Монография алматы, 018ж Әмірбекова Айгүл Байдебекқызы



Pdf көрінісі
бет20/30
Дата17.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#83566
түріМонография
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
Пишется: Читается 


50 
Нан+ға Наң+ға 
Аман+келді Аман+гелді 
Құнан+баев Құнам+баев» 
Осылайша көзге айқын көрсету арқылы қазақша жазылым мен осы 
оқулықты қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгерту әдістемесінің тілдің 
теориялық 
негізін 
үйрететін 
әдістемеден 
бөлек 
болатынын 
айқындағандықтан, өз заманындағы сауатсыздықтың себептерін ескере 
отырып құрастырғанға ұқсайды. 
Демек, Н.Сауранбаев нақ осы оқулығын жазуда дәстүрлі оқулық 
құрылымына сүйенбей, оқушының тәжірибесінде жиі кездесетін қателіктер 
мен олқылықтардың алдын алу мақсатында практикалық қағидаға иек 
артқаны байқалады. 
Бастауыш мектеп оқушыларына арналған алғашқы сөздік 
Н.Сауранбаевтың, С.Жиенбаевтың құрастыруымен 1941 жылы 6000 
сөзді құрайтын бастауыш мектепке арналған орыс-қазақ сөздігі жарыққа 
шыққаны белгілі. Бұл еңбек бастауыш мектеп мұғалімдері үшін аса қажетті 
болғандықтан өз уақытында сұраныс талабына сай дер кезінде жарияланған 
болатын. Бұнымен қоса авторлар орыс және қазақ тілі меңгертуде жиі 
кездесетін тіл мәселелерін ескерген. Мәселен, сөздіктегі орыс сөздерінің 
барлығына дерлік екпін таңбалары (ударение) қойылған, соған қарай отырып, 
бастауыш сынып оқушысы ол сөздің дұрыс қалай оқылатынын және қалай 
жазылатынын анық аңғарады. Сөздікте ең бастысы күнделікті тіршілікте
отбасы қарым-қатынасында, қоғамдық ортада жиі қолданылатын сөздер мен 
орыс тілі арқылы кірген жаңа мәдени сөздер берілген. Сөздіктің авторлары 
сол кезең қолданысындағы барлық сөздерді беруді мақсат етпейді, сондықтан 
кейбір сөздердің аудармасы талымай қалуы мүмкін. Олардың көздегені 
бастауыш мектептерінің сөздік қорында қамтылуға тиіс деген сөздерді беру. 
Сол себепті сөздік ықшамдалып жасалған. Бұл жөнінде авторлар сөздіктің 
алғы сөзінде айтып өтеді.
Қазіргі заман көзқарасымен талдағанда сөздіктің құндылығын мынадай 
байқауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет