Сұлу қыз тіркесіндегі сұлу сөзінің тіркесімділігі кең. Бірақ сұлу тере- зе, сұлу құмырысқа деп айтпайды. Ал осы тіркестерге ұқсас: еркек кіндік- ті, басы ашық, жүз шайысу, қыпша бел, жел аяқ, аузын алу жоғарыда
талдаған сөз тіркестерінен мүлдем басқа. Бұлар құрамындағы сөздер
арқылы бір мағына жасайды. Мағыналары: Еркек кіндікті – ер адам, басы ашық /нəрсе/ – даусыз, айқын, жүз шайысу – ренжісу, қыпша бел – жіңішке бел, жел аяқ – жүйрік, аузын алу – пара беру; Көрсетілген мы-
салдар сөз тіркестеріне емес, фразеологизмдерге – тұрақты тіркестерге
жатады. Бұлардың құрамын өзгертіп айтуға болмайды, əрі барлық сөздер
бірігіп фразеологиялық мағына тудырады. Сондай-ақ, тек екі сөзден ғана
емес, компоненттер құрамы əртүрлі болып келетін де тіркестер бар.
Мысалы, емін-еркін билеп төстейтін адамның əрекетін – айран-