Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет36/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   193
менмендігі, билікке таласушылығы, мəмілеге келе алмай, бір-бірі-
не, қыр көрсетіп күш сынасуының аяғы нағыз орта ғасырлық 
феодалдық жанжалға айналып кетеді. (Хан Кене. 249 б.). 
Бұл тіркестің де фразеологиялық ауыспалы мағынаға ие болуына се-
беп – о бастағы еркін сөз тіркесі.
Қыр көрсету  тұрақты  тіркесіне  негіз  болған  қыр  сөзінің  тілдік 
қолданысы өте кең. М.Қашқари сөздігінде «қырдың» төрт мағынасы 
кездеседі.
• қыр 1 – қыр. қыр jағы; – қыр жауы – кекті жау.
• қыр 2 – боз: қыр түсті, қыр ағ; – боз ат
• қыр 3 – бөген, тоған
• қыр 4 – төбе, дөң; тау қыраты 
 
 
        (1 том, 383).
Қазір де қазақ тілінде қыр сөзінің зат есімдік төрт мағынасы бар: 
1. Созылып жатқан биік жер, жал.
2. Ауылдан сырт жер.
3. Бір нəрсенің сырт жағы.
4. Киімге үтік басқанда пайда болатын қатпар.
Сонымен қатар, мынадай ауыспалы мағынада қолданылады: 
•  Адамның  жеке  басының  жай  көзге  байқала  бермейтін  жасырын 
сыры, қалтарысы.


42
• Біреуге көрсетілген жағымсыз қылық, мінез, сес.
• Бір нəрсеге деген икем, еп.
«Қыр көрсету» тұрақты тіркесінің қалыптасуына осының ішінде-
гі біреуге көрсетілген жағымсыз қылық, мінез, сес түріндегі ауыспалы 
мағынасы негіз болған. Сонымен қатар, осы қыр зат есіміне қатысты 
мынадай фразеологиялық тіркестер де бар:
• Алты қырдың астынан Алыс жерден, қашықтан
• Көз қырын салу – 1. назар аудару, қарау. 2. бас –көз болу, 
көмектесу.
• Қыр астында – Алыс емес, жақын
• Қыр баласы – қырда, кең жерде өскен бала
• Қыр мұрын – қырланып келген мұрын
• Қыр соңынан қалмау – соңына түсу, қудалау
• Қыры кетті – ісі оңға баспады, қырсыққа шалынды.
• Қырына алды – біреудің соңына түсті, ерегісті.
• Қыры сынды – тауы шағылды, беті қайтты.
• Қыры тайды – күйі кетті, нашарлайды 
[ҚТТС. 6-т.: 610 б.]
Тəжік тілінде қыр сөзінің 3 түрлі мағынасы кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет