Монография «Елтаным баспасы»


«Қоянның суретін салып кету» «лақтырып кету»



Pdf көрінісі
бет76/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   193
Байланысты:
Verstka

«Қоянның суретін салып кету» «лақтырып кету» – алдап кету; «При-
кол ұстау» – мазақ ету; «Духы жетпеу» – батылы жетпеу.
Келтірілген мысалдар қазіргі жастар тіліндегі фразеологизмдердің 
қолданыстағы түрлерін көрсетеді. Бұл қазақ тіл мəдениеті мен сөйлеу 
əдебіне нұқсан келтіретін «жастар тілінің» «созылмалы ауруы» деген 
сөз. 
Қалай болғанда да, фразеологизмдердің құрылым құрылысы мен 
семантикалық жақтарындағы өзгеріс қалыптасқан нормадан ауытқымауы 
тиіс. 
3.2 Фразеологиялық деривация
Неофразеологизмдермен байланысты сөз етілетін фразеологиялық 
деривация мəселесі.
Фразеологиялық құрамды кеңейту  əрі байыту процесі ғылыми 
əдебиеттерде «фразажасау» термині арқылы беріледі [Виноградов, 1972, 
23-30]. Бұл термин жаңа фразеологиялық тіркес жасаудың бүкіл процесі 
мен оған қолданылатын тəсілдерінің жиынтығын көрсетеді.
Фразеологиялық қордың өсуі бүгінгі таңда жаңа түсініктердің жыл-
дам өсуіне байланысты, яғни ғылымның, экономиканың, мəдениеттің 
жетілуі тек жаңа сөздердің ғана емес, жаңа тұрақты тіркестердің пайда 
болуына да əкеледі. Жаңа тіркестердің пайда болуына тілде бұрыннан 
бар фразеологиялық тікестердің өзі де жаңа фразеологизмдердің жа-
салуына деривациялық база болады. Сөйтіп фразеологиялық қорды 


95
көбейту процесі тілде бұрыннан қалыптасқан фразеологизмдердің ая-
сында жасалуы да мүмкін. Тілді тұтынушылардың барлығына таныс 
фразеологизм арқылы фраза туындатуға болады. 
Жаңа  форма  туындатудың  бұл  түрі  ғылыми  əдебиеттерде  фра-
зеологиялық деривация деп аталады [Кунин, 1980, 51-55]. Фразеологиялық 
деривацияны фразеологизмдер негізінде окказионал тіркес жасау ретінде 
қарастыруға болады. «Фразеологиялық деривация» термині лингвистика 
саласында кеңінен танылған жəне жаңа пайда болған фразеологиялық 
тіркес немесе сөздің жаңа мағынасының жасалу процесін белгілеу ба-
рысында қолданылады. 
Фразеологиялық тіркестердің өзгеруіне, жаңаруына жаңа бақылаулар, 
бейнелер, жаңа ассоциациялар себеп болады. Фразеологизмдер:
• лексикалық 
• семантикалық 
• лексика-семантикалық 
өзгерістерге  түседі.  Мұндай  тұрақты  тіркестер  окказионал  фра-
зеологизмдердің  жасалу  үлгісін  көрсетеді.  Айтушының  лингвокре-
ативтік  ойлау  əсерінен  тілдің  əлеуеттік  мүмкіндіктерін  пайдалану 
мақсатында қалыптасқан, қолданыс өрісінде əбден тұрақталған фразео-
логизмдер семантикалық, прагмастилистикалық өзгерістерге ұшырайды. 
Фразеологизмдердің  «стандарт»  үлгілері  сөйлеушінің  бұрынғы  қа-
рапайым прагматикалық интенциясы шеңберінен шығып, лексикалық, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет