46
Ғалым Н.Сауранбаев қазақша төл дыбыстардың айтылым ерекшелігін
түсіндіру арқылы сөйлеу тазалығына дағдыландыруды мақсат еткендіктен
транскриптілеп көрсетуді жөн көрген. Бұл көңілге қонымды әдіс болғанымен,
ғалым неге бұл ережені дәйектеу үшін аралас буынды
кітап сөзін алғаны
белгісіз болып қалды. Оның орнына үйшік, етік, етікші деген бұрын өтілген,
оқушыға таныс жіңішке буынды сөздермен беруі тиіс еді. Әлде аралас
буынды сөздегі «к-нің» тұтастай жуан буынды сөздегі «
к-мен» айтылымын
ойша салыстыру үшін, жіңішкелі буындағы к-ның жуан буынды сөздегі к-ға
қарағанда сәл жұмсақтау айтылатынын оқушы өзі ойланып айтып жаттықсын
деген мақсатта ұсынды ма екен?!
Негізінен Н.Сауранбаев осы оқулықты жазуда өзге ұлт өкілдерін қазақ
тілінде дұрыс сөйлетуді басты мақсат еткен болуы керек. Себебі оқулықтың
өн бойында қазақ және орыс тілдеріндегі жазылым мен айтылым
заңдылықтарындағы ерекшеліктерді түсіндіріп отырады. Мысалы,
О
дыбысын өткенде автор мынадай түсіндіру-ереже ұсынады: «
Объяснение:
Достарыңызбен бөлісу: