иісі мұрынды жару (өткір иістің əсері) қолма-қол(тез арада бір істің бітуі), қол алып, төс соғыстыру(1.уəделесу; 2. татуласу), құлағының етін жеу(белгілі жайтты қайталап айта беру, мазасын алу), іші удай ашу(бір нəрсеге қатты өкіну),
жалаң аяқ жар кешу, қызыл аяқ қар кешу (қатты қиналу, қиындық көру). ü Дыбыстық бейнелер: ботадай боздау (қоймай жылау) қыран-топан күлу (у-шу, қатты күлу) ақ түтек боран (қарды ұшырып, қатты соққан боран) шыбынның ұшқаны естіліп тұру (тыныштық сəті) дауыс көтеру ü Көру бейнелері:
екі бетінен қаны тамған (денсаулығының жақсы екендігі екі бетінен көрініп тұрады) ине шаншар жер жоқ (адам өте көп, немесе тар жер) аузы-мұрнынан шығу (көп, молшылық) Əлем, дүние суреттерін модельдеуде бұл бейнелер əр түрлі концеп-
тілік құрылымдарға салынады. Дүние бейнелерінің ұғымдарын көркем
таныммен фразеологиялық тіркестер арқылы сипаттау өте суретті,
прагматикалық жоғары деңгейді байқатады.