Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет40/162
Дата10.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#136035
түріМонография
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   162
«əлемнің фразеологиялық 
суреті» 
немесе 
«фразеологиядағы əлем суреті» 
дейтін терминдік тір-
кесті қолданады.
Сонымен фразеологиялық концептілер өз кезегінде əлем бейнесін ере-
кше сипатты, суретті етіп танытуда əрі иерархиялық, əрі дефинициялық 
қызмет атқарады. Мысалы, «байлық» концептісінің фразеологиялық 
суреті:
 мал біту, көйлегі көк, тамағы тоқ, ішкені алдында, ішпегені 
артында
деген тіркестерден басталып, əрі қарай «байлыққа» қатысты 
молшылық: 
ит басына іркіт төгілу

шаш етектен олжаға бату
; атағы 
шығу: 
ауылды аузына қарату;
т.б. дефинициялық концепт өрістер 
бойынша тарамдала береді. 


58
2.3 Когнитивтік фразеологияның құрылымдары
Когнитивтік фразеологияның құрылымдарын талдау үшін концепт 
жасайтын біз нақты бір лексеманы үлгі ретінде таңдап алдық. Мысалы, 
«əйел» лексемасы.
→ Біз əрі қарай қазақ тіліндегі «əйел» концептісін талдау арқылы 
когнитивтік фразеологияның құрылымдарын (фрейм, сценарий т.б.) 
жан-жақты түсіндіруге тырысамыз.
«Əйел» – мəңгілік тақырыптардың бірі. Қазақ халқының ұлттық 
дүниетанымына сəйкес қазақ мəдениетіндегі əйелдің шынайы орнын 
тіл арқылы таныту, когнитивтік тұрғыдан жан-жақты зерделеу тіл мен 
ұлт мəдениеті үшін қашан да маңызды. Қазақ мəдениеті үшін бүгінгі 
таңда айтар болсақ, ана тілін меңгеруге қатысты (
родная речь
деген тек 
қазақ жəне қырғыз тілдерінде ғана 
ана тілі
делінеді) берілетін тəрбие, 
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» (М.Əуезов), «Анасын көріп, қызын 
ал» дейтін тағылымдар ұлт болашағы үшін бəрі де тек Əйел-Анаға байла-
нысты. Сондықтан ұлттың болмыс-бітімін, оның дүниеге көзқарасы мен 
рухани-мəдени құндылықтарына сəйкес əйелдің өзіндік табиғаты мен 
қоғамдағы, отбасындағы əлеуметтік қызметін сабақтастыра қарастыру 
жəне ұлттық таным қорында тіл арқылы жинақталған 
əйел концептісі
арқылы дəлелелдеудің мəні зор. Бұл ретте когнитивтік фразеологияның 
пəніне орай «əйел» концептісіне қатысты тек фразеологизмдер ғана тал-
данады. 
Дүниенің фразеологиялық бейнесі ұлттың ғасырдан-ғасырға жинаған 
тəжірибелері мен өмірге көзқарасынан, ақыл-ойынан тұрады. Бұған əр 
тілдің фразеологиялық тіркестерінің идиоэтностығы айқын дəлел. Се-
бебі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет