53
Мысалы, герцогиня - герцогиния (гер-цо-ги-ни- а), графиня- графиниа - гра-
фи-ни -а, князь - книаз - кни-аз.
Ю әрпінің таңбалануы. Жаңа әліпбиде бұл әріп жоқ. Дегенмен, осы
әріппен таңбаланған сөздер өте көп. Оны қалай жазамыз деген мәселені
анықтау қажет. Ю - дифтонг дыбысы йу-мен,
иу-мен немесе у-мен
таңбаланады.
Сөз соңында «ют» және «юс» болып аяқталатын сөздерде у жазылғаны
дұрыс. Мысалы парашют - parashýt (парашут), абсолют - absolýt (абсолут),
плюс - plýs (плус).
Сөз соңында және ортасында ию-мен берілетін сөздерде ю орнына у
жазылғаны дұрыс. Мысалы, кию - киу, қию- қиу, ию-иу.
Сөз ортасында «юз»-бен берілетін сөздерде ю орнына у жазылғаны
дұрыс. Мысалы, эксклюзив - (эксклузив), иллюзион - (иллузион).
Бірбуынды сөздерде ю орнына йу жазылғаны дұрыс. Мысалы, ою - ойу,
аю - айу.
ИЙ дыбыстар тіркесінен жасалған сөздер емлесі. Соңы ий-мен
аяқталатын сөздер:
таллий, фермий, цикорий, элювий, эпителий, алюминий,
барий, ванадий, галлий, гелий, гербарий, гидроксоний, элювий. Жаңа
әліпбиде и және й бір әріппен (ı) берілгендіктен, қосақталған и мен й орнына
бір ғана ı жазылуы тиіс. tallı, fermı, sıkorı, eliývı.
Кірме араб сөздерінің ішінде жарыспалы қолданылып келген дублет
сөздер жиі қолданылу нәтижесінде жеке мағынаға ие
болып бөлек-бөлек
лексикалық бірлік ретінде танылуы тиіс. Мысалы: үкімет (правительство) -
өкімет (власть), хабар (известие) - ақпар (сводка), ғылым (наука) - ілім
(учение), әрекет (действие) - қарекет (тіршілік -поступок, попытка). Қарекет
болмай берекет болмас (без попытки нет добра). Пейіл (доброжелательность)
- пиғыл (умысел). Пейіл - жағымды коннотаттық мағынада жиі қолданысқа
ие болып, ақпейлі, кішіпейіл, шын пейілімен, кеңпейіл сөздері арқылы
дәйектеле түсті. Ал пиғылдың негативті мағынасы басым түсті. Арам
пиғылды, пиғылы тар, т.б қолданыстардағы жиілігі арқылы дәлелденді.
Сондықтан
олардың бірі әдеби, бірі сөйлеу тілінің варианты емес, екеуі де
әдеби тіл қатарынан орын алған лексема ретінде сөздікке енгізу қажет.
Қазақтың сөздік қорына енбеген, тек қолданыста жүрген паркинг
сияқты сөздердің жазылуына неге аса мән беруіміз керек? Паркинг - әлемдік
сәнді қолданыстың легімен келген сөз. Ол бірде-бір қазақ сөздіктеріне енген
емес. Оның автотұрақ, тұрақжай деген төл тіліміздегі баламасы бар. Ендеше
оның дұрыс жазылуын паркиң деп алып, ерекше назар аударудың қажеті
қанша? Паркинг сөзі түсіндірме, емле сөздіктерінде болуға тиіс емес, ол тек
аударма сөздіктерінде қазақ тіліндегі аудармасымен ғана тұруы тиіс. Сонда
дағдылы түрде тілдік қолданыстан шығады деп ойлаймын.
Сол сияқты
митинг сөзін митиң деп тұрпаты танылмайтындай өзгерткенше, жиын деген
төл атаумен ауыстыруға тырысу қажет. Собрание - жиналыс болса, митинг -
жиын болуы керек. Демек, митинг сөзін де қазақ тілі сөздіктеріне енгізудің
54
қажеті жоқ. Педагог сөзін педагок деп жазғаннан не ұтамыз? Шындығына
келгенде, төл тілімізде педагогтың орнына ұстаз деген атау бар. Соңы -ог, -
ок, -ист-пен аяқталатын шеттілдік сөздерді икемдеп жазудан гөрі, төл
тілімізге аудару әлдеқайда пайдалы. Мәселен,
филолог - сөзтанушы немесе
сөз маманы, лингвист - тілтанушы немесе тіл маманы, психолог -
жантанушы, офтальмолог - көз дәрігері, кардиолог - жүрек дәрігері,
стоматолог - тіс дәрігері, хирург - оташы, теолог - дінтанушы, түрколог -
түркітанушы, социолог - әлеуметтанушы, зоолог - жануартанушы, биолог -
ағзатанушы, эколог - табиғаттанушы, эпидемиолог - індеттанушы,
археолог - мұратанушы, астролог - жұлдызшы, геолог - жертанушы, пролог
- алғысөз, эпилог - соңғысөз, диалог - сұхбат деп қазақша атаумен беру
арқылы шеттілдік сөздердің белсенді қолданысын жоюға болады.
Шеттілдік сөздерді қазақ тілінің айтылуына
икемдеп жазу арқылы
сөздік қорды молайту - амалсыз шаралардың бірі. Қазірге дейінгі енген кірме
сөздердің (жәшік, бәтеңке, самаурын) жазылуы бірнеше жылғы икемделу
қолданысының нәтижесінде болған үдеріс. Бұл сөздерді тіл мамандары
әдейілеп икемдеп жазу үлгісін ұсынған емес. Осылай жазуға алып келген
халық. Демек, шеттілдік сөздердің кірмелену үдерісі жалпыхалықтық
мұқтаждан туындауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: