 1, 2, 4, 5 жолдары бес
буыннан, 3, 6 жолдары жеті буыннан, үйлесі -а, а, б, в, в, б боп келетін өлең.
Бай сейілді - а
Бір бейілді, - а
Елде жақсы қалмады. - б
194
Елдегі еркек - в
Босқа селтек - в
Етіп елін қармады, - б
Он үшінші. Бір шумағында алты жол бар, бастапқы төрт жолы сегіз
буыннан, соңғы екі жолы алты буыннан, үйлесі - а, б, а, б, в, в боп келетін
өлең.
Қуаты оттай бұрқырап, - а
Уәзінге өлшеп тізілген. - б
Жаңбырлы жайдай сырқырап, - а
Көк бұлттан үзілген. - б
Қайран тіл, қайран сөз - в
Наданға қадірсіз. - в
Он төртінші. Бір шумағында алты жол бар, 1, 3 жолдары бес буыннан,
2, 4 жолдары жеті буыннан, 5, 6 жолдары алты буыннан, үйлесі - а, б, а, б, в, в
боп келетін өлең.
Қор болды жаным, - а
Сенсіз де менің күнім. - б
Бек бітті халім, - а
Тағдырдан келген зұлым. - б
Тағдыр етсе алла, - в
Не көрмейді пәндә?- в
Он бесінші. Бір шумағында сегіз жол бар, 1, 2, 4, 5 жолдары бес
буыннан, 3, 6, 7, 8 жолдары сегіз буыннан келетін, үйлесі - а, а, б, в, в, б, г, г
боп отыратын, Абайдың езі «Сегіз аяқ» деп атаған өлең.
Алыстан сермеп, - а
Жүректен тербеп, - а
Шымырлап бойға жайылған, - б
Қиуадан шауып, - в
Қисынын тауып, - в
Тағыны жетіп қайырған, - б
Толғауы тоқсан қызыл тіл, - г
Сөйлеймін десең, өзің біл. – г
Он алтыншы. Бір шумағында тоғыз жол бар, 1, 2, 4, 5 жолдары төрт
буыннан, 3, 6 жолдары жеті буыннан, 7 жолы бес буын, 8, 9 жолдары үш
буыннан, үйлесі -а, а, б, в, в, б, г, г, г боп келетін өлең.
Қайын бардық, - а
195
Қатын алдық, - а
Енші тиді азғана. - б
Шаруа атандық, - в
Енді ойландық, - в
Қала берді бозбала. - б
Бұрынғы қайда? - г
Ойбайла, - г
Не пайда?! – г
Он жетінші. Бір шумағында он төрт жол бар, 1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 11, 14
жолдары алты буыннан, 5, 6, 12, 13 жолдары үш буыннан келетін, үйлесі-а, б,
а, б, в, в, г, д, е, д, е, ж, ж, г боп келетін өлең.
Сырмақ қып астына - а
Байының тоқымын - б
Отының басына - а
Төрінің қоқымын- б
Бүксітіп, - в
Бықсытып, - в
Қоқсытып келтірді. - г
Осының бәрімен - д
Кеңілінде міні жоқ - е
Жүзінің нәрі мен д
Бойының сыны жоқ. - е
Бүкшиіп, - ж
Сексиіп, - ж
Түксиіп өлтірді. – г
Он сегізінші. Бір шумағында он төрт жол бар, 1, 3, 8, 10 жолдары сегіз
буыннан, 2, 4, 9, 11 жолдары жеті буыннан, 5, 12 жолдары бес буыннан, 6, 7,
13, 14 жолдары уш буыннан, үйлесі - а, б, а, б, в, в, в, г, д, г, в, в, в боп келетін
өлең.
Ата-анаға көз қуаныш - а
Алдына алған еркесі, - б
Кекірегіне көп жұбаныш, - а
Гүлденіп ой өлкесі. - б
Еркелік кетті, - в
Ер жетті, - в
Не бітті? – в
Оқытарсың молдаға оны, - г
Үйретерсің әрнені - д
Медеу етіп ойы соны - г
Жаны тыныштық көрмеді. - д
196
Жасында күтті, - в
Дәме етті, - в
Босқа өтті. - в
Он тоғызыншы. Бір шумағында он екі жол бар, 1, 7 жолдары жеті
буыннан, 2, 3, 8, 9 жолдары төрт буыннан, 4, 10 жолдары үш буыннан, 5, 11
жолдары алты буыннан, 6, 12 жолдары сегіз буыннан, үйлесі - а, б, б, в, г, а, а,
д, д, в, г, а боп келетін өлең.
Сен мені не етесің?-а
Мені тастап, - б
Өнер бастап, - б
Жайыңа - в
Және алдап, арбап - г
Өз бетіңмен сен кетесің - а
Неге әуре етесің? - а
Қосылыспай, - д
Басылыспай, - д
Байыңа - в
Және жаттан бай тап, - г
Өмір бойы қор өтесің. - а
Достарыңызбен бөлісу: |