Үшіншіден, сөздік бастауыш мектеп оқушыларына арналғандықтан,
олар жиі қателесін тіл мәселелеріне арнайы тоқталып, астын сызып,
айқындап көрсеткен. Мысалы, орыс тілінде қазақ тілімен тең келмейтін
кейбір уникалий (өзіне ғана тән) жеке ережелері бар. Яғни көпше формада
жазылып, жекеше формасы болмайтын ножницы, часы, т.б. сөздердің
жанына көпшелікті білдіретін (мн.) таңбасын қойып, алғы сөзінде оларды
қайшылар, сағаттар деп көпше түрінде емес, қайшы, сағат деп
аударылатынын атап өтеді.
Төртіншіден, жалпы орыс тілін алғаш үйренушілер арасында қиындық
тудыратын без, в, до, за, из, к, на, над, о, об, от, по, под, с, у, через сияқты
көмекші сөздердің, яғни орыс предлогтарының қалай жазылуын алғы сөзде
түсіндіріп өткен. Мысалы: «Без – сыз/сіз жұрнағының баламасы, без воды –
сусыз. В – қазақша барыс, жатыс жалғаумен беріледі, в город – қалаға. До –
шейін/дейін, до вечера – кешке дейін. За – қазақша түрлі жалғаумен,
шылаумен беріледі, поставить за дверь – есіктің артына қою, купил за два
рубля – екі сомға сатып алдым. Из - дан/ден, из города – қаладан. К – қа, ке,
ға/ге, идти к доске – тақтаға бару. На - мағынасы барыс, жатыс жалғауымен
беріледі, положить на стол – стол үстіне қою; карандаш лежит на столе –
қарындаш стол үстінде жатыр. Над – жатыс жалғауымен беріледі. Лампа
висит над столом – лампа стол үстінде ілулі түр. т.б.» [Русско-казахский
словарь. Алма – Ата, 1941] [40].
Осы сөздікті құрастырудағы тәжірибесі Н.Сауранбаевтың кейін
орысша-
қазақша
сөздік
жасауына
септігін
тигізді,
қазақ
лексикографиясының дамуына үлес қосты. Сөздің баламасын тауып,
сөзтізбеде әдеби үлгісін көрсету шеберлігі арқылы сөздік құрастырудың
теориялық негізін ашуға жол сілтеді.