Монография алматы, 018ж Әмірбекова Айгүл Байдебекқызы


Қазақ тілінің лексикалық қабатын сөздікте қамту мәселелері



Pdf көрінісі
бет24/30
Дата17.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#83566
түріМонография
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
7523eadb2c453f7795c00e173c36e638

Қазақ тілінің лексикалық қабатын сөздікте қамту мәселелері: 
терминдер мен этнографизмдер 
 
Қазақтың рухани құндылықтарын, тілдің қазынасын танытатын көне 
ескіліктер жаңа әліпбимен дайындалатын сөздіктерде түгел қамтылуы тиіс. 
Ол үшін сөздіктерге енбей қалған этнографизмдерді жинақтап, олардың 
дұрыс жазылу жүйесін орфографиялық нормаға бейімдеп дайындау қажет.
Қазіргі таңда біріккен көне сөздер мен жаңа қолданыстағы сөздердің 
жазылуында орфографиялық ереженің жаңаруы байқалады. Мәселен, той 
сөзімен тіркесетін де, бірігетін де сөздер көбейді. Қазақтың этнографиялық 
мәні жоғары той сөзінің негізгі мағынасы - қазақ халқының мәдени өмірінде 
ерекше орын алатын адамның дүниеге келуі, үй болуы, не түрлі қуанышты 
кезеңдерін атап өту дәстүріне сәйкес өткізілетін дүбірлі салтанатты жиын. 
Мысалы, сүндет той, үйлену тойы. Тойдың осындай бірнеше түрлері 
болғандықтан және ондағы той мағынасы дүбірлі салтанатты жиын мәнінде 
қолданылғандықтан аталмыш атаулар бөлек, тіркес күйінде жазылады. Ал 
енді қазіргі қолданыста тойдың екінші мағынасында қолданылатын, яғни 
айтулы дата, мерекелі, даталы күн мағынасында жұмсалатын сөздер қатары 
көбейді. Бұндай жағдайда тоймен тіркескен сөздер бірігіп жазылады. 
Мысалы, мерейтой, алтынтой, күмістой, қоныстой, т.б. Себебі бұл жерде 
тойға акцент берілмейді. Той негізгі мағынасында емес, бірінші сыңардың 
айтулы күн екенін білдіру мәнінде ғана жұмсалады. Себебі бұндағы 
тойлардың қызметі - ерекше күн екенін айқындау. Ал бесік тойдағы тойдың 


55 
үйлену тойдағы тойдан қызметі де мәні де өзгеше. Бұл тойлардың 
әрқайсысының өзіне тән салты, дәстүрі, ырым-тыйым бар. Санада сондай 
мазмұнда сақталады. Сол сияқты ағаш сөзімен де бірігіп, бөлек жазылатын 
сөздердің моделі осы айтылғандарға сәйкес келеді. Мәселен көнеден келе 
жатқан иінағаш, мойынағаш (су таситын құрал), жерағаш (соқа), тісағаш 
(диқаншы құралы), атағаш (ат байлайтын мама ағаш), белағаштар (арба 
құралы) тұрмыстық қолданыстағы құралдардың атауы. Бастапқы 
мағынасынан айрылған, яғни кәдімді жайқалып өсіп тұратын өсімдік мәнінде 
емес, сол ағаштан жасалған құрал атауына айналған. Демек, бұл атаулардың 
бірінші сыңары қолданыс аясына қарай басымдыққа ие болып, екінші 
сыңарының мәнін көмескілендірген. Сондай-ақ әулиеағаш этнографизмі де 
осылардың қатарынан орын алады. Ал білік ағаш, жарма ағаш, ибей ағаш, 
өре ағаш, салтқы ағаш, сайғау ағаш, өсімтал ағаш, серу ағаш, сидам ағаш, 
шом ағаш, шынар ағаш сияқты тіркесті сөздердің бірінші сыңары ағаштың 
қасиетін, түрін, сипатын танытатын айқындауыштық қызмет атқарғандықтан 
бөлек жазылады.
Тілімізде біріккен сөздер қатарын толықтыратын сыңар сөздердің саны 
көбейіп келеді. Мәселен, адамның дене мүшелеріне ұқсатуына орай 
туындаған атаулардың ішінде басымдыққа ие болып отырғандары: көз 
(алакөз, жаутаңкөз, көзәйнек, көзжақсы), бас (қазанбас, қарабас, қасқабас), 
құлақ (қосқұлақ, айқұлақ, құймақұлақ, саққұлақ, салпаңқұлақ, саңырауқұлақ), 
аяқ (жалғызаяқ, жолаяқ, желаяқ, сегізаяқ)т.б Көне сөздердің бірі - аяқ (ыдыс 
мағынасында). Осы мағынада тіркескен сөздердің барлығы бірігіп жазылады. 
Шыныаяқ, саптаяқ (кіріккен сөз - сапты аяқ болған), ағашаяқ, жүкаяқ, 
итаяқ.
Осылайша біріккен сөздердің ортақ бірігуші сыңарларының қатары 
көөбейген сайын, бірге/бөлек жазылатын сөздердің моделін қайта 
қарастырып, жаңалап отыруға тура келеді. Себебі күннен күнге тілімізге 
жаңа сөздер қосылып, көне сөздер жаңғыртылып жатыр. Ең бастысы 
олардың жазылу моделін шатастырып алмау қажет. Тілімізде салт-
дәстүрлерге, кәде-жоралғыларға, ырым-тыйымдарға қатысты әлі де таныла 
қоймаған көне сөздер көп-ақ. Этнографизмдердің таңбалануын арнайы 
зерттеудің де ерекше мәні бар. Себебі көне атаулардың барлығы дерлік екі 
сөздің бірігуінен жасалған. Сондай-ақ сөз тудырушы жұрнақтар жалғануы 
(ар, ер: ізашар, атұстар, көйлектігер, т.б) арқылы аталым сипатқа ие 
болады. Осы тұста да бірге/бөлек жазылу принциптерін анықтауда 
қиындықтар туып жатады. 
1. Этнографизмдердің латын әліпбиінде таңбалануын талдамас бұрын,
орфографиялық сөздікке енбегендерін жинауға тура келеді. Бұларды жаңа 
орфографиялық сөздікке міндетті түрде енгізу қажет. Мысалы: 
АЙҚАЛЫП– жарты ай бейнесін түсіретін құйма қалып түрі. Мұндай 
қалыпты көбінесе сырға, шытыра дайындауға қолданған. 


56 
АЙНАҚАП / АЙНАҚАЛТА – опа, айна тәрізді сәнденуге қажетті 
бұйымдарды салып, шымылдыққа іліп қоятын бұйым. Айнақап төртбұрыш 
пішінді, тұмарша тәрізді қақпағы жабылатын етіп ақ киізден жасалады. 
АЙТИЕК– шертпелі саз аспаптарында қоңыр үн шығаруға мүмкіндік 
беретін тетік, аспап бөлшегі. 
АЙЫЛТОҒА – айыл, белдік, белбеу сияқты т.б. бұйымдардың бір 
ұшындағы тілшелі металл тоға, жырымның киілетін шығырық өткізілген 
екінші басы немесе айыл-тартпаның басына өткізіп жасалған ілмек бекіткіш. 
АЙЫРҚОМ – ат жауырынын қажамайтын етіп жасаған ер түрі. Жауыр 
болғанда айырқом салынады. 
АЙІЛГЕК – әйелдердің камзол, шапан тәрізді үй киімдері мен сырт 
киімдеріне тағатын мүйізден әшекейленіп жасалған, ай орағына ұқсас, көлемі 
баланың саусағындай сүйектен жасалған түйме түрі. 
АҚТАЙҒАҚ – қой, ешкі және сиыр түлігінде кездесетін індет атауы. 
АҚАНДОЗ – пештен, ошақтан күл алу үшін сабын ұзынша етіп 
қаңылтырдан жасаған құрал, қалақ. 
АҚЖIГІТ – қайыс өңдеуде қолданылатын құралдың атауы. Әсіресе, 
қайыстан өрме өретін шеберлер жиі қолданады. 
АҚҚОЛ: АҚҚОЛ АНА – дәстүрлі ортадағы жүкті әйелдерді 
босандыратын тәжірибелі әйел, жәрдем жасайтын «маман». 
АҚНОҒАЛА – адамның көзінің қарашығын айнала шығатын ақ түстік 
дақтардан болатын ауру атауы. Көзге шел қаптау. 
АҚСАҚТЕМІР – асыл болаттан соғылған ұштары үшкір, әрі қырлы қос 
сирағы бар шеберлік құралы. 
АҚТАҢЛАҚ – малда кездесетін тері ауруының атауы. 
АҚТОРЫҚ – патшалық Ресей кезінде Ертіс жағалауындағы әскерилер 
есебіне берілген жерлеріндегі қазақтар жалға алып пайдаланатын жайылым 
атауы. 
АҚЫИЕ – дәстүрлі қазақ қоғамында әдет-ғұрыптық құқықта 
қолданылған ұғым, билерге жүгінген зәбір шегушінің ең жақын жанашыр 
адамының атауы 
АЛАПА-ҮЛЕПЕ – орта ғасырлық түркі-моңғол елдерінде мемлекеттің 
тұрақты қызметіндегі әскердiң ат-көлiгiн ұстауға қажетті хан, мемлекет 
тарапынан бөлінетін қаражат 
АНЖЫ – аттың жауыр жарасын, түрлі соқталы жарақаттарды емдеуде 
қолданылатын тәсіл атауы. 
АНТСҮЙЕК – соғымға сойған мал етінің сақталған ең соңғы кәделі 
(ақтық) мүшесі. 
АПАНАҚ – аюдың бір жастағы баласының атауы. 
АРАЛА – дәстүрлі емшілікте қолданылған собық шөп. 
АРЫСБАСЫ – елбасы, елдің иесі, билік жүргізуші дегенді білдіретін 
ұғым, тоғанақтың иесі


57 
АТТҰМАР – магиялық, мистикалық сенімдерге негізделген, тіл-көзден 
сақтайтын ат мойнына тағылатын фетиштік зат, тұмар түрі. 
АТТАРАҚ – аттың түгін тарайтын тарақ, жылқыны баптап, күтуге 
арналған құрал. 
АТТҰЯҚ – үлкен, жылқы тұяғымен барабар алтын немесе күміс 
құйма.
АШҚҰРСАҚ– малдың артқы санының жамбас тұсындағы ойыстау 
келген тұсы. 
АШМЫҚ– ұннан, дәннен қуырған тұз салып, айран қосып ашытқан 
сусын. 
АЮБАСҚЫ / АЮБАСТЫРЫҚ/ – аю аулаудағы сирек кездесетін амал-
айлалардың бірі. 
ӘБІЛХАЯТ– мәңгі өмір дарытатын қасиетті су. 
ӘЙКЕЛТҰРМАН– әдетте мата, қымбат матаға күміс, зер шытыраларды 
қадап әшекейленіп безендірілген ат әбзелінің атауы 
ӘЙКЕЛҚҰДЫҚ– кенересі құламас үшін бетіне ортасы тесік үлкен 
дөңгелек тас қойылған құдық. 
ӘЛІМБОТҚА– егінші қазақтар арасында құдайы тамақ беру дәстүрімен 
байланысты дайындалатын, егіс басында құрбандыққа шалынған малдың 
етіне тазартылған бидайды қосып жасайтын тағам түрі. 
ӘРІ-СӘРІ  – екі немесе үш-төрт айлық қозы терісінің атауы. 
ӘТТІК - қармақтың тілі. Жем салынған қармақты балық қапқанда, 
Әттік бір жерге ілініп, жемтікті не әрі, не бері жібермей тұрады. 
ӘТІРҚҰТЫ– қош иісті әтірді сақтайтын ыдыс. Әтірқұтының көлемі 
боқшаға немесе қалтаға салып жүруге ыңғайлы етіп жасалады. 
БАЙМӨҢКЕ – ұшында қуыс өзегі бар, ағаш кәсіпшілігінде 
қолданылатын құрал. 
БАЙШӨГЕЛ– мағыналық қасиеті қою, белгілі ұғымдардың басын 
қосып тұратын, билер қолданатын көнеден жеткен түйінді сөздің атауы. Б.-і 
айтылмай, дау-дамай дұрыс шешілмеген 
БИЕҚЫСЫРАМАС – өсіп-өнудің ырымдау бойынша жұртқа берілетін 
кәде.
БИТТАРАҚ– шашқа түскен бит, сіркені тазартуға арналған құрал. 
БӨГЕРНАЙ – би, батырлар қол қойған іздеу қағаз, ерекше құжат.
БӨНТІР – талдан иіп, конус тәрізді етіп жасалған аудың бір түрі.
БӨРІАУЫЗ – темірді қысып тұратын аспап.
БӨРІҚҰЛАҚ– қасқырдың құлағына ұқсастырылып жасалған өрнек. 
БЕКБАТША – бура мен аруанадан туған будан. 
БЕЛҚАНЖЫҒА– жаяу аңшы құралы.
Айта кететін жайт, асүй, қонақүй, ауызүй, бозүй, жатынүй, қараүй (этн.), 
төрүй бірге жазылады. Себебі бұндағы үй бастапқы мағынасында емес, 
ғимарат, бөлме ұғымындағы күңгірт мағыналарында жұмсалып, негізгі 
басымдық үйге емес, бірінші сыңарға түсіп тұр. Бұндай жағдайда екі денотат 


58 
бірігіп, бір атау мәнінде жұмсалғанда сөздер бірігеді. Ал белдеу үй, киіз үй, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет