180
жайында жаңа мәліметтермен қаруланады. Кірпінің суретің салуда қандай
құралдар арқылы бейнелеуге болатынын, мүсін жасауда немесе табиғи
материалдарман бейнелеудің жолдарын ойластырады. Тәрбиеші осылай
орындаңдар деген нұсқау бермейді, керісінше балалардың өздігінен дербес,
шығармашылықпен әрекет етуіне жағдай жасайды.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін-бұл қиын жаңа іс. Тәрбиеші ақпарат
жинау үшін әртүрлі әдістің түрлері бар екенін айтуы керек. Біз ол үшін,
балаларға түсінікті және қолайлы жеңіл әдістерді қолданамыз. Осы кезең өте
маңызды, сондықтан тәрбиеші балалардың өздері тауып айтуына байқау жасап,
көңіл бөлуі керек. Мұны әдеттегідей проблемалық сұрақтардан бастаймыз.
Мысалы: «Ең біріншіден біз не істеуіміз керек?»
«Қалай ойлайсыңдар ғалымдар зерттеулерін неден бастайды?» Бұл сұрақтар
сайланып алынған екі балаға ғана емес, барлық балаларға да арналған. Балалар
әртүрлі нұсқаларды ұсына бастайды. Балаларға ең алдымен ойлану керектігін
айту керек. Балалардың ұсынған пікірлері жоқ болса, онда балаларға естеріне
түсіріп сыбырлап айту немесе жасырып айту қажет. Барлығымыз осымен
келіскен кезде, зерттеушілердің алдына кілемге «Дербес ойлану» белгісін
қойып, оны түсіндіреміз. Осылайша төменде ұсынылған әдістермен балаларды
таныстырып, өздері зерттеуге ден қойған тақырыптары бойынша жұмыс
жүргізуге бағыт беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: