Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет43/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   193
көк шыбын үймелету – жазалау мəнінде айтылатын тіркестер. Ал бұл 
тіркестер о баста тура мағынада қолданылған, кейін ауыспалы мағынаға 
ауысқан. 


47
2 ТАРАУ 
Когнитивтік фразеология
2.1 Когнитивтік фразеологияның пəні, 
мақсаты мен əдіс-тəсілдері
Тіл білімінде фразеология мен когнитивистика фразеологизмдердің 
мағынасына  қатысты  бір-бірімен  байланысты  сөз  етілетін  бағыттар. 
Тұрақты  тіркестердің мағыналық ерекшеліктері  коммуниканттардың 
тілдік санасында түрлі мағыналық реңктермен сақталуын жəне праг-
матикалық-дискурстық үйлесімін зерттеу фразеологияның теориялық 
əдіснамалық негізінің тереңдеуін қажет етеді. Бұл өз кезегінде тіл білімін-
дегі когнитивтік зерттеулерге иек артады. Когнитивік лингвистканың 
гуманитарлық ғылымдар тоғысындағы ізденіс жетістіктерін тілшілер 
бірден құптаған. 
А. Киклевич: «Заслуга когнитивной лингвистики заключается в том, 
что она – восстав против сформировавшей в ХХ в. традиции имманент-
ного структурного языкознания – выдвинула на первый план «человечес-
кий фактор», в частности ортажаемые в естественных языках структуры 
и способы познания» деп атап көрсетеді. [2007, с. 70].
Когнитивтік лингвистиканың базалық ұғымдары «концепт», «фрейм», 
«гештальт», «схема», «сценарий» т.б. о баста антропологиялық білім 
парадигмаларының түрлі когнитивтік ғылым салаларынан алынған. 
Қазақ  тіл  білімінде  когнитивтік  лингвистикаға  қатысты  зерттеу-
лер  қазақ  ғалымдарының  түрлі  ғылыми  еңбектерінен  көрінеді.  Атап 
айтқанда,  тілдік  таңбаның  мағыналық,  мазмұндық  мəні  арқылы 
дүниені тану жағын қарастыру (Э.Д.Сүлейменова), адамзаттың этно-
ментальді дүниесінің тіл арқылы берілуі (Н.Ж.Жарқынбекова), эмоция, 
гештальт-құрылым түріндегі концептілердің көрінісі (Қ.Жаманбаева), 
сөз əрекетіндегі когнитивтік модельдердің типологиясы, (Г.Г.Гиздатов), 
прозадағы  контраст  концептілердің  тілдік  көрінісі  (С.Сүгірбекова), 
концептілердің ұлттық-мəдени компоненттері (Ш.Елемесова), байырғы 
ұлттық танымның көркем прозадағы тілдік бейнеленуі (Н.Аитова), кейіп-
кер тілінің когнитивтік мəні мен тілдік тұлға мəселесі (Ж.Сəткенова), 
концептілік құрылымдардың поэтикалық мəтіндегі вербалдану ерек-


48
шелігі (А.Əмірбекова), жеке лексемалар арқылы концепт мазмұнының 
берілуі  (М.Күштаева,  А.Смаилов  т.б.)  жəне  т.б.  ізденістер  қазақ  тіл 
білімінде когнитивтік лингвистиканың пəн ретінде қалыптасқандығының 
айғағы. Сондай-ақ, қазақ лингвистерінің когнитивтік аспектідегі зерттеу 
жұмыстарының нəтижесі қазақ тіліндегі «байлық-кедейлік, «өмір-өлім», 
«жүрек»,  «жан»,  «өзім-өзге»,  «үй»,  «парыз»,  «əйел»,  «тары»  т.б. 
концептілердің  тілдік  бейнелері  сараланды.  Когнитологияның  қазақ 
тіл  біліміндегі  қарқынды  дамуы  «элитарлық  лингвистикалық  пəн» 
(Мокиенко)  ретінде  фразеологияға  да  жемісті  нəтижелер  алып  кел-
ді. Фразеологизмдердің қойнауларында жатқан экстралингвисткалық 
ақпараттарға  деген  қызығушылық  бұрынғыдан  да  жан-жақты  əрі 
тереңдей түсті. 
Когнитивтік  фразеология  фразеологизмдердің  семантикасын  тіл-
дік жəне тілдік емес ақпараттар арқылы дүниені қабылдау, сондай  -ақ, 
тіл иесінің менталдық болмысының ерекшеліктерін терең, жан-жақты 
қарастыруға мүмкіндік береді.
Фразеологиялық мағынының жасалуы мен қалыптасуын зерттеуде 
когнитивтік  лингвистиканың  мүмкіндіктері  мол.  Тіл  мен  танымның 
сабақтастығы нəтижесінде концептөрістегі білім құрылымы мен фор-
масы жəне оның репрезентациялануы фразеологиялық зерттеудің жаңа 
парадигмаларына негіз болады.
Лингвистикада  ерекше  ғылыми  бағыт  ретінде  когнитивтік 
фразеологияның қалыптасуы оның нысаны мен зерттеу пəніне байла-
нысты. Когнитивтік фразеологияның зерттеу нысанының пробле-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет