Монография алматы, 018ж Әмірбекова Айгүл Байдебекқызы


ұ – краткое у произносится несколькое уже, приблизительно, как в  словах «булка», «бух!».  е



Pdf көрінісі
бет19/30
Дата17.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#83566
түріМонография
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
ұ – краткое у произносится несколькое уже, приблизительно, как в 
словах «булка», «бух!». 
е – э (очень закрытое), звук близкий к русской «эң произносится как в 
слове «верно». 


48 
ы – ы (узкое) – приблизительно тот короткий и неопределенный звук, 
который сложится в слове «страшен, если его читать «страш`н». 
ң – нг, как немецское ng, произносится с пропуском воздуха. 
ғ – очень заднее «проточное» г, как в слове «бога». 
қ – к (очень заднее, прозводимое самым корнем языке «к») [39, 96]. 
Орыс мектебіне арналған қазақ тіл оқулығында Н.Сауранбаев алдымен 
қазақтың төл дыбыстарын және жиі кездесетін дыбыстарды үйретеді. 
Қазақтың төл дыбыстарын меңгерту арқылы орыс және қазақ тіліндегі 
дыбыстық ерекшеліктерді дәйектей түседі. Сондықтан да бұл оқулық 
академиялық негіздегі жоғары оқу орындарына арналған қазіргі қазақ тілінің 
фонетика саласын игертуге де бірқатар септігін тигізген деп ойлаймыз. Қалай 
болғанда да бұл оқулықтың артықшылығы фонетика заңдылықтары мен 
дыбысты меңгерту әдістемесі арасында теориялық және практикалық 
байланыстың тиімді үйлесуінде. Сонымен бұл оқулықтың кіріспе бөлімінде 
жеке дыбыстардың акустикалық, артикуляциялық қызметі мен орыс тілінен 
айырым белгілері түсіндірілсе, екінші негізгі бөлімде дауыссыз және 
дауысты дыбыстардың жіктелімі мен олардың заңдылықтары меңгертіледі. 
Осы оқулықтағы бір ерекшелік алғашқы басылымында да, соңғы 
басылымында да қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар қатаң және ұяң 
дауыссыздар болып бөлініп, р, л, м, н, ң сонор дыбыстарының қатарына 
жатады деп көрсетеді. Яғни 1950 жылға дейін глухие согласные – қатаң 
дауыссыз, звонкие – ұяң дауыссыз болып аударылып келді де, үнді 
дауыссыздың орнына сонор дауыссыздар деген қолданыс болған.
Оқулық авторы дауыссыз дыбыстарды меңгертумен қатар, оның 
қосымша жалғаудағы үндестік заңын қоса түсіндіріп өтеді. Мәселен, көптік 
жалғауларының жуан буынды сөзге жуан жалғау, жіңішке бунды сөзге 
жіңішке жалғап талғайтынын, ал ұяң б, в, г, д дыбыстарынан аяқталған 
сөздерден кейін -тар, -тер жалғауы ұяңданбай-ақ осы қалпында жалғана 
беретін ерекшеліктері болатынын, яғни олар завод+тар, клуб+тар, 
педагог+тер сияқты орыс тілінен енген сөздердің жазылу орфограммасына 
сәйкес болатынын арнайы айтып өтеді. Сондай-ақ Н.Сауранбаев класс сөзіне 
жалғау жалғанғанда бір с түсіп қалатынын, бұл ереже осы секілді сөздердің 
барлығына да тән екенін ерекше айтып өтеді. Себебі, бұл жазылуында 
қиындық келтіретін сөздер қатарына жататын болғандықтан, оның дұрыс 
жазылу, дұрыс қосымша жалғау жолдарын әдейілеп көрсетіп отырған. 
Автордың бұндағы басты тілегі - сауатты, дұрыс жазуға дағдыландыру.
Осы күнгі мектеп оқулықтарында кездесе бермейтін, бірақ аса қажетті 
тақырып - орфоэпия мен орфографиялық ережелер, тілдік ерекшелік 
уникалийлер (исключениелер) Н.Сауранбаевтың 5-сыныпқа арналған қазақ 
тілі оқулығын айқын көрініс тапқан. Автор сөз тіркесіндегі алдыңғы сыңар 
сөздің соңғы дыбысы мен соңғы сыңар сөздің бастапқы дыбысы арасындағы 
ілгерінді, кейінді немесе тоғыспалы ықпалдардың әсерінен жазылуы басқа ал 
айтылымы мүлде басқа болып, орфографиясы мен орфоэпиясы сәйкес 


49 
келмейтін тұстарын ашық көрсеткен. Мысалы: «Из двух рядом стоящих слов, 
если первое кончается на п, қ, к, а второе начинатеся с гласного, то при 
произношении п, қ, к, под влиянием гласного звука переходят в звонкие б, ғ, г. 
Например: көп адам, произносится көбадам; ақ ұн – ағұн, көк егін - көгегін». 
Сауатты жазуға, таза сөйлеуге үйрету үшін осы тілдік ерекшеліктерді 
міндетті түрде жазылым және айтылым формасында салыстырып көрсету 
қажет.
Н.Сауранбаев айтылым мен жазылым арасындағы айырмашылықтарды 
оқулыққа толық енгізген десе де болады. Себебі, оқулық құрастыруда оның 
мақсаты қазақ тілінің теориялық құрылымын үйрету емес, қазақша дұрыс 
жазып, дұрыс сөйлеп үйренуге баулу болатын. Қазіргі өзге ұлт өкілдеріне 
арналған қазақ тілі оқулықтарының негізгі көздегені осы мақсат болғанымен, 
қазақ тіліндегі айтылым мен жазылым арасындағы сәйкес келмейтін 
уникалий ережелерге баса назар аудара бермейді.
Мысалы, Н.Сауранбаев қазіргі қазақ тіліндегі ілгерінді, кейінді, 
тоғыспалы ықпалдардың ерекшеліктерін (түбір мен қосымша арасындағы 
дыбыстардың бір-біріне әсерін, қосымшаның сөздің дыбысына байланысты 
жалғанатынын) орыс топтарына ыңғайлап отырып түсіндірген.
Н.Сауранбаев ілгерінді, кейінді ықпал деп арнайы атамаса да, қай 
дыбыстан кейін қосымша жалғанғанда айтылымында өзгерістер болатынын 
көрсете отырып, мысалмен дәйектей түседі. Және сондай айтылымы мен 
жазылымы тең келмейтін сөздерге толық машықтану үшін жаттығуларды 
көптеп ұсынады. Мәселен, ілгерінді ықпалға қатысты ережені автор былайша 
түсіндіреді: «Между двумя словами, после гласных, сонорных и звонких, 
глухие қ,к становятся звонкими, после глухих звонкий б становится глухим; 
впереди ж звук с переходит в ш. Например: Жылы күн – жылы гүн 

 
 
 
Алып бар – алып пар 
Тас жол – таш жол»
Ал кейінді ықпалға қатысты ережені былайша түсіндіреді: «Внутри 
слова или между словами звуки с и з перед ш произносятся как ш; звук з 
перед с произносится как с. Например Жұмысшы – жұмышшы 
Бес шана – беш шаша 
Тұз сал – тұс сал»
Осылайша өзгеретін сөздердің барлығы дерлік бұдан кейінгі 
жаттығуларда берілген. сондықтан оқушы кейінді ықпалдың әсерінен 
айтылуы басқаша болатын сөздерден шатаспай, орфографиялық заңдылығын 
сақтап жазатыны айдан анық.
Автордың осы оқулықты құрастыруда оқушының сауатты жазуға 
ерекше ден қойғанын мына ережелерден байқай аламыз. «Если слова 
оканчиваются на звонкие б, д, г, в, то приставки начинаются с глухих звуков. 
Например: Ленинград+та, Иванов+та. В слове или между словами звук н 
перед к, ғ, г произносится как ң, а перед б как м. Например: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет