Монография Астана, 2010. 250 бет


Түсіндірмелі-көрнекі әдіс



Pdf көрінісі
бет68/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

Репродуктивті әдістерТүсіндірмелі-көрнекі әдіс. Бұл әдісте, тәрбиеші немесе 
ата-ана  дайын  ақпараттарды  көрнекі  құралдар  арқылы  балаға  хабарлайды. 
Мұндай  әдіс–тәсілдерде  тәжірибелік  іскерлік  дағдыларды    қалыптастыруға 
толық  жағдай  жасалмайды.  Репродуктивті  әдістің  бұл  түрі  –балаларға 
келесідегідей  қадам  жасауға  жол  ашады.  Онда  ұсынылған  үлгі    арқылы 
балалардың  іскерлік,  білім,  білік  дағдыларын  қалыптастыруға  жаттығу 
жасалады.  Қазіргі  кезеңде  репродуктивті  яғни,  дәстүрлі  әдіске    көптеген 
ғалымдар және практик мамандар қарсылық білдіруде. Бұл  сындарды әділ деп 
бағалағанмен,  бірақта,  білім  беру  тәжірибесінде  продуктивті  әдісті  енгізу 
маңызды  болғанымен,  репродуктивті  әдісті  керек  емес  деп  қарастыруға 
болмайды. 
-  біріншіден,  өсіп  келе  жатқан  ұрпақ  үшін,  адамзат  талдап  қорытқан  және 
жүйеге  келтірілген  тәжірибелі  тәсілдер  ескерілуі  керек.  Білім  беру 
тәжірибесінде әрбір баланың жаңалық ашуы міндетті емес. 
-  екіншіден,  зерттеу  әдісі  репродуктивті  әдістің  негізінде  білім  алуға  тиімді 
ықпал  етеді.  Балалар  зерттейтін  проблемалардың  аясы  кеңейтілген, 
балалардың  зерттеу  кезеңдерінің  репродуктивті  әдістері  мен  оқу  тәсілдерін 
қолайлы қолдана отырып терең үңілеміз. 
-  үшіншіден,  зерттеу  әдістерін  қолдана  отырып  алынған  білім  тіпті 
«субъективті  жаңаны  ашу»  жағдайында  балалардан  шығармашылық 
қабілеттерді  талап  етеді.  Балаларда  шығармашылық  қабілеттер  жоғары 
деңгейде  бола  алмайды.  Қаншама  адамдардың  басына  алма  құласа  да,  тек 
жалғыз  Ньютон  ғана  қарапайым  тәжірибе  арқылы  физикалық  заңды 
тұжырымдады емес пе, ендеше балаға жас ерекшелігінен тыс жоғары талап 
қою қажет емес.  
Продуктивті  әдістер: Жекелей ізденеу (эвристикалық) әдісі  


 
175 
    Тәрбиелеу  мен  білім  беру  теориясында  жекелей  іздену  –  әдісі  немесе 
эвристикалық әдіс алғашқы кезең болып қарастырылғанымен, бірақ алдын-ала 
зерттеу  әдісі  қолданылды.  Немқұрайлы  көзқарас  тұрғысынан  бұл  әділ,  бірақ 
нақты  білім  тәжірибесінде  жүйеліліктің  тиісті  сақталуы  керек  деп  ойлауға 
болмайды:  алдымен  жекелей  іздену  –  әдісі,  одан  кейін  зерттеу  әдісі 
қолданылады.  Зерттеу  әдісінің  негізін  оқу  нұсқасына  қарағанда,  жекелей  
ізденеу–әдісін  оқыту  барысында  балаға  жоғары  ойлау  қабілеттерінің 
ауыртпалығы түседі. 
  Жекелей іздену - әдісінде қиын тапсырмаларды шешу ұйғарылады: 
- проблемаларды көріп және сұрақтар қоя білу; 
- өз дәлелдерін айта білу; 
- өзі ұсынған фактілерден қорытынды шығару; 
- жоспар құрып, тексеріп болжам айта білу; 
  Жекелей  іздену  –  іздеу  әдісінің  ерекшелігі–күрделі  тапсырмаларды  қарпайым 
тапсырмаларға  бөлшектеу,  эвристикалық  әңгімелесуді  қалыптастыру,  бұл 
эвристикалық  әңгімелер  бір-бірімен  байланысты  сұрақтардан  тұрады,  оның 
әрқайсысы жалпы проблемаларды шешудің қадамдары болып табылады және тек 
қана  білімді  шыңдап  қоймай,  ізденушілікті  талап  етеді.  Зерттеу  элементтерінің 
толық көлемі зерттеу әдісінде көрсетілді. Зерттеу әдісін іс - әрекет барысындағы 
бала  танымының  негізгі  жолдары  деп  қарастыруға  болады.  Әдістердің  анықтап 
алынуы нақты мүмкіншіліктерге тәуелді болады. Көбірек мүмкіншіліктер болса, 
анағұрлым зерттеу жұмысы қызықты болады.  
В. Балалардың ойын-зерттеу іс-әрекетін жүргізуде зерттеу әдістерін айқындап 
алғаннан  кейін  тәрбиешіге  қарапайым  зерттеу  жүргізу  үшін  балалардың  жас 
ерекшелігіне,  білім  мазмұнына  сәйкес  материалдарды  жинақтай  білу 
ұсынылады.  Кішкентай  зерттеушілермен  бірлесе  отырып,  жұмыстың  жүйесін 
анықтап  алып,  материалдарды  жинауды  бастаймыз.  Ол  үшін  зерттеудің 
жоспарын  құрып  алу  керек.  (кілем  үстінде  жайылып  қойылған  таратпа 
материалдар,  яғни  карточкалар).  Жиналған  мәліметтерді  есте  сақтау  үшін 
оларды бірден белгілеп алу қажет. Балалар жазу білмейді ғой, бірақ бұны жасау 
күрделі  емес.  (Бір  тор  көз  дәптердің  бетіне).  Алдын-ала  әр  балаға  тор  көз 
дәптердің  бір  беті  мен  қалам  беріледі,  балалар  сол  қағазға  белгілер  салады. 
Белгілер  әртүрлі  бола  береді  -  әріптер,  қиын  емес  суреттер  және  т.б. 
Балалардың  «жазу»  дағдылары  қалыптаспағандықтан  алғашқыда  қиындықтар 
кездеседі.  Балалардың  зерттеу  жұмыстарына  қатысқан  сайын,  бекітілетін 
символды  бейнелеу  шеберлігі  артады.  Бұл  жастағы  балаларда  әлем  туралы 
бейнелі хабарлар белсенді қабылданады және  зерттеуді ұғыну  объектісі пайда 
болады. Балғын зерттеуші зерттелетін мәселенің маңызды сипатын бірте-бірте 
түсінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет