Монография Астана, 2010. 250 бет


  Үздіксіз білім беру жүйесінде мектепке дейінгі білім мазмұнын



Pdf көрінісі
бет5/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112
1  Үздіксіз білім беру жүйесінде мектепке дейінгі білім мазмұнын 
жаңартудың теориялық-әдіснамалық негіздері 
1.1  Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми - 
педагогикалық негіздері 
 
    Бүгінгі  таңда  болашақ  ұрпаққа  білім  беруде  жас  өркеннің  болмыс  бітімі, 
талғам  таразысы,  талап  деңгейін  айқындай  отырып,  оларға  нені  оқыту  керек, 
қандай  білім  беру  керек  деген  мәселені  нақтылап  алу  қажет.  Ол  үшін  білім 
мазмұнын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау қажеттілігі туындап 
отыр.  Білім  мазмұны  тарихи  сипатқа  ие.  Олай  дейтін  себебіміз,  ол  қоғам 
дамуының  қай  кезеңінде  болмасын  білім  берудің  мақсаты  мен  міндеттерін 
айқындайды. Білім мазмұны әртүрлі әлеуметтік жүйеде бірдей болған емес. Ол 
өмір  талаптарының  ықпалымен,  өндірістің  және  ғылыми  білім  деңгейінің 
дамуына байланысты үнемі өзгеріп отырады.  
    Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  әр  жылдардағы 
халыққа  жолдауы-әр адамның жан-жақты дамуына мол мүмкіндік жасайтын 
мемелекеттік  құжаттың  бірі.  Бұл  жолдаудың  негізіне  түрлі  реформалармен 
қатар  білім  беру  жүйесін  халықаралық  деңгейге  көтеру,  әлемдік  білім 
кеңестігіне  толығымен  кірігу  және  қоғамымыздың  басты  байлығы-жас 
ұрпақты  дамыту  үшін  қажетті  жағдай  жасау  жолымен  оның  ой-өрісін 
кеңейтіп,  жан-дүниесін  байыту,  жалпы  және  кәсіптік  білім  алуы  үшін 
мүмкіндіктер жасау туралы мәселелер қойылып отыр.  
    2007  ж 15  тамызда  жарияланған  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы 
Заңының» Білім беру мазмұны - деп аталатын 4 тарауының 13 бабында: «Білім 
беру  мазмұны–жеке  адамның  біліктілігі  мен  жан-жақты  дамуын 
қалыптастыру  үшін  негіз  болып  табылатын  білім  берудің  әрбір  деңгейі 
бойынша білімдер жүйесі» (кешені)–деп атап көрсетілген.    
    Республика  көлемiнде  бiлiм  беру  саласындағы  түбiрлi  өзгерiстерге  сәйкес 
«Бiлiм  туралы»  заңды  жүзеге  асыруда  бiрқатар  шаралар  ұйымдастырылуда. 
Олар: мектепалды даярлық тұжырымдамасы, мектепалды сыныптарының және 
мектепке  дейiнгi  ұйымдардың  базистiк  оқу  жопары,  мiндеттi  мектепалды 
даярлығын  ұйымдастыру  жөнiндегi  нұсқаулар,  мектеп  жанында  6-7  жастағы 
балаларды  мектепалды  даярлаудың  бағдарламасының  әзiрленуi.  Аталған 
құжаттарды  мiндеттi  түрде  пайдалануды  жүктейтiн  бiлiм  және  ғылым 
министрлiгiнiң № 96, 97 бұйрықтары жарияланды.  
    Қазақстан  Республикасы  "Білім  туралы  заңының"  23-бабына  және  1999 
жылы 22 қарашадағы 1762 бұйрығына сәйкес "Балаларды міндетті мектепалды 
даярлау мәселелері" туралы қаулысы, оның ережесі және тұжырымдамасының 
ұсынылуы,  балаларды  мектепке даярлау  бүгінгі  таңдағы  ең  өзекті  мәселе 
екендігін  көрсетеді.  Отбасында  және  балабақшада,  мектеп  жанында 
баланы  мектепке  даярлау  бағдарламаларының  (1998,  1999,  2000),  оқу-
әдістемелік  құралдарының  жарық  көруі  тәрбиеші-педагог  мамандарды 
даярлау  мәселесінің  сан  қырына  жаңаша  қарауды  талап  етіп  отыр,  бұл 
мектепке дейінгі кезеңдегі білім мазмұнын жаңартуға елулі ықпал етеді.  


 

    Білім  мазмұнының  қалыптасуының  материалдық  теориясының  негізін 
Я.А.Коменский  салған.  Оның  «Ұлы  дидактика»  атты  еңбегінде  «бәрін  бәріне 
оқыту  өнері»  ретінде  және  оның  құрамында  «жан-жақты  моральдікке 
бағытталған ойлардың қалыптасуы» туралы оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін 
қарастырған. Я.А.Коменскийдің мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру 
туралы  «Ана мектебі»  деген арнаулы еңбегі мектепке дейінгі  тәрбие  жөнінен 
дүние  жүзінде  бірінші  бағдарламалық  құрал  болды.  Ол  балалардың 
денсаулығына  және  дене  дамуына  мұқият  қамқорлық  жасауға,  жаңа  туған 
сәбиді  күтіп,  баптауға,  баланың  тамағы,  киімі,  күн  режімі  туралы  халық 
тәжірибесі мен  өз  заманындағы медицинаға  сүйенетін ұсыныстар жасады.  Ол 
адамгершілік  нормаларды  игерту,  іс–әрекет  етуге  талаптанушылық,  еңбек 
сүйгіштік, шыншылдық, мұнтаздай таза жүрушілік, сыпайылық т.б қасиеттерді 
тәрбиелеу  жөніндегі  ұсыныстары  құндылығын  жойған  жоқ.  Сондай–ақ, 
мектепке дейінгі балалық шақты мектепте онан әрі жүйелі оқытудың даярлық 
кезеңі  ретінде  қарады  және  мектеп  жасына  дейінгі  бала  игеруге  тиісті 
қарапайым білімдердің неғұрлым кең шеңберін егжей–текжейлі белгілеп берді. 
Бұл бүгінгі таңда біздің зерттеуімізге сәйкес білім мазмұнын жаңарту бағытын 
айқындауға негіз болмақ. 
    Педагогикалық  теория  негіздерінің  қалыптасуында  Ежелгі  Грецияның  аса 
көрнекті  философтары  Платон  мен  Аристотель  көзқарастарының  ерекше 
маңызы  болды.  Платон  тәрбие  мен  оқытудың  мәні,  қоғамдық  құрылым  мен 
тәрбиенің  қатынасы  сияқты  аса  маңызды  педагогикалық  ұғымдардың 
анықтамасын  берген.  Ол  балаларды  ерте  бастан  тәрбиелеудің  мемлекеттік 
жүйесі  туралы  идеяны  ұсынды.  Платон  ойынды  тәрбие  берудің  маңызды 
құралы  деп  қарады,  балаларды  тәрбиелеумен  шұғылданатын  адамдарға 
қойылатын негізгі талаптарды айқындап берді.  
    Аристотель  жеке  адамның  дене,  ақыл–ой  және  адамгершілік  тәрбиесін 
қамтитын  үйлесімді  даму  идеясын  тұжырымдады.  Ол  тәрбиенің  табиғи 
дарындылығына  үлкен  мән  берді.  Ол  мектепке  дейінгі  кезеңді  жеке  адамның 
қалыптасуындағы  ерекше  және маңызды деп  бөліп  қарады.  Бұл кезеңде  оның 
пікірі  бойынша,  алуан  түрлі  ойындармен  қатар  ақыл  ойды  дамытатын 
әңгімелер пайдалануға тиіс, ал балаларды бес жасынан  бастап мақсатты түрде 
мектепке даярлау керек–деп тұжырым жасаған болатын.  
    Мектепке  дейінгі  тәрбие  теориясының  қалыптасуына  рим  педагогы  Марк 
Фабий Квиантилиан жазған «Шешенді тәрбиелеу туралы» арнаулы педагогтық 
трактат–педагогика тарихында тұңғыш маңызды роль атқарды. Ол балалардың 
бойында  ең  әуелгі–бастапқы  түсініктердің  қалыптасуына  қоршаған  ортаның 
әсер  ету  маңызын  атап  көрсетті,  ата–аналарға  және  педагогтарға  биік 
адамгершілік,  жақсы  да  дұрыс  тіл  білуді  талап  етті.  Мектепке  дейінгі  жаста 
балалармен  жүйелі  сабақ  жүргізу  мүмкіндігі  бар  деп  есептеді.  Алайда  соның 
өзінде  берілетін  білім  ауқымы  кең  болмауға  тиіс,  оны  беру  әдістемесі  «бала 
сүйіп үлгермеген оқуды жек көріп кетпеуі үшін» балалардың қуанышты көңіл 
күйін, ынтызарын туғызу керек–дейді.  
    Х!Х ғасырдың  екінші  жартысыында–ХХ ғасырдың басында  Европада неміс 
педагогы  Ф.  Фребельдің  мектепке  дейінгі  тәрбие  теориясы  кең  таралды.  Ол 


 
10 
«балалар  бақшасы»  деген  терминді  енгізді,  бұл  дүние  жүзінде  жаппай 
қабылданды.  Сондай–ақ,  тәрбиеші  әйелді  Фребель  «баулушы»  деп 
атағандығынан  оның  балаларға  деген  сүйіспеншілігі,  педагогтарды  баланың 
есеюіне  және  дамуына  көмектесуге  шақырғаны,  мақсатты  педагогикалық 
ықпалдың  маңызына  жоғары  баға  бергені  айқын  көрінеді.  Ол  балалардың 
жасына сәйкес бірқатар қарапайым білім  мазмұнымен таныстыру қажеттілігін 
атап  көрсеткен.  Оның  идеялары:  мектепке  дейінгі  тәрбиені  насихаттау  және 
балалар  бақшаларын  кең  тарату,  мектепке  дейінгі  мекемелердің  жұмысының 
теориясын  бірінші  болып  жасап,  мектепке  дейінгі  педагогикалық 
ғылымдардың дербес саласы болып бөлінуіне себепкер болды.  
    Дидактикалық 
формализм  теориясы  бойынша:  ХУ111  ғ.аяғында 
Э.Шмидтің  «Эмпирикалық  психология»  және  А.А.Немейердің  «Тәрбиелеу 
және  оқытудың  ұстанымдары»  атты  еңбектерінде  қарастырылған  формалді 
теория  білімнің  мазмұнын  қалыптастырудың  формальді  теориясы  ретінде 
тұтас  қалыптасты.  Бұл  теорияны  ерте  уақытта  Гераклит  пен  Цицерон 
басшылыққа  алса,  уақыт  өте  келе  бұл  бағытты  И.Кант  пен  И.Г.Песталоции 
дамытты.  Педагогика  ғылымында  В.В.Краевскийдің  еңбектерінде  білім 
мазмұны түрлі  тұжырымдамалары  бар деп  көрсетілген,  олардың тамырлары 
өткен  формальді  және  материалды  білім  теориясына  негізделген.  Бұлардың 
әрқайсысы адамның әлемдік білім кеңістігінде және қоғамдағы қызыметімен 
тығыз байланысты қарастырады.  
    Білім  мазмұнының  демократиялық  қоғамда  өз  бетімен  ойлайтын  адам 
қалыптастыруды өз міндеті санайтын негізгі үш тұжырымдамасын ұсынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет