Монография «Елтаным баспасы»


 ТАРАУ Қазақ фразеологиясының дискурстық сипаты



Pdf көрінісі
бет74/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   193
ТАРАУ
Қазақ фразеологиясының дискурстық сипаты
3.1 Фразеологиялық неология
ХХ  ғасырдың  жетпісінші  жылдарында  еуропа  тіл  білімінде 
«неология» деген жаңа сала пайда болды. Бұл терминнің аясында неоло-
гизмдермен қатар, неофразеологизмдер де қарастырылады.
Неологизм сөздерден неофразеологизмдердің айырмашылығы оның 
стильдік коннотациясы мен қолданыс өрісіне байланысты. Неологизмдер 
көбінесе стильаралық болып келсе, неофразеологизмдер ауызекі сөйлеу 
стиліне тəн. 
Қазіргі  фразеологияда  болып  жатқан  өзгерістердің  ең  бастысы  – 
неологизация, яғни жаңа фразеологиялық тұлғалардың пайда болуы. 
Жаңа тұлға алғашқыда бір адамның сөйлеуінен, одан кейін басқалар-
дың қайталауынан пайда болады. Алайда тіркес бірден тұрақталмай, 
сөйлеу тілінде қолданылып, окказионал немесе авторлық болып қалады. 
Тек қана жиі-жиі қайталана бере, тіл байлығының жетістігі ретінде жаңа 
фразеологиялық  тұлға  узуал  тіркеске  айналады.  Демек  окказионал 
фразеологизм мен неологизм арасын ажырататын анық меже жоқ. Бір 
жағынан  авторлық  бейнелі  тіркес  пен  фразеологиялық  тұлға  қолда-
ныстарын бірден байқау қиынға түседі. 
Олардың окказионал немесе авторлық екендігін анықтау тек неоло-
гизмдер сөздігі арқылы критерий ұстануға болады. (Өкініштісі неоло-
гизмдер сөздігі қазақ тілінде əлі жасалмай келеді).
Фразеологиялық неологизмдерді окказионал бірліктерден ажырату 
үшін:
ü  түрлі  жазба  деректерде  неологизм  ең  азы  үш  рет  қолданылуы 
тиіс.
ü  тілді  тұтынушылардан  фразеологиялық  неологизмді  білетінін 
айғақтау.
ü түсіндірме сөздікте фразеологиялық тіркестің тіркелмеуі сияқты 
шартты критерий керек.


92
Фразеологиялық неологизация лекискаға қарағанда туынды-жана-
ма екінші аталым жасайды. Жаңа фразеологизмдер лексикалық неоло-
гизмдер сияқты терминологиялық жүйеде жаңа сөз тіркестермен жаңа 
ұғымдарды атамайды, бұрынғы ұғымдарды жаңғырытып, басқа сипат 
береді.
Тағы бір ерекшелігі жаңа фразеологиялық тұлғалар тілді тұтыну-
шыларға түсінікті болып келеді, əрі тез таралып кетеді. Сондай-ақ олардың 
тез таралуына күнделікті баспасөз де ықпал етеді. Тілдегі жаңа үрдістерді 
газет-журналдар тез байқатады, соның ішінде фразеологизмдер де бой 
көрсетіп отырады. Бұқаралық ақпарат құралдары тілдегі жаңа үрдістер 
үшін тура сынақ алаңы сияқты. Жаңа пайда болған тіркес өміршеңдігі осы 
басылымдарға байланысты. Егер жазушы шығармасындағы тұрақталуға 
бейімі бар, əлде бір бейнелі тіркес оқушысына айлап емес, жылдап жетіп 
жатса,  күнделікті  БАҚ  мүмкіндігінің  таралуы  шексіз  болғандықтан, 
мəселен, газет тілі тым «демократиялық» жағдайда сөйлеу тілінің эле-
менттерін (оқушы хаттары, интервью) оқушысына молынан ұсынады. 
Терминологиялық тіркестерді ауыспалы мағынада қолданған сайын, 
терминдік мағынасы жойыла береді. Осыған орай бұл құбылысты орыс 
фразеологтары жаңа пайда болған тұрақты тіркес қатарына көбінесе 
терминологиялық сөз тіркестерін қосады. 
Мысалы,  «получать  прописку»  –  терминдік  жүйеде  азаматтарды 
тұрған жеріне қарай тіркеуге алу. Ал фразеологиялық мағынада «сол 
жерде тіршілік етуге рұхсат алу, бекітілу, тұрақталу» деген мағынада. 
Қазақ тілінде де бұл тіркес «прописка жасау» ауызекі тілде ұжымға жаңа 
орналасқан адамға «қызмет орнын атап өту» («жуу») сияқты мағынада 
жұмсалып жүр. Детерминологиялық мұндай құбылыстар, əсіресе, спорт 
терминдерінде жиі кездеседі.
Əлеуметтік-мəдени кеңістікте болып жатқан өзгерістер, құндылықтарға 
басқа  көзқарастың  қалыптасуы  тілдің  лингвокреативтік  қызметін 
көрсетеді. Бұрыннан қалыптасқан лингвомəдениремаларды жаңғыртады 
немесе өзгертеді. Мысалы, «тұсау кесу» – этнофразеологизм. Жас ба-
ланы тəй-тəй басқан кезінде «тез жүріп кетсін, сүрінбесін» деп тұсауын 
кеседі. Ал қазіргі заманда əлде бір мекеменің ашылу салтанаты, жаңа 
кітап  шыққанын  көпшілікке  жария  ету  т.б.  күнделікті  толып  жатқан 
жаңа жоспарлар төңірегінде болып жатқан өзгерістерді қауымға жеткі-
зу, құлағдар ету мақсатында көпшілік алданда керілген лентаны қиып, 


93
«тұсау кесерге» ұқсас рəсім өткізеді. Ситуация «тұсау кесер» салтанатына 
ұқсас болғандықтан этнофразеологизмге тəн тіркеске қосымша мағына 
жүктелді. Бұл қайта жаңғырту үрдісі, тіркес мағынасы жаңа бейне, сипат 
береді. Ал тілдік санадағы ақпараттық мəні бар лингвомəдениремалар 
мазмұны жаңа дəуірдегі өзгерістер барысында қайта жасалады.
• Басында тұсауыңды кеспеген екен ғой сенің, – деді Нұржан. 
/С.Ад./. 
• Биттің қабығындай кітапты өз қаржысына шығарып, демде де-
меуші тауып, əлгі кітаптың тұсау кесерін жасау, машина мініп, 
тірі классик атанатындар аяғын тартар ма еді? /Ж.Боранбай/.
•  Кеше бизнес орталығы болып табылатын  осы ғимараттың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет