Монография 63. 5 Ә58 354980 ӘмЛрова Б.Ә. Этностық 7009. 601 т



Pdf көрінісі
бет3/34
Дата24.03.2017
өлшемі11,15 Mb.
#10119
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

а н ы к т а у ы  
дей  келіп:  «Сана-сезім  кұрылымдык  тұргыдан  үш  - 
т а н ы м д ы к  
(өзін-өзі  тануы),  эмоционалдык-бағалау  (езіндік  катынас) 
жэне  еріктік-әрекеттік,  ретгеушілік  (өзін-өзі  реттеу)  жактарының 
бірлігімен керінеді», - дейді[6].
Қазакстан 
Республнкасында 
да 
этнопсихологияға 
деген 
кызығушылык  бұрыннан  бері  келе  жатыр.  Бүның  бастамасы  ретінде 
Орхон-Енисей 
жазбапарындағы 
қазак 
фольклорының, 
хапық
психологиясының мэселелері туралы жазуларды  айтуға болады.
Әбу  Насыр  әл-Фараби  (870-950)  үлтгык  мінездің,  тілдің, 
дәстүрдін  ерекшелігін,  рухтың  мэні,  рух  туралы  акыл  жэне  түсінік 
жэне  т.б.  еңбектерінде  жазды[43|.  15-19  ғ.ғ.  акындардың  өлендерінде 
көшпенділердің  үлтгык-мінездерінің 
ерекшелігі 
көрініс 
тапты. 
Ұлтгык  ойлаудың  жэне  тілдің,  олардың  калыптасуына  мэдениетгің 
тигізетін әсері туралы эңгіме козғаған.
Ұлтгык  ойлаудың  жэне  тілдің  капыптасуына  мэдениеттің 
тигізетін  эсері  туралы  Ж.Аймауытов  «Тэрбиеге  жетекші»,  «Жан 
жұйесі  жэне  өнер  таңдау»,  «Психология»,  А.Қүнанбаевтың  «Қара 
сөздері»,  Ш.Құдайбердиев  «Анык  пен  танық»,  «Қазак  айнасы», 
«Мұсылмандык 
шарттар», 
М.Жұмабаевтың 
«Сауатты 
бол», 
«Педагогика», 
Ө.Тілеуқабылүлының 
«Шипагерлік 
баян», 
еңбектерінен  коруге  болады.  Этнопсихологияның  гылыми  ретте 
дамуы 
XX 
ғасырдың 
ортасында 
басталды. 
Ол 
профессор 
М.Жанділдиннің, 
С.Мүқановтың, 
Т.Тэжібаевтың 
жэне 
т.б. 
гапымдардың есімдерімен байланысты.
Профессор  М.Жанділдиннің «Ұлттық психологияның табиғаты» 
атты еңбегінде, үлтгық мінездің  қалыптасуындағы әдет-ғұрыптардың, 
дэстүрлердің,  адамгершіліктің  жэне  діннің  маңызы  туралы  жазды. 
Сонымен  бірге  мәдени  -   тарихи  дамудын  маңызы  туралы,  өзінің 
«Тарихи  этностық  түрғыдан  ойлауды  психологиялық  зертгеу»  атты 
моңографиялық басылымында М.Мұқанов жазған.
Ал, 
қазақ 
халқының 
ХХ-ғасырдағы 
ғұлама 
жазушысы, 
эдебиетші, 
психолог 
Мұқтар 
Әуезов 
еңбектеріндегі 
этнопсихологиялық такырыптардың  каралуы  қазақ психологиясының, 
оның  ішінде,  қазак  этнопсихология  гылымының  дамуында  ерекше 
орын  алады.  (Қазақ  этнопсихологиясының  ғылыми  тұргыда  дамуына 
жүмысымыздың бір тармағы арналады).
Осы 
жоғарыда 
көрсетілген 
этнопсихологиялық 
ғылыми- 
теориялық  көзқарастар  аталмыш  ғылымның  эдіснамалық  негізін 
•Ч^Рып, негізгі зерттеу затын анықтауға мүмкіндік береді.
Ұлт  психологиясы  ерекшеліктерінің  негізін  құраушы  -  ұлттық 
сана-сезім.  Оның  құрылымын  анықтау,  мэнін  ашу  жалпы  ұлттық-
зз

психологиялық  ерекшеліктердің  генезисін  керсетуге  жол  ашады. 
Себебі,  этностық сана-сезімнің  көрінуі  этностың  пайда болу  процесің 
көрсетеді.  Бірақ  сана-сезім  мен  этнонимдік  белгілермен  ұжымдасқаң 
этнос  кей  жагдайларда  қалай  көрінсе,  солай  құрып  кетуі  де  мумкін. 
Оган  дәлел  ретінде  өз  көршілестерінің  эсерінен  құрып  кеткең 
этностарды  (хунндар,  скифтер,  дахтар,  массагеттер  т.б.)  айтуға 
болады.  Себебі  этностық  өзек  -  қоғамдық  өзгерістер  мен  жаңа  пайда 
болатын  тарихи  -  мэдени  құбылыстардың  эсеріне  ыңгайлы  келетін 
феномен.  Бұл  жағдайлар  этностың  саяси-элеуметтік  құрылымының 
калыптасуына үлкен эсерін тигізеді.
Қандай  да  болмасын  үлттың  өмір  сүру  шарты  -  ұлттық 
мемлекеттің  болуы.  Бұл  туралы  Н.А.  Бердяев  былай  деген:  «Ұлт 
мемлекет  аркьшы  өзінің мүмкіндігін  ашады.  Мемлекеттің тектік негізі 
қаншалықты  күрделі,  эрқилы  болса  да,  оның  үлттық  негізі  болуы 
қажет.  Өзінің  үлттық  өзегі,  ұлтгық  идеясы  жоқ  ұлттың  жасампаздық 
өмірі болуы мүмкін емес»[41,83].
¥лтгы ң 
дамуы, 
оның 
сана-сезімнің 
дамуы 
элеуметтік- 
экономикалык  жэне  саяси  дамуларымен  шынығып  отырады.  Кез 
келген  ұлт  басқа  ұлттармеп  байланыса,  сабақтаса  отырып  жетіле 
алады.  Сол  себептен  егемендік  алу  хапықтардың бір-бірінен түбегейлі 
бөлінуіне  экелмей,  керісінше,  ұлттардың  бір-біріне  деген  тартылыс 
деңгейлерін, қьізыгушылықтарын арттырады.
¥лттық  процестердің  эдіснамалық  мэніне  ғылыми  талдау 
жасауда  оны  өз  бойында  әлеуметтік  жэне  этностық белгілері  бар,  тірі 
әлеуметтік организм  деп  қарау  қажет.  Оны  осьшайша тусіну  этностық 
мазмұндар  мен  элеуметтік  мазмұндардың  диапектикалық  бірлік 
қатынасын байқатады.  Бұл  бірлікті  М.В.  Иордан былайша түсіндіреді: 
«¥лттың  этностьшьшыгы  -  мазмұны  жағынан  әлеуметтік,  формасы 
жағынан  элеуметгігі»[45,64].  ¥ л т   мәселесін  осы  тұрғыдан  зерттеу 
оның ішкі-сыртқы қайшылықтарын ескеруге мүмкіндік береді
¥лттық  сана-сезімді  сөз  еткен  орыс  тарихшысы,  этнофаф, 
географ,  өзінің  гьшыми  зерттеулерінде  ұлт  мэселесін  аныктауда 
«этнос»  ұғымына  талдау  жасауды  жөн  көрген  Л.Н.  Гумилевтің 
этногенез жэне биосфера тұжырымдамаларына көңіл бөлу  қажет. Л.Н. 
Гумилев  этноска  өзіне  дейінгі  берілген  аныктамаларды  талдай  келіп, 
мына мэселелерді бөліп  көрсетеді:
1)  Территориялық  тұгастық  адам  баласын  ортақ  зандылықтарға 
икемдейді.
2)  Кейбір  этнографтар  мен  тарихшьшар  адам  баласына  тэн 
феномендердің  бэрін  элеуметтік  (анатомиясы  мен  физиологиясынан 
басқа) деп  қарастырады.
34

3)  Антропогенездік  процестерде  қоғамдықтың  (механикалык, 
физикалык жэне биологиялықтың) тек табиғи  материясының козгалыс 
формалары 
аныкіалады  -   деп, 
бұл  тұжырымдамасын  өзінің 
«Этногенез 
және  жер 
биосферасы» 
трактатында  қарастырып, 
талдаған.  Ол  этносты  оның  өзіне  тэн  элеуметтік  жэне  табиғи 
бірліктерімен  карастыру  кажеттігін  көрсетеді.  «Этностың  тұракты 
жүйесі  -   оның  сандык  көрсеткіштерімен  жэне  атадан  балаға  тура 
таралуымен,  сонымен  кагар  езара  байланыстылығымен  анықталады»,
-  дейді[46].  Сонымен  қатар,  гапым  этногенездін  дамуы,  этностың 
пайда  болуының  заңды  кұбылыс  екендігін  атап  корсетіп,  оның 
күшінің  белгілі  кеңістікте  жайылып,  өзін  коршаған  ортамен  тең 
арақатынаста  сақталатындығын  айта  келіп,  оның  пассионарлық 
позициясынын  да  болатындығын  ескертті.  Ұлттың  пайда  болуы, 
(этногенез)  Л.Н.  Гумилевтің  айтуынша,  тарихи  жэне  ландшафтылық 
факторлардың  үйлесімді 
дамуының  жемісі. 
Этнос 
элеуметгік 
кеңістіксіз  өмір  сүре  алмайтыны  сиякты,  атмосфера,  гидросфера, 
биосферасыз  да  емір  сүре  алмайды.  Ендеше,  үлт  болудың  негізгі 
шарты 
орналасу 
орны, 
шаруашылығы 
жэне  тыныс-тіршілігін 
үйымдастыру  жағдайы  болуы  қажет.  Осының  барлығы  үлттық  сана- 
сезімді  қалыптастыруга негізгі факторлар болып есептелінеді.
¥ л т мэселесіндегі негізгі  буын - үлттық сана мен сана-сезім.  Бүл 
екі үғымның арасындағы айырмашылық: үлтгық сана қоғамдық санаға 
бағынышты.  Ол  тек  үлттың  тарихи  жэне  діни  бағытын  анықтауға 
және  үлттық  сананың  үлттық  сана-сезіммен  байланысын  көруге 
мүмкіндік  береді.  Ал  үлтгық  сана-сезім  үлт  өкілінің  өзін-өзі  сол  үлт 
қүрамында  сезінуіне  байланысты.  Сол  себептен  түлганың  үлт  өкілі 
ретіндегі  қүрамы  жеке бастык  мазмүнға ие.  Ол  адамның өзінің бағыт- 
бағдарына, сана-сезіміне, талгам-түсінігіне, танымына байланысты.
¥лттык сана-сезімді түсіну үшін оның мәнін, табигатын анықтау 
кажет.  Сана-сезімнің  генезисін  аныктау  өте  көне  кезден  Аристотель, 
Платон, Августин түжырымдарынан басталды.
«Сана-сезім»  С.И.  Ожеговтің  түсіндірме  сездігінде:  «адамның 
коғамдағы,  өмірдегі  ез  релін,  езінің  мэнін,  өзін-өзі  толық  түсінуі»  - 
деп 
көрсеткен[8,604]. 
Философиялық  сездікте: 
«адамның  езін 
объективті  дүниеден  бөліп  алуы,  езінің  қылықтарын,  эрекеттерін, 
ойын,  сезімін,  қалауы  мен  қызығушыпығын,  өмірге  және  өзіне  тұлға 
ретіндегі 
қатынасын 
бағалауы 
мен 
толық 
сезінуі», 

деп 
түсіндіріледі[47,418].
Жаңа  кезеңде Декарттың,  неміс  классиктері  Фихтенің,  Канттың, 
Гегельдің еңбектерінде өз орнын белгілеген.  Гегель сана-сезімді  «сана 
Дамуының ерекше сатысы», - деп  керсетгі.  Ол  оны,  «қараңғы сезімнен
35

рухани  жарыққа  шығатын  сананын  кайтарылу  пункті»,  - деді[48,114]. 
Гегель  сана-сезімнің  екі  түрін  көрсеггі:  адамның  өзін-өзі  саналы 
тануы  жэне  дүние  шындығына  деген  өз  қатынасын  тануы.  Гегельдің 
бүл  түжырымдары  сана-сезімнің  эдіснамалық  негізін  қүруға  бастама  1
 
болды.  Міне,  Гегельдің  бүл  түсініктемесі  негізін  де  адам  санасында I 
танымдық  әрекеттер  арқылы  пайда  болатын  жаңсақ  нанымдардың 
калыптасуын көруге болады.
XIX-  ғасырдагы  өзіндік  сана  мәселесін  карастырган  психолог- 
ғалымдар  қатарына батыстан  - Т.Липпманды, А.Пфендорды,  Ресейден  |
- Е.Бобровты, Л.Лопатинді жаткызуға болады.
Кейінірек,  кеңестік  кезеңде  сана-сезімді  теориялық  терең 
зерттеп,  оған  ғылыми  аныктама  бергендер  -  И.С.  Кон,  С.Л. 
Рубинштейн,  А.Г.  Спиркин,  В.В.  Столин,  М.Г.  Старовойтова  жэне 
И.И.  Чеснокова.  Бүлар  сана-сезімді  бейнелеу  теориясы  түргысынан 
қарастыруды  үсынды.  А.Г.  Спиркиннің  пікірі  бойынша,  сана-сезімнің 
калыптасуында 
адамның 
коғам 
алдындағы 
парызын, 
өмірлік 
мағынасын, 
үжымның, 
үлтгың, 
Отанның, 
айта 
берсе, 
бүкіл 
адамзаттың  оған  артқан  міндетгерін  орындаудағы  жауапкершілікті 
сезінуі  жэне  толық  түсінуі[49,94].  Сонымен  бірге,  ол  барлық  сана  - 
сезім  феномені  туралы  ойларды  жинақтай  келіп,  төмендегідей 
анықтама  береді:  «Сана-сезім  -   адамның  өмірде  ез  орнын  табуы  мен 
өзін-өзі  толық  бағалауы,  жүріс-түрыс  түрткілері  мен  идеалдарын, 
қызыгушылығы  мен  адамгершілік  көрінісін,  сезімін,  ойын  жэне  өз 
әрекеттерінің  нэтижелерін  багалауы,  оны  түбегейлі  түсінуі».  Галым: 
«сана-сезімді  адам  санасындағы  өзін-өзі  өзекті  субъект  ретінде 
аңғаруы  жэне  оның  үрықтағы  дамуының  шындық  өмірге  келгендегі 
жетілуі», - деген[сонда  148-149].
Ал,  сана-сезімді  қазіргі  психологияның  гуманистік,  когнитивтік 
бағыттарының  теориялары  негізінде  адамның  шындықты  тікелей 
сезіну  нэтижесі (рефлексия) деп  қарастыру қажеттігі туып отыр.
Сана-сезімнің  генезисін  анықтауда  көптеген  ғалымдардын 
пікірлері  сэйкесіп  отырады.  Мэселен,  И.С.  Конның  айтуынша,  сана- 
сезім  -  адамның  алғашқы  тегіне тэн даму  сатысы.  Яғни,  сана-сезімнің 
«Мен»  бейнесіндегі  түрақтылығы  мен  сабақтастығын  көрсететін даму 
деңгейінің  күрделілігі.  И.С.  Кон  бүл  айтқандарын  адам  зердесінің 
дамуымен  тыгыз  байланыстырады.  «Мен  бейнесі»  -  ол  «бір-бірімен 
тығыз  байланысты  үш  компонентті:  танымдық  -  адамның  өз 
сапаларын,  қасиеттерін  білуі;  эмоционалдық  -  өзіне  деген  катынасы 
мен  сапасын  бағалауы,  өз-өзін  сыйлауы  жэне  мінез-қүлықтық 
алғашқы  екеуінен  құралатын  езіне  деген  тэжірибелік  қатынасы,  яғни 
түлғаның өзіне деген элеуметтік бағыты», - дейді  ғалым[9,66].

Осы  ойларды  жинақгай  отырып,  Б.Ф.  Поршнев:  «сана-сезімді 
адамнын  «біз»  ұгымының  қалыптасуындагы  ұжымдық  және  даралық 
деңгейлерінің  аныкталуы»,  -  деп  түсіндіреді.  Оның  түсіндіруінде, 
ұжымдык  «біз»-дің  аңғарылуы,  «олар»-дың  пайда  болуынан  кейін 
ангарьшмақ. Себебі, «біз» түсінігі адам  «олар» түсінігін сезінгеннен кейін 
пайда  болады.  Яғни,  «Олар»  -   «біз»  емес,  ал,  керісінше  «біз»  «олар» 
емеспіз.  Тек  «олардың»  болуы  өзіндік  аныкталуды  белгілеуге  мүмкіндік 
береді  жэне  сапалық  өрістеуге  себепші  болады  [50].  Ендеше,  сананың 
сана-сезімге  ауысу  денгейі  өзіндік  таным  процесінде  жүзеге  аспақ.  Сол 
себептен, А.Г. Спиркин сана-сезім тек бір ғана түлғаға тэн касиет емес, ол 
түгас коғамға, тапқа,  үліка жэне  элеуметгік топка тэн,  сондыктан ол  сол 
органын  қызыгуын,  идеалын  түсінуге  жэне  соның  жолында  күресуге 
түрткі болатын сапа екендігін айтады.
Бүл  ойды  А.К.  Уледов  та  баскаша  қырынан  жапғастырады. 
«Сана-сезім  -  әлеуметгік  субъектінің  сана  желісі  (стержені.).  Егер 
элеуметтік  субъектінің  санасы  оның  идеялары,  көзкарастары,  пікірі 
жэне  рухани  қүрылымынын  шындықта  көрінуі  болса,  сана-сезім 
субъектінің  жалпы  жэне  түпкілікті  қызығуының  аныкталуы,  сонымен 
катар оның өзінің орнын  сол  коғамда сезінуі,  баска тапқа,  мемлекетке, 
когамға деген  катынасының анықталуы», - деп белгілейді  А.К.  Уледов 
[51,314.].
Сонымен,  элеуметтік  түлғаның  ез  кызыгушылығын  жэне 
қажеттілігін  аңгаруы  сана-сезімнің  мэні  болып  есептеледі.  Бүл 
күбылыстың  ашық  көрінуі  үлттық  қатынастарда байқалады.  Себебі  эр 
үлт  өкілі  үлтаралық  катынаста  өз  халқының  намысын,  ар-үжданын 
сақтау 
мақсатымен 
өзінің 
іс-эрекетін 
мазмүнды, 
мағыналы 
ұйымдастыруға бағыттайды.
Ұлтгык сана-сезім  үлттык  калыптасудың  алғы  шарты  мен  терең 
процестерін  бейнелей  отырып,  халықаралық  қатынаста,  қоғамдық  кез 
келген  жүйеде  өз  үлтының  қызығушылығы  мен  қажетгілігін  анықтау 
болып табылады.
Күні  бүгінге  дейін  «үлтгық  сана-сезімді»  үлттық  біртектіленуден 
бастап, оны «ұлттық сана» ретінде түсінуге дейін қолданып жүрміз. Біздің 
мүндай түжырымға  келуімізге  кеңестік  әдебиетгерге  жасалған тадцаулар 
ссбеп  болды.  Қоғамның  дамуын  жэне  жагдайын  сөз  еткенде,  сол 
кезеңдегі  үлттық  сана  туралы  сөз  болу  орынды  екендігін  аңгарамыз. 
Ұлттық  сана  мен  сана-сезім  халықгын  санасы  мен  ойлауындагы  ұлттык 
ерекшеліктердін даму деңгейі.
«Ұлттық  сана-сезім»  үгымын  түсінуде  альтернативті  (бапама) 
көзқарастар 
өте 
көп. 
Себебі 
үлттық 
сана-сезім 
мәселелерін 
философия,  этнология,  тарих,  мэденнеттану,  социология,  педагогика
37

т.б.  ғылымдар  карастырып,  оның  теориялык-әдіснамалык  негіздерін 
анықтайды.
Философиялық  және  социологиялық  ғылымдар  үлттық  сана- 
сезімді  зерттеуде  негізгі  ойды  оның  карама  кайшылыктары  мен 
заңдылықтарын 
белгілейтін 
басты 
тенденцияларға 
бағыттау 
қажетгігін  көрсетеді.  Осыган  орай  философия  «этностық»  деген 
түсініктің  орнына  «ұлтгык  сана-сезім»  терминін  қолданады.  Бүны 
олар  үлттық  сана-сезім  мәселелерін  зерттеуде  өте  қолайлы,  яғни 
үлттың  қоғамдық-идеологиялық  қүбылыстары  -  үлттық  эдебиетін, 
өнерін, мэдениетін анықтауға мүмкіндік береді, - деп түсіндіреді.
Егер  бүл  түсініктердің  генезисіне  үңілсек,  орыс  фиолсофы 
Вл.Соловьевтің  еңбегі  нақты  болмақ  [40].  Бүл  тақырып  орыстың 
элеуметтік-социологиялық эдебиеттерінде XIX ғасырдың соңында XX 
ғасырдың  басында  өте  белсенді  түрде  талқыланган.  Үлттық  сананы 
бүл  кезде  алғашқы  тэжірибелік  талқыға  салғандар  П.Ковалевский, 
Д.Муретов, В.Никольский т.б. деуге болады.
Кейінгі  кездерде  үлттық  сананың  психологиялық  жақтарына 
талдау  Г.Г.  Шпет,  Д.Н.  Овсянико-Куликовский  еңбектерінде  көріне 
бастады.  Бүл  еңбектер  кеңес  дэуірінің  20-жылдарындагы  соңғы 
туындыпар болды.
Ал,  1945  жылдардағы  Д.С.  Лихачевтің,  В.В.  Мордвиннің 
еңбектері 
мен 
П. 
Кушнердің 
мақаласы 
Үлы 
Отан 
соғысы 
қарсанындагы  сталиндік  үгіттің халықты  патриотизм  сезіміне,  үлттык 
өзіндік санаға шақыру  нэтижесі еді.
80-жылдары  үлттық  сана  такырыбы  токырауға  үшырады.  Бірақ 
біз бүдан  бүл тақырыпты  күн тэртібінен түсіп қалды деуден  аулақпыз. 
Себебі  80-жылдардын  аяқ  кезінде  үлт  мэселесі,  оның  ішінде  үлттық 
сананың  қоғамдық  қатынастағы  рөлі  көптеген  еңбектерде  сөз  болып 
келді.  Мәселен,  С.Т.  Калтахчаянның  үлттық  сананы  жан-жакты 
қарастыру  қажетгігін  көрсетуі.  Сол  сияқты  Ю.А.  Арутюняннің,  Ю.В. 
Бромлейдің, 
Б.Г. 
Грушиннің, 
А.Ф. 
Даждамировтың 
Л.М. 
Дробижеваның, 
А.К. 
Калмырзаевтің, 
А.И. 
Крупновтың, 
М.Г. 
Стефаненконың,  К.Н.  Хабибуллиннің  т.б.  еңбектерін  атауга  болады. 
Бүл  еңбектердің  барлығы  да  үлтгық  сананы  үлт  күрылымындагы 
ерекше феномен деп  қарауды,  оның калыптасу  механизмін  анықтауды 
үсынады.  Сонымен  қатар,  бүлардың  еңбектері  этнопсихологиядагы 
теориялық-аналитикалық көзқарастарды да дүниеге экелді.
С.Т.  Калтахчаян  60-жылдың  соңгы  кезінде  жарық  көрген 
«Ленинизм  үлтгын  мэні  жэне  интернационалдык  бірліктің  қүрылу 
жолдары 
туралы» 
еңбегінде, 
үлттық 
сананың 
қүрамына 
төмендегілерді енгізеді:
38

а) этностық бірлік сана жэне баска этностарға деген қатынас ;
э) 
демократиялық 
мэдениетке, 
аумаққа, 
тілге, 
ұлттық 
к ұ н д ы л ы к т а р ғ а  
деген бағытга болушылық;
б) қогамдық-әлеуметтік бірлікті  аңғару;
в) патриотизм;
г) ұлттык-бостандық күрестерде бірлікті аңғарту  [25].
Ұлтгык  сана-сезімнің  этнопсихологияда  зерттелу  әдіснамасын 
қүруда  академик  Ю.В.  Бромлейдін  тұжырымдарынын  мэні  зор.  Ол 
ұлттық 
сананы 
«өзін-өзі 
үлтгық 
комплексте 
сезіну, 
оның 
кызығушылыктарын,  үлттык  қүндылыктарын  жэне  бағытын  басқа 
үлтгармен  қатынасында  аңғаруы»  -  деп  түсіндірді.  Ал,  оның:  «Әрбір 
адам үлттың этностық сипагтарына жататын  жэне  соған  сай  этностық 
сана-сезімде  көрініс  беретін  мэдениеттің,  тілдің,  мінез-қүлықтың, 
тарихи  тағдырдың  т.б.  жалпылығын  бірдей  бөлісіп,  белгілі  бір 
мөлшерде  түйсінген  жағдайда  ғана  өз  үлтынын  мүшесі  болады»,- 
деген  ілімін  зерттеуіміздің негізгі  кілті  ретінде алып  отырмыз.  Себебі, 
үлттық  сана-сезімнің  қалыптасу  деңгейі,  оның  «үлттық  толық  түлға» 
ретінде керінуіне негіз болады.
Этнос  өкілінің  жан  дүниесі  мен  сана-сезімнің  дамуы  қоршаган 
ортасы  мен  қоғамдык  емірге  тәуелді.  Осындай  жағдайда  оның 
дүниетанымы  мен  сезімі,  арманы  мен  талғамы,  кісілігі,  яғни 
«менталитет»,  «біртектілік»  сиякты  өзіндік  дара  ерекшеліктері 
калыптасады  [27].
Бүл  ой  да  үлттық  тұлғаның  сана-сезімін  қалыптастыру 
маңыздьшығын  көрсетеді.  Бірақ  оның  ішкі  механизмдері  мен  негізгі 
компоненттерін ашпайды.
Ал,  Л.М.  Дробижева  үлттык  сананы  адамның  рухани  кұрылу 
қүрамына  енгізеді  де,  оны  үлттық  автотаптаурынын  жэне  өзінің 
аумагын,  мәдениетін,  тарихын  елестетуіндегі  өз  хапқының  тарихи 
және  мәдени  құндылықтарына  қатынасы,  эрі  ол  адамның  іс-әрекет 
белсенділігін  арттыруға бағытталады -  деді  [52].
А.К.  Калмырзаев  ұлттык  сана  қүрылымының  күрделілігін 
«үлттық  сана-сезім  -  өз  халқының  этностық  бірлігін,  өзінің  үлттық 
тіліне  деген  қамкорлығын,  мэдениетіне,  өз  еліне  жэне  тарихи 
мұраларына деген  қамқорлықты сезіну, аңғару» деп түсіндіреді  [53].
Осы  көрсетілген  талдаулардың  ішінде  ұлттық  сана-сезімді 
тұлғаның  даму  деңгейін  көрсететін  компонент  ретінде  жан-жақты 
көрсеткен жэне оның ұлттық тұлғаның қалыптасуындағы  күрделі  сапа 
екенін  аңгарткан  -  Л.П.  Чагай  [54].  Ол  үлтгық  сана-сезім  құрылымы 
элементтерін төмендегіше анықтайды:
39

1. ¥лттық сабақтастық  Сұлтаралық  қатынастардан  алынған  және 
менгерілген  тарихи жэне тұлғалык әлеуметтік тэжірибелер,  аумақтық, 
саяси, тілдік,  мэдени т.б.  жағдайлардан қоғамнын пайда болуы туралы 
түсінік).
2. ¥лттық  сана-сезім,  ұлттық  біртектілік;  өз  халқының  тарихы 
мен  мәдениеті  туралы  білімі;  өз  халқы  мен  басқа  халыктарга  ұлттық 
өзіндік бага беру, оган деген тартылыс деңгейі мен бағыты; ұлтаралық 
катынастағы  өзінің  әлеуметгік  рөлі  мен  мэртебесін  түсіну;  этностық 
таптауырындары.
3.  ¥лттық 
өзіндік 
қатынас: 
ұпттық 
құндылық 
бағдар;
қажеттіліктер  жэне ұлттык-мәдени  кызығушылыктардын  қызметі  мен 
дамуы; 
этностық 
принциптерді, 
ережелерді, 
тыйымдар 
мен 
адамгершілік нормаларды тануы.
4.  ¥лтаралык  салыстыру:  ұлтгык  сезім  (ұлттык  намыс,  үлттық 
абырой  т.б.);  үлтгық  ерікті  түрткілердің  көрінуі  (эмоционалдық, 
рационалдык т.б.); ұпттык жэне интенационалдық наным-сенімдер.
5.  ¥лттық 
өзін-өзі 
ретгеу: 
идеялық-психологиялық
механизмдерді 
өзіндік 
бақылау 
жэне 
интернационалдық 
жауапкершілікті бақылау.
6. Тұлғаның  ұлттық  негіздегі  мүмкіндіктері  мен  рухани  күшін 
қолдана  алу  дәрежесі:  тұлғанын  бүкіл  өмір  сүруіндегі  үлттық 
жетістіктерге  жетудің  объективті  формалары,  сол  сияқты  оның 
нақтылы  жолдары  мен  эрекет  етуге  дайындығы,  кез  келген  бағытта 
ұлтаралық қатынас  пен  үлттың даму  жолында өзін дұрыс  пайдалануы 
жэне өмір сүру мақсаты мен  мағынасын түсінуі  [54,39-40].
Сонымен,  мамандар  ұлттық  сана  кұрамы  өте  күрделі  феномен 
деген ортақ пікірге келеді. Сондыктан ұлттық сана-сезімнің калыптасу 
прөцесін  элеуметтік-психологиялық  көзқарас  негізінде  зерттеу  өте 
орынды.  Себебі,  элеуметтік-психологиялық  көзқарастар  қоғамдык, 
біздің жағдайымызда, ұлттық  психологиялық  мэселелерді  жан-жақты, 
когамның  өмір  сүру  жүйелері  тұргысынан  карастыруға  мүмкіндік 
береді.  Әлеуметтану  жэне  психология  ғылымдары  ғалымдарының 
(П.Сорокиннің, 
А.Уледовтың) 
пікірлеріне 
сүйенетін 
болсақ, 
элеуметтік-психологиялық 
көзқарас 
когам 
мүшелерінің 
өзара 
эрекетінің  негізгі  формаларын  зерттеу  кажеттігін  көрсетеді.  Ендеше, 
ұлттық  өзіндік  сана  құрылымы  мен  мэнін  анықтауда  элеуметтік- 
психологиялық көзқарас негізгі ғылыми принцип (ұстаным) болмақ.
¥лттық  сана-сезімді  элеуметтік-психологиялық  зерттеу  пэні 
ретінде  қарастыратын  болсақ,  оның  бір  жағынан  -  элеуметгік 
категория,  екінші  жағынан  -  әлеуметтік-психологиялык  құбылыс 
екендігін  ескеруіміз  керек.  ¥лтгық  сана-сезім  ұлт  өкілдерінін
40

к о га м м ен  
элеуметгік  жағдайларда  байланысуы  арқылы  қапыптасады. 
Яғни,  ұлтгык  сана-сезім  белгілі  бір  эрекеітердін,  нормалардың 
н е г із ін д е  
пайда  болып,  дамып,  жетіліп  жэне  эртұрлі  қоғамдық 
катынастардың  алмасуына  байланысты  өзгеріп  отырады.  Сондықтан 
ұлттык  сана-сезім  мэселелерін  қарастыруды  оның  ішкі  мазмұнын 
күрайтын құрамдас беліктерінен  бастау  кажет[55].
Үлттык  сана-сезім  құрамына:  ұлттық  өзіндік  біртектілену, 
өзіндік  қабылдау  жэне  өзіндік  қатынас,  этнодифференциалдык  жэне 
этноныгайтушы  белгілер  жайлы  түсініктер,  этностық  таптаурындар 
мен бағыттар, жаңсақ нанымдар кіреді.
А.О.  Бороноев  этностық  сана-сезім  құрылымына  бір  жағынан, 
ұлт  өкілінің  пірін 
(идеалын), 
бірліктегі 
егемендікте  өзін-өзі 
аныкггауын  жэне  басқапардың  ортасында  өз  орнын  белгілеуін 
жатқызса,  екінші  жақтан  -  «Туған  жер»  ұғымына  енетін  ұлттық 
құндылыктарын 
адамгершілік-психологиялық 
тұрғыда 
бағалай 
отырып,  аңгаруды  жатқызады[21].  Ал,  В.С.  Мухина  сана-сезімді 
«адамның  ішкі  жүйесі»,  -  дейді[56].  Әрине,  өзіндік  сана  адамның 
өмірге  деген 
көзкарасына 
негізделгендіктен, 
адамның 
ойлау, 
қабылдау,  сезіну,  эмоция  жэне  т.б.  психикалык  құбылыстарының 
нэтижесі  болмақ.  Ендеше,  сана-сезім  -  оның  талғамын,  бағыт- 
багдарын,  қызығушылығын,  сезімін,  намысын,  тілін  белгілейтін 
көрсеткіш.  Сөйте  отырып,  санаға  барған  ақпараттар  негізінде  жаңсақ 
анымдар туғызады.
Бұл  тұрғыда,  А.Р.  Лурияның  «этностық  сана-сезім  тек  сананың 
саналы  талдау  нәтижесінен  пайда  болатын  кұбылыс  емес,  ол  ерекше 
адамның  санапы  мазмұнын  белгілейтін  шындыкты  бейнелеуге 
нактылы  бағытталған  жана  психологиялық  жүйе  жэне  осылай  бола 
түра  ол  адамға  өзінше  әрекет  етуге  мүмкіндік  беретін,  өзіне,  өзгеге 
деген  көзқарасын  көрсететін 
ерекше  қүбылыс»  деуіне 
назар 
аударамыз  [57].
Адамның  үлттық  сана-сезімнің  даму  деңгейі  оның  өз  ұлтына 
катынасынан,  ішкі  багытынан  жэне  өмір  жолында  қалыптасқан 
жаңсақ 
нанымдарына  байланысты. 
Үлттық  сана-сезімнің  бұл 
кұрылымдарының 
қалыптасу, 
даму 
жолы 
адамның 
этностық 
элеуметтеігу  процесінде  жүзеге  асады.  Себебі,  жоғарыда  көрсетілген 
кұбылыстар 
үлтгық 
түлганың 
белгілі 
элеуметтену 
ортасына 
байланысты дамиды жэне қогамдық қатынастардың өзгеруіне тэуелді.
Үлттардың  сана-сезімдерінің  қалыптасуында  рухани-мәдени 
шьіғармалар,  ұлттық  рухани  мұралар  үлкен  роль  атқарады.  Ондай 
шығармаларда  халықтын  сана-сезімнің  жетілуіне  ерекше  эсер  ететін 
көңіл-күй  оқигалары  бейнеленеді.  Мэдениеттің  белгілі  қайраткерлері
41

ез  халыктарынын  тарихына  үңіле  отырып,  ондай  шығармаларды 
өздері дүниеге келтіреді. Сол тарихи  көркем  шығармалар өз халкының 
тарихи  процестердегі  орны  мен  ролін  аныктайды,  сөйте  отырып, 
халық  шығармашылығына  көніл  аудару  арқылы  патриоттық  тәрбиеге 
баулу мақсатын алға қояды.
Этнография  ғылымдарында  «үлттык  сана  -  сезім  белгілі  бір 
үлтгың  өкілімін  деп» сезіну  деген түжырым  бекітіледі.  Ю.В.  Бромлей 
бүл  үғымды  үлғайтқысы  келді.  Ал,  Н.Н.  Чебаксаров  этностық 
белгілердің  өзара  эрекеті,  олардың  білімге,  этностық  қауымға  жалпы 
эсер  етуі,  этностық  сана-сезім  өзара  эрекетінің  нэтижесі  ретінде 
көрінеді[58].
Осыған  орай  этностык  сана-сезімнің  компоненті  ретінде, 
шынайы  қалыптаскан  белгілерді  сезіну  нэтижесін  жэне  үлттық 
қалыптастыру  факторын  енгізуге  болады.  В.С.  Мерлиннің  жеке 
адамның  сана-сезімін  зертгеу  принципіне  сүйене  отыра  жэне  осы 
проблемаға  байланысты  зерттеулерге  сүйене  оты рьт,  этностық  сана- 
сезімнің көрінулерін былайша белгілеуге болады:
-  Этностық  қауымдастықпен  этностық  мэдениет ерекшеліктерін 
сезіну;
-  Этностық  кауымдастыктың  психологиялық  ерекшеліктерін 
сезіну;
- Өзіне тэн әтнопсихологиялық ерекшеліктерін сезіну;
- Этностық қауымдастықтың біртектілігін сезіну;
- Этностык қауымның субьектісі ретінде өзін сезіну;
- Әлеуметгік үлтқа - қүлықтылық өзіндік баға беру[59].
Ұлттық  сана-сезім  үлт  өкілінің  белгілі  бір  үлтқа  деғен
қатынасын  анықтату  барысында  байқалады.  Себебі,  үлттық  өзіндік 
анықталу  түлғаның  коғамдық  жүйеге  енуінде  үлкен  рөл  атқарады. 
Ендеше,  үлттық  өзіндік  анықтапудың  негізі  оның  танымдык 
дамуындағы  этностык  жаңсақ  нанымдардың  көрінуі  мен  пайда 
болуына байланысты.
«Ұлттық  сана-сезім  дегеніміз  үлтгың  мэдени  қүндылықтарын, 
үлттық  тарихын,  ұлтгык  экономикасын,  үлттың  мемлекеттілігін, 
ұлттық  Отан,  ұлттың  болашағын  жэне  керші  үлтгарды  бейнелеу 
мүмкіндігін  анықтайтын  таным  объектісі  ретіндегі  жүйе»,  - деп  Ресей 
психологтары үлттык өзіндік сана моделін  көрсеткен.
Түлғаның  қалыптасуындағы 
этностық  жэне  дүниежүзілік 
мэдени  құндылықтардың  маңызы  өте  зор.  Қоғамдағы  тарихи-мәдени 
өзара 
эрекеттердің 
алмасуы 
нэтижесінде 
коғам 
мүшелері 
қауымдастықтар пайда болады.  Қандай да болмасын ұлттық тұлғанын 
ұлттық  сана-сезімі  осы  құндылықтарды  бойына  дарытып,  өзін-өзі
42


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет