Монография «Елтаным баспасы»


малары когнитивтік семантика, дискурсология, психолингвисти-



Pdf көрінісі
бет44/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   193
малары когнитивтік семантика, дискурсология, психолингвисти-
ка, этнолингвистика, лингвомəдениеттану т.б. құзырлы ғылымдар 
тоғысында айқындалады. Өйткені фразеологиялық тұлғаның семанти-
касы танымға байланысты десек, онда онымен (таныммен) жалғаса сөз 
етілуге тиісті мəселелер: фразеологизм прагматикасының дискурстық си-
паты, санада жəне сөйлеуде тұрақталған тіркестің психолингвистикалық 
ерекшелігі, тұрақты тіркестің этнос тіршілігі мен оның мəдени өміріне 
қатысы талданады. 
Когнитивтік  фразеологияның  пəні  –  когнитивтік-дискурстық 
кеңістікте  фразеологиялық  тіркестердің  таным  мен  мəденитет 
ықпалымен өзара əрекеттестігі.
Когнитивтік  фразеологияның  мақсаты  –  когнитивтік-қаты-


49
сымдық жағдаяттарды  сипаттайтын фразеологизмдердегі кон-
цептөрістерді анықтау арқылы ментальдық модельдерді көрсету. 
Фразеологиялық тіркесті айтылым дискурс проблемасымен тіке-
лей байланысты. Тек дискурс қана коммуниканттың тілдік танымының 
мəтіндермен ассоциативті мағыналық байланысын жан-жақты көрсете 
алады. 
Адам өз тілдік болмысындағы концептіні бір тіркестің вариант, си-
ноним қолданысы жəне түсінігі арқылы сыртқа шығара алады. Мыса-
лы, уақытқа қатысты жылдамдық концептісін – қабақ қаққанша, қабақ 
қақпай, кірпік қаққанша, көзді ашып жұмғанша, қас қағымда, қас пен 
көздің арасында тіркестерімен сипаттайды. 
Фразеологиялық тіркестер когнитивтік-дискурсивтік талдау əдісі, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет