Монография алматы, 018ж Әмірбекова Айгүл Байдебекқызы



Pdf көрінісі
бет21/30
Дата17.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#83566
түріМонография
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
Біріншіден, өзге тілді сөздерді кірмелендіруден гөрі қазақша төл 
баламасымен аударуды көздеген. Мысалы, юбка сөзі әйелдердің белдемге 
көйлегі деген аудармамен берілген. Сол сияқты форточка – терезе 
желдеткіші, рубль – теңге, рудник – кен шұқыры, ремень – қайыс белбеу, 
миндаль - бадам, аппетит – мейіл, печать – мөр деп көрсетілген. 
Тәуелсіздік алғанымызға дейін юбка, форточка, рубль, рудник, ремень, 
миндаль, аппетит деп сөйлегеніміз белгілі. 1990 жылдан бастап орыс 
шеттілдік сөздерді қазақшалау мәселесі қолға алына бастағаннан кейін 
барып, желдеткіш, теңге немесе сом, кен өндірісі, бадам деп айта бастадық. 
Бұл жерде авторлар аппетит сөзін өзіндік танымымен, аялық білімімен 


51 
танытуды дұрыс көрген болар, әйтпесе, аппетит - тәбет деп аударылып 
жүр.
Екіншіден, мүмкіндігінше қазақша балама тіркеспен аударуға 
тырысқан. Мысалы, азбуканы әліппе дегеннен кейін, алфавитті әліппе 
тәртібі деп аударған. Ал букет ұғымына (бір уыс) бір байлам гүл деген 
балама ұсынған. Сол сияқты казарма – әскерлер жатақханасы, парик – 
жалған шаш, отвертка – ашқыш, переулок – тығырық, пассажир –
жүргінші, пиджак – пенжек, косынка – біртартар, баба – қатын, женщина 
– әйел, пляж – суға шомылатын жер, повар – ас пісіруші, полка – текше деп 
берілген. Жоғарыда аталған сөздерді бүгінгі күнге дейін күнделікті ауызекі 
қолданысқа орыс баламасымен атап келгеніміз белгілі. Ал олардың аударма 
баламалары сонау 1941 жылдары ұсынылған екен. Тілдегі саяси 
идеологияның салдарынан орысша сөйлеу қарым-қатынасы басым 
болғандықтан, қазақша аудармалары қолданыстан тыс қалғаны көрініп тұр.
Дегенмен, бұл жерден ғалым Н.Сауранбаевтың ұлттық тілдің 
өміршеңдігін арттыру үшін, төл тіліміздің мәртебесі биіктеу үшін жасаған 
еңбегін байқаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет