Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет44/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

 
Сурет     Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың құрлымдық-мазмұндық үлгісі
Нәтижесінде: Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту негізінде іріктелген қарапайым ғылыми 
білім, білік, іскерлік, дағдылар жүйесі жасалып, сол арқылы баланың танымдық қызығушылығын, ақыл-
ойын, жеке басының жан–жақты
 
дамуын қамтамасыз ету жүзеге асырылады. 
 
 


 
125 
2.3.  Қазақстан республикасының «Мектепке дейінгі тәрбие мен 
оқытудың» мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының 
сипаттамасы 
 
    Қазақстан  Республикасында  үздiксiз  бiлiм  беру  жүйесiнiң  мектепке  дейiнгi 
бiлiм  беру  сатысында  баланың  жас  шамасын  және  өзiндiк  ерекшелiктерiн 
ескере  отырып,  оның  жеке  адам  ретiнде  қалыптасуы  мен  дамуына  жағдай 
жасауға  бағыт  беретiн  мектепке  дейiнгi  тәрбие  мен  оқытудың  мiндеттi 
мемлекеттiк  стандартының  жобасы  1998  жылы  жасалды.  Дер  кезінде  берілген 
мектепке дейінгі білім әрбір бала үшін қандай маңызды болса, елдің өркендеуі 
үшін  де  сондай  құнды.  Мектепке  дейінгі  балаларды  дамыту  мәселесін  ұлттық 
дамудың стратегиясы тығыз байланыста және мемлекеттік саясаттың ажырамас 
бөлігі  болып  табылатынын  ескерсек,  қолданыстағы  мектепке  дейінгі  білім 
берудің мемлекеттік стандартын жаңарту қажеттігі туындайды. 
    Қазiргi  уақытта  бiлiм  мазмұнын  өзгермелi  әлеуметтiк  жағдайларға 
сәйкестендiруге  байланысты  бiлiм  беру  сапасын  көтеру  мақсатында  оны 
жетiлдiру  жұмысы  жүргiзiлуде.  Стандартты  қайта  өңдеп,  жетiлдiрудiң 
қажеттiлiгiнiң  басты  ғылыми  әлеуметтiк  негiздемесi  -  демократияландыру, 
iзгiлендiру  және  интеграциялау  негiзiнде  Қазақстандағы  үздiксiз  бiлiм  беру 
деңгейiн әлемдiк деңгейге неғұрлым жақындату болып табылады. 
    Бұл стандарт жобасы баланың мектепке дейiнгi тәрбиесi  мен бiлiм алуының 
жалпы  мазмұнын  айқындап,  меншіктiк  жағынан,  типтiк  жағынан  әр  түрлi 
мектепке  дейiнгi  ұйымдарда  берiлетiн  бiрыңғай  мiндеттi  бiлiм  деңгейiн, 
көлемiн,  балаға  қойылатын  талаптарды  бiр  жүйеге  келтiрiп,  олардың 
стандарттық  мiндттiлiгiн  заңдастыруда  оң  қадам  болып  табылды.  Ол 
республикада мектепке дейiнгi балалар ұйымдарының жұмыстарына, жаңашыл 
iзденiстерге  белсендi  қозғау  сала  алды,  оларға  әлеумттiк-педагогикалық 
негiздеме  бола  алды.  Дей  тұрғанмен,  онда  төмендегiдей  принциптi 
талаптардың шешiмi толық қамтамасыз етiлмедi: 
1.  Білiм  мазмұнының  шектеусiздiгi  оқу  жүктемесiнiң  ауырлауын  туындатты. 
Оның  бiрiншiден,  баланың  денсаулығына  керi  факторлардың  пайда  болу  көзi 
болса, екiншiден, баланың мектепке дайындығында олардың ынтасын кемiтуге 
әкелдi.  Өйткенi,  мектептегi  оқуға  дайындықтың  тұлғалық  негiздерiн 
қалыптастырудан бiлiм жиынтығына ұмтылу басым болды. 
2.  Мектепке  дейiнгi  бiлiм  мазмұнын  сұрыптауда  болашақ  оқу  пәндерi 
логикасына бой ұру байқалды. 
3.  Бiлiм  мазмұнында  балалардың  дене  және  әлеуметтік-тұлғалық  дамуын 
интеллектуалдық ақыл-ой дамуын ығыстырды. 
4.  Бiлiм  беру  үрдiсiнде  мектепалды  дайындык  топтарында  мектеп  сабағы 
типiн  қолданудан  сақтану  нақтыланбады  және  арнайы  ұйымдастырылатын 
сабақтарды нормалау жүйесі қатаң айқындалмады. 
Мұндай оқу үдерiсiндегi гигиеналық негiздердi қамтамасыз ете алмаушылық 
ғылыми-зеттеу жұмысының проблемасы деңгейiнде қайта қаралып, стандартты 
өңдеу,  жетiлдiру  өзектiлiгiн  тудырды.  Оны  шешудiң  жолдары  ретiнде  жаңа 


 
126 
ғылыми  зерттеулерде  бала  әрекетiнiң  сан  түрлерiн  икемдi  кiрiктiрiлген 
интеграциялық сабақтарға баса мән беру көзделдi. 
5. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекттiк стандартын жүзеге асыру 
тетiктерiн көрсету әлсiз болды. 
6.  Білім  мазмұнының  міндетті  және  мүмкіндікті  деңгейлерде  ұсынылмауы 
шашырандылық  пен  тиянақсыздық  тудырды.  Білім  берудің  педагогикалық-
психологиялық  шарттары  болып  табылатын  негізгі    компонент  толық  және 
өзара  үйлесімді  қамтылмады:  білім  бағдарламаларына  қойылатын  талаптар; 
педагог  пен  баланың  жеке  тұлғаға  бағытталған  өзара  қарым-қатынас 
әрекеттеріне қойылатын талаптар; баланың даму ортасына қойылатын талаптар. 
Сондай-ақ,  мектепке  дейiнгi  бiлiмнiң  бастауыш  мектеп  бiлiмiмен  сабақтастық 
шектерiнiң принциптерi көрiнiс таппады. 
7.  Аталған  стандартты  дайындауда  мектеп  жасына  дейiнгi  баланың  жас  және 
психо-физиологиялық  ерекшелiктерiн  жан-жақты  қарастыратын  ғылыми  ой-
тәжiрибеге негiзделудiң жетiмсiздiгi айқын байқалды.  
    Заманауи ғылыми педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасай 
 келе  білім  мазмұнының  теориясы  мен  педагогикалық  әдіснамасының  өзара 
байланысын  қарастыра  отырып  төмендегідей  екі  қағиданы  ұстанатындығы 
анықталды: 1. Пәндік принцип. 2. Білім мазмұнын реттеу принципі.  
Бірінші  принцип  бойынша  (И.Я.Лернер  т.б)  білім  мазмұнының  төрт 
компонентін 
ұсынады: 
іскерлік, 
дағды 
қалыптастыру 
тәжірибесі, 
шығармашылық,  ізденіс  тәжірибесі,  көңіл  күй  мотиві  және  тәрбие  беру 
тәжірибесі. 
Екінші принцип бойынша (В.С.Леднев) білім мазмұнының алты компонентін 
ұсынады: 
ақыл-ой, 
адамгершілік, 
коммуникативтік, 
эстетикалық, 
денетәрбиесі  және  еңбек  тәрбиесі.  Бұл  идеяның  тұжырымы:  жалпы  білім 
беру  мазмұнының  құрылымы  жеке  тұлғаға  бағытталғандығы  мен  ғылыми 
білім беру болып табылады. Ол ғылыми негізге сүйене отырып, білім беруді 
стандарттауды  қоғамдық  идеалды  (мұрат)  көрсететін  және  нақты  бір 
тұлғаның  білім  беру  жүйесінде  осы  идеалға  жету  мүмкіндіктерін  ескеретін, 
білімділіктің мемлекеттік мөлшері ретінде қолданылатын негізгі параметрлер 
жүйесі деп түсіндіреді. Қазіргі таңда білім мазмұнын іріктеудің ұстанымдары 
және  өлшемдері  мен  қатар  бұл  мазмұнды  анықтауда  мемлекеттік  білім 
стандарты сенімді бағдар болып табылады.  
90  жылдардың  басынада  Ы.Алтынсарин  атындағы  ғылыми  зерттеу 
институтында  өткізілген  семинарда  орта  мектептерде  білім  мазмұнын 
кіріктірудің  (интеграциялаудың)  теориясы  мен  әдістемесіне  жан-жақты 
талдау  жасалды.  Мұнда  отандық  ғалымдар:  Ж.А.Қараев,  К.Ж.Жүнісова, 
И.В.Баранова, А.Б.Маженова, А.А.Бейсембаева т.б.  
Бұл  зерттеулер,  оқу  пәндерін  кіріктірудің  дидактикалық  шарттары 
анықталды:  оқытудың  мақсаты  мен  міндеттері;  оқытудың  жалпы 
дидактикалық  приниптері  мен  әдіс-тәсілдері;  білім  мазмұнын  меңгертудің 
нысаны;  ұғымдар  мен  терминдерді  тиімді  пайдалану;  ғылыми  білім  беруде 
ақпараттарды  логикалық  үйлесімділікпен  қамтамасыз  ету  мәселесі 
қарастырылады. 


 
127 
    Туғаннан  мектепке  барғанға  дейiнгi  аралық  -  баланың  психикалық  және 
физиологиялық  дамуының  ең  қарқынды  жүретiн  әрi  адамның  бүкiл  өмiрiне 
қажеттi  қасиеттер  мен  сапалардың  қалыптасатын  кезеңi.  Бұл  мектеп  жасына 
дейiнгi  балалардың  даму,  қалыптасу  заңдылықтары  мен  ерекшелiктерiн  жан-
жақты 
зеттеген 
әйгілі 
психолог, 
физиолог, 
педагог 
ғалымдардың 
(Л.СВыготский,  А.В.Запорожец,  В.В.Давыдов,  Н.М.Поддьяков,  В.А.Сохин, 
Д.Н.Узнадзе,  Е.А.Флерина,  Н.А.Ветлугина  жене  тб.)  еңбектерiнде  ғылыми 
негiзде  дәйектелген.  Бұл  ғалымдар  мектепке  дейiнгi  жас  кезеңіндегi 
балалардың  өмiрдi  танып  бiлуге  құштарлығы  басым,  өзіндік  қарапайым 
әлеуеттік  мүмкiндiктерi  жеткiлiктi  екенiн  делелдейдi.  Осы  орайда, 
лабораторияда  мұндай  озық  идеялар  негiзiнде  мектеп  жасына  дейiнгi  балалар 
бiлуге  тиiстi  қарапайым  бiлiм  негiздерiн  меңгертiп,  олардың  ой-өрiсiн,  бiлiм-
дағды деңгейiн кеңейту, сана-сезiм, таным, қабылдау әрекетiн дамыту, бiлiмге 
қызығушылыққа  баулып,  баланың  өз  бетiмен  еңбектену  белсендiлiгiн 
қалыптастыру арқылы мектепке даярлауды қамтамасыз ететiн мектепке дейiнгi 
тербие  мен  оқытудың  мемлекеттiк  стандартының  жобасы  өңделіп,  қайта 
басылымнан  жарияланды.  Осыған  байланысты  алдымен  мектепке  дейiнгi 
тербие  мен  оқытудың  мемлекттiк  стандарты  ұғымының  ғылыми  сипаттамасы 
түзiлдi. 
    «Стандарт»  ұғымы  латын  сөзінен  аударғанда  (standard)  «үлгі»  (обаразец), 
«норма»  (өлшем)  деген  мағынан  береді.  Білім  стандарты  мемлекеттік  білім 
нормаларының  сапасын,  қоғамдық  иедеалдар  көрнісі  және  оған  жетудегі 
жеке тұлғаның мүмкіндіктерін  айқындайтын  негізгі  параметрлер  жүйесі  деп 
түсіндіріледі.  
    «Білім  беру  стандарты»,  «образовательный  стандарт»  ұғымы  халықаралық 
мәртебеге  ие  болған,  себебі  ол  әлемдік  білім  кеңістігінде  жиі  қолданылады. 
Кейбір  елдерде  ол  басқаша  аталуы  кездеседі.  Атап  айтқанда:  Ұлыбританияда 
«ұлттық оқу жоспары» деп аталады.  
    Бiлім  беру  стандарты-деп  ғылыми  тұрғыдан  алғанда,  мемлекеттiк  бiлiм 
нормасы  ретiнде  қабылданатын,  жеке  тұлғаның  мүмкiндiктерiн  қоғамдық 
мүддеге сай танытатын негiзгi параметрлер жүйесiн айтады. 
    “Стандарт  терминiн  бiлiм  жүйесiнде  тұңғыш  рет  америкалық  математик 
мұғалiмдердiң  ұттық  кеңесiнiң  ұсынуымен  80-жылдардың  ортасында 
қолданыла  бастаған.  80-жылдардың  соңында  АҚШ-та,  Ұлыбританияда, 
Нидерландияда алғашқы бiлiм стандараттары жасалды. 
    ТМД  елдерiнде  бiлiм  стандарттары  туралы  әңгiме  90-жылдардың  басында 
қозғалды.  Ресейде  бiлiм  стандаттарын  жасау  1992  жылдары  В.С.Ледневтiң 
ғылыми  жетекшiлiгiмен  қолға  алынды.  Бұл  стандарттардың  негiзiн  жасауда 
М.Н.Скаткин,  С.Г.Шаповаленко,  А.М.Арсеньев,  И.Я.Лернер,  В.В.Давыдов, 
В.В.Краевский,  В.Г.Онушкин  сияқты  белгiлi  ғалымдардың  ғылыми-теориялық 
тұжырымдары тiрек етiлдi. Жалпы алғанда, әлемдiк тежiрибеде бiлiм стандарты:  
- бiлiм берудiң мақсатын; 
   - оқытудың мазмұнын
   - түлектерге қойылатын негiзгi талаптарды (критерийлердi) қамтиды және        
   анықтайды. 


 
128 
   Стандарт  үлгі,  білім  мазмұнының  негізі.  Білім  мазмұны  стандартта 
жазылған  талаптарға  сай  жасалады.  Стандартта  бала  меңгеруге  тиісті  білім, 
іскерлік  дағдылардың  көлемі,  баланың  дайындығына  қойылатын  талаптар 
белгіленген.  Аталған  құжат  республикадағы  білім  саясатын  жүзеге  асыруды 
қамтамасыз  ететін  стратегиялық  маңызды  құжат.  Стандарттың  негізгі 
қызметі – басқару. Ол «Білім туралы» Заңға сәйкес жасалады. 
    Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  жалпы  міндетті  білім  беру 
стандарты.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту.  2001  оқу  жылынан  бастап 
тәжірибеге  енгізіле  бастады.  Аталған  стандартқа  сәйкес  мектепке  дейінгі 
тәрбие  мен  оқытуға  арналған  бағдарламалар,  оқу–әдістемелік  кешендері 
жарық  көрді.  Мемлекеттік  жалпы  міндетті  білім  беру  стандартында  білім 
мазмұнын анықтайтын пәндер базистік оқу жоспарында белгіленді. Базистік 
оқу жоспарларының салыстырмалы көрсеткіштерінен білім мазмұнын беруде 
сағат  сандарындағы  өзгерістер  мен  білім  мазмұнын  тақырыптық  принципте 
жинақтап ұсынылуы жағынан  өзгерістер  енгізілген.  Бұл  мәселені  зерттеудің 
эксперимент  жұмыстарының  нәтижесін  айқындауда  нақтырақ  аша  түсетін 
боламыз. 
    Оқу  жоспары  әрқайсысын  оқытуға  жіберілетін  уақыты  белгіленген  оқу 
пәндерінің жиынтығы, бір жағынан оқу жоспары білім мазмұнына сай, білім 
беру  ұйымдарына  бағдар  болатын,  білім  мазмұнындағы  артықшылықтарды 
бекітеді,  екіншіден,  олардың  жүзеге  асуына  ықпал  жасайды.  Қазіргі  жалпы 
білім  беретін  мектепке  дейінге  ұйымдардың  тәжірибесінде  қолданылып 
отырған базистік оқу жоспарының салыстырмалы нұсқасын ұсынамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет